DataLife Engine / Тарих | С Ж Аспандияров қоғам қайраткері

Тарих | С Ж Аспандияров қоғам қайраткері

Қазақстан тарихы егемендігімізді алғанға дейінгі уақытта бұрмаланып обьективті толық түрде зерттелмей келді . Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетке айналғалы тарихи және тарихнамалық зерттеулер саны жыл сайын еселеніп,артып келе жатқаны анық байқалады.Осы құбылысқа қарап сандық мәнге ие болғанымен,көп жағдайда сапалық мазмұны кем түсіп отырған зерттеулер тізбегі отандық тарих ғылымын дамытуда деп айту негізсіз болар еді.Қазақстандық тарих ғылымының дамуына қатысты тарихнамалық талдау барысы жүргізіліп,кәсіби біліктілігі жоғары тарихшы мамандар даярлауды жолға қою қажет.
Міне,тарих ғылымындағы өзекті мәселелер мен шешудің жолдары осындай сұрақтарға тіреліп тұр.Тарих ғылым саласының алдында тұрған мәселелерді шешу жолында өткен ғасырдың 20-30 жылдарында тарихшы,профессор С.Аспандияров үлкен еңбек атқарды, оның қызметінің нәтижесінде Қазақстан тарихы ғылымы өз дамуын бастады.Ғалымның қалдырған мұрасы мол,оны игілімізге жаратып тиісті бағасын беруіміз біздің парызымыз болып тұра бермек.
С.Ж.Аспандияров-қазақ тарихын ғылыми негізде зерттеудің әрі бастаушысы ,әрі оны жазушы да болған ғалым.Бұл пікіріміздің дәлелді болуы үшін ұлағатты ұстаздың ғылыми еңбектерінің бір қатарын атап өткен де жөн шығар.1933 жылдың өзінде «Большевик Казахстана» журналында оның «Қазақстан тарихының кейбір мәселелері» деген мақаласы жарияланды.1935 жылы оның жазған Қазақстан тарихының бірінші томы және мектепке арналған «Қазақстан тарихының очерктері» деген оқулығы қазақ тілінде жарық көрді.1935-1936 жылдары С.Ж.Аспандияров пен профессор Кунте екеуі бірге әзірлеген «Қазақстан тарихының өткені деректер мен материалдарда» атты екі томдық құжаттар жинағы басылып шықты.Бұл еңбек тарихшылар үшін аса құнды және керекті құрал еді.1936 жылы ғалымның «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі» деген монографиясы жарияланды.Сол жылдары оның Қазақстан тарихының басқа мәселелері жөнінде де бірқатар ғылыми мақалалары жарияланып тұрды.
С.Аспандияров-аса білікті ғалым әрі қабілетті ұйымдастырушы да болған.Ол өзінің ғылыми еңбектерінде Қазақстан тарихын ғылыми тұрғыда дәуірлерге бөлу ісін бастады,қазақ халқының шығу тегі(этногенез) жөнінде ғылыми пікір тұжырымдады,өлке халқының ұлт-азаттық қозғалысының және басқа да мәселелердің дұрыс шешілуі жолдарын көрсетті,қазақ тарихын бұрмалаушылықтарын қатты сынға алды.Сөйтіп,халқымыздың тарихын зерттеуді ретке салудың бастаушысына айналды.Ол Қазақстанның 1917 жылдан бергі,қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік дәуірін қазақ тарихының екінші томында баяндамақшы еді.Бұл томның материалдары жазба түрде дайын да болатын.Онымен қоса С.Ж.Аспандияровтың «Патша өкіметінің Қазақстанды әскери отарлауы» атты докторлық диссертациясының материалдары да көп тер төгуді қажет етті.Бұл екеуі де ғылыми жағынан аса құнды,көлемді еңбектер еді.
С.Аспандияров қоғамдық жұмыстардан да бастартып көрген емес.КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасының жұмысына белсене араласады.Бұл база КСРО Ғылым академиясының қазақстандық филиалы болып,қайта құрылғанда оның председателінің бірінші орынбасарлығына сайланып филиалдың бүкіл ғылыми практикалық жұмысын басқарады.Филиал айналасына ғалымдарды топтастыру,жастарды ғылыми жұмысқа тәрбиелеуде зор іс жүргізді.Мұның өзі филиалдың Қазақ ССР Ғылым академиясына айналуына қосылған қомақты үлес болды,ғылыми орталықтың берік іргесі қаланды.
Санжар Аспандияров Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының және Алматы медицина академиясының алғашқы ректоры болып та жұмыс істеді.Бұл екі институт Республикамыз үшін қаншама жоғары білімді жетік білікті мамандар даярлап шығарды.Қазақтың алғашқы педагогикалық институты республика тұрғындары арасындағы сауатсыздық жою ісінде үлкен рөл атқарды.Осыдан білім ордасы қанат қақтырған мұғалімдер көбеюіне орай Қазақстанда орта білім беру ісі аяғына тік тұрғызылды.ҚазПИ республикамызда басқа да жоғары оқу орныдарының ашылуына ықпал етсе,олардың алғашқы оқытушыларының көбі осы институттың түлектері болатын.
Профессор С.Аспандияров-Қазақстанда тарихшы кадрлар жинақтау және оларды жергілікті жерде даярлауда да елеулі іс жүргізе білді.КСРО Ғылым академиясы қазақстандық филиалының тарих секторын өзі басқарды.ҚазПИ де он шақты жылдай тарих кафедрасының меңгерушісі болды.Сол жылдары ғылыми орталықтардан бірқатар ірі мамандар-профессорлар:П.А.Кунте,Н.Н.Розенталь,Н.И.Бороздин,Н.В.Кораблев, доценттер:Х.М.Әділгереев,А.П.Чижов және басқалар келтірілді. Республиканың өз ішінде тарихшы кадрлар даярлауда көп жұмыс жүргізді.Оның оқушыларының арасынан С.Е.Толыбеков,С.Б,Байышев.А.Н.Нүсіпбеков,Н.К.Киікбаев,Т.Е.Елеуов,М.А.Ақынжанов сияқты басқа да көптеген білікті тарихшылыр өсіп шықты.
Санжар Аспандияров дарынды ғалым,көп қырлы талант иесі.Ол әскери дәрігер бола тұра қазақ азаматтары арасынан тұңғыш тарих ғылымының профессоры дәрежесіне жетіп,бұл атақты 1927 жылы Мәскеу универси-тетінде алған әрі сол кезде Мәскеудегі Шығыстану университетінің директоры болған.
Республикамыздың ірі ғалымдары,әсіресе соңғы кезде,СанжарЖапарұлы Аспандияровтың ғылыми еңбектеріне тереңірек үңіліп,обьективті талдаулар жасап,олардың дұрыс жағынан да,кем кетіктерін де әділ бағалаған пікірлер тұжырымдады.Осы орайда ең алдымен Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі,тарих ғылымдарының докторы,профессор Рамазан Бимашұлы Сүлейменовтың үлкен жұмыс жүргізіп,жемісті еңбек еткенін