DataLife Engine / Биология | Сарымсақтың пайдасы

Биология | Сарымсақтың пайдасы

Мақсаты: Пияз тұқымдасына жататын түйнек – пиязшықты, тамыр сабақты, көпжылдық өсімдік сарымсақтың алуан турлері мен пайдасы туралы түсінік беріп, насихаттау.
Жоба жұмысының жоспары
І. Кіріспе
А) Пияз тұқымдасы туралы түсінік беру
II. Негізгі бөлім.
А) Сарымсақтың шығу тарихы
Ә) Сарымсақтың биологиялық, химиялық құрамы
Б) Сарымсақтың емдік қасиеті
В) Сарымсақтың пайдасы
Г) Сарымсақ туралы қызықты мәліметтер
Ғ) Пайдалы кеңестер
Д) Сарымсақтың өсу жолы ( эксперимент жұмыстар)
ІІІ. Қорытынды
Ү. Ұсыныстар
Мақсатыма жету үшін қолданған әдіс – тәсілдерім:
• Сұрақ – жауап
• Пікірлесу
• талдау – жинақтау
• Тәжірибе жасау

Кіріспе:
Негізгі бөлімі:
Дүниесі Өсімдіктер
Бөлімі Жабық тұқымдылар
Класс Дара жарнақтылар
Тұқымдас Лалагүлділер
Туысы Пияз
Түрі Сарымсақ

2. 1 Сарымсақ (Чеснок) — пияз тұқымдастарына жататын шөп тәріздес өсімдік. Отаны — Оңтүстік Шығыс Азия. Жабайы сарымсақ екі жылдық, ал шаруашылық мақсатында өсірілетін сарымсақ бір жылдық. Сарымсақтың дәмі ащы, иісі өткір.
Оның себебі құрамындағы эфир майында жатыр. Ауызды сасытып жағымсыз иіс шығаратын да қасиеті бар. Сарымсақ көне заманнан бері мәдени өсімдік ретінде өсіріледі. Көне Египеттегі папирустардағы жазуларда сарымсақтар жайлы мәліметтер болған. Мысалы, әйгілі пирамиданы салушар сарымсақты тамақ ретінде пайдаланған. Сарымсақ жетіспей қалған кезде олар шу көтерген. Ал ертедегі Римдік император Нерон сарбаздардың батылдығын арттыру үшін оларға сарымсақ жеуді бұйырған.

Сарымсақ өсімдігі туралы
Сарымсақтың өнімі жер астында өседі. Жер құнарлы әрі жұмсақ болса, сарымсақтың көлемі де үлкен болады. Сарымсақтың өнімі бірнеше кішкене бөлікшелерден (тілшелерден) тұрады. Олардың сарымсақтың ұрығы ретінде егеді.
Өсіп тұрған кезінде жапырағынан жебе тәрізді ұрықтанған бөлігі шығады. Оны майға қуыруға, тамаққа қосуға болады. Сол ұрықтанған гүлін дер кезінде суырып алып тастау қажет. Егер алынбаса, сарымсақ өсімдігінің барлық күші ұрықтануға кетеді де, жер астындағы өнімі
дамымай, кішкентай болып қалады.
2. 2 Сарымсақтың химиялық құрамы
Сарымсақ иісі жағымсыз болғанымен өте пайдалы. Ол жайлы жоғарыда аз да болса жаздық. Енді құрамына тоқталайық.
Сарымсақтың құрамында B және C тобына жататын дәрумендер, магний, фосфор, йод, кальций, хлор, темір, марганец, мыс, көмірсулар, А, В1, С, РР және тағы да басқа микроэлементтер бар химиялық зат. Басым бөлігі судан, көмірсулардан, одан кейін, ақуыздардан тұрады. Аздаған мөлшерде майлар болады. Солардың бірі — эфир майы. Сарымсақтың құрамында табиғи екі антибиотик 15 түрлі зиянды бактерияларды құртады екен. Сарымсақтың өзіне тән иісі оны кескен немесе езген кезде пайда болатын күкірттің энзиматиялық қосылыстарының ыдырауынан туындайды. Сарымсақ бактерияға қарсы қосылыстарға, эфирлі майларға сонымен қатар бос радикалдардың әрекеттерінен қорғайтын тотықтырғыштарға бай.
2. 2 Сарымсақтың биологиялық құрамы
Сарымсақтың Өнімі жер астында өседі. Жер құнарлы әрі жұмсақ болса, сарымсақтың көлемі де үлкен болады. Сарымсақтың өнімі бірнеше кішкене бөлшектерден(тілшелерден) тұрады. Олардың сарымсақтың ұрығы ретінде егеді.
Өсіп тұрған кезінде жапырағынан жебе тәрізді ұрықтанған бөлігі шығады. Оны майға қуыруға, тамаққа қосуға болады. Сол ұрықтанған гүлін дер кезінде суырып алып тастау қажет. Егер алынбаса, сарымсақ өсімдігінің барлық күші ұрықтануға кетеді де, жер астындағы өнімі дамымай кішкентай болып қалады.

Сарымсақ ертеден - ақ суық тиіп ауырға адамдарға ем - дом жасау үшін пайдаланылды. Алайда, ол кезде сарымсақтың ауруға қарсы қалай күресетіндігі белгісіз болатын. Сарымсақтың сырын Израильдік Давид Мирельман есімді дәрігер ашты.
Сондағысы, сарымсақ өзінің құрамындағы аллицин химиялық қосылысының арқасында адам бойындағы ауру туғызатын зиянды микробтарды өз бойына жұтып алуға бейім екен.
Күн сайынғы тамақта 10 - 15 гр. сарымсақ жеп тұру денсаулыққа пайдалы. Сарымсақ пияз (жуа) секілді ауызқуысымен асқазан жарасына зиянын тигізбейді. Осы қасиеті де оны пияздан маңыздырақ қылады.
Сарымсақ адам ағзасындағы зиянды майларды ерітеді, қан қысымын төмендетеді.
Асқазан – ішек жолдарына, жүрек, талма ауруларына ем. Микробты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішекқұрттарды жояды, қақырықты түсіреді.
Сарымсақ қанды тазалайды, ол табиғи антибиотик болып табылады.
Сарымсақ ертеден - ақ суық тиіп ауырға адамдарға ем - дом жасау үшін пайдаланылды. Алайда, ол кезде сарымсақтың ауруға қарсы қалай күресетіндігі белгісіз болатын. Сарымсақтың сырын Израильдік Давид Мирельман есімді дәрігер ашты.
Сондағысы, сарымсақ өзінің құрамындағы аллицин химиялық қосылысының арқасында адам бойындағы ауру туғызатын зиянды микробтарды өз бойына жұтып алуға бейім екен.
Күн сайынғы тамақта 10 - 15 гр. сарымсақ жеп тұру денсаулыққа пайдалы. Сарымсақ пияз (жуа) секілді ауызқуысымен асқазан жарасына зиянын тигізбейді. Осы қасиеті де оны пияздан маңыздырақ қылады.
Сарымсақ адам ағзасындағы зиянды майларды ерітеді, қан қысымын төмендетеді.
Асқазан – ішек жолдарына, жүрек, талма ауруларына ем. Микропты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішекқұрттарды жояды, қақырықты түсіреді.
Сарымсақ қанды тазалайды, ол табиғи антибиотик болып табылады.

2. 4 Сарымсақтың пайдасы
Сарымсақты әлемнің кез - келген елінен кездестіре аласыз. Тамақ жасау кезінде астың дәмін келтіру үшін пайдаланады.
Медицинада табиғи антибиотик болып саналады. Өйткені, сарымсақ вирустарға қарсы жақсы қорғаныс болады. Көптеген халықтың халық медицинасында маңызды рөлге ие өсімдіктің
бірі осы сарымсақ.
Ертедегі Гректер мен Римдіктер: “Сарымсақ сарбаздарға батылдық, өжеттік береді” деп сенген. Қытайдағы халық медицинасында ас қорыту жолдары мен тыныс алу жолдарына қатысты ауруларды емдеуге және оба мен тырысқақ індеттерінен қорғану үшін сарымсақ пайдаланылды. Орыс халқы
сарымсақты уды кетіру үшін, жылан шаққанда шипа болу үшін, жұқпалы індеттерден сақтану үшін пайдаланған. Тіпті, Қытайда тері ауруларын емдеу кезінде, ревматизм ауруына қарсы және
авитаминозға қарсы пайдаланған екен.
Бүгінге дейін зерттеген ғалымдардың айтуынша, сарымсақтың құрамында төрт жүзден аса пайдалы компоненттер бар. Бірқатар пайдалары мыналар:
Құрамындағы антиоксиданттардың жағымды емдік қасиеттері мол. Қан қысымын төмендетеді. Қабынуға қарсы. Перифериялық қан тамырлардың бітелуі мен ластануының, сондай - ақ ми ісігінің алдын алады.
Иммунитетті нығайтады, организмді қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды.
Ағзадағы бактерияларды өлтіреді.
Асқазан - ішек жолдарына, жүрек - талма ауруларына ем. Микробты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішек құрттарды жояды, қақырықты түсіреді.
Авитаминозға өте пайдалы. Оның құрамындағы селен антиоксидантты құрамымен ерекшеленеді.
Сарымсақ қанды тазалайды, ол табиғи антибиотик болып табылады. Ертеде оба ауруына ұшырағандарды емдеуге баратын дәрігерлердің сарымсақ салынған суға батырылған дәкемен жүздерін орап алуы осы себепті деп білінуде.
Сарымсақ суық тиген ауруларға да таптырмайтын ем. Ол жүйке жүйесі бұзылғанда, зәр жолдарын емдеуге, сондай - ақ организмді тазалауға пайдаланылады.
Теріге сүйел, теміреткі, сыздауық, қышыма тағы басқа жаралар шыққанда да емге жаратады т. б.

2. 5 Қызықты мәліметтер.
Әлем бойынша сарымсақты ең көп экспорттайтын ел — Қытай. Жылына 12 миллионнан астам тонна сарымсақты шет елдерге сатады. Одан кейін Үндістан мен Оңтүстік Корея елдері. 2009 жылы шошқа тұмауы өршіп тұрған кезде Қытайлықтар арасында “Сарымсақ шошқа тұмауына қарсы
қорған болады” деген сөз тарап, елдегі сарымсақтың бағасы 40 есеге дейін қымбаттаған.
Адамдар үшін пайдалы болған сарымсақ иттер мен мысықтар үшін улы болып саналады.
Маса шаққан жерге сарымсақтың шырынын жақса, ол жерде зиянды заттар қалмайды.

Пайдалы кеңестер:
• Қатты суықтап қалған кезде сарымсақты ұсақтап турап, үстіне ыстық су құйып, сосын соның буымен дем алу керек.
• Тіс ауырған кезде сарымсақты қабығынан аршып алып, сонымен тістің қызыл етін сүреді.
• Сүйел шыққан жағдайда, ұсақталған сарымсақты азғантай балмен араластырып алып, әлгі жерге қалыңдап жағып, таңып тастаған жөн.
• Радикулит асқынып кеткен кезде сарымсақ пен қара шаңбырды үккіштен өткізіп алып, бір - бірімен жақсылап араластырып, белге тартады. Тағы бір әдісі: ұсақталған сарымсақты жұқа дәкеге салып, қашан қыздырғанша, белге тартып байлап қояды. Сосын оның орнына май жағып, жүн матамен орап тастайды.
• Гипертониялық аурулар кезінде қатарынан екі күн, 2 - 3 түйір сарымсақты ұсақтап турап алып, түнге қарай жейді. Сосын екі апта үзіліс жасап барып, осы процедураны тағы бірнеше рет қайталайды.
• Тұмаудың алдын алу немесе ауыра қалған жағдайда емдеу үшін де күніне 2 - 3 рет мұрынға сарымсақтың суын тамызған жақсы.

Қорытынды:
Қорыта келгенде, өзі бармақтай болғанымен сарымсақтың емдік қасиеті мол. Нақты қандай ауруларға ем екендігі бүгінгі күні толық ашылды. Бұндай жайттарды Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. с.) ешқандай лабораторияда зерттеу жүргізбей - ақ, уақиға сүйене отырып жеткізген.«Сарымсақты емге жаратыңыздар, онда жетпіс түрлі ем бар» деуі әрі оның бүгінгі күні толықтай дәлелденуі – Әз Елшінің тек ақиқатты ғана айтқанын ұқтыруда. .....
10.01.2019
Вернуться назад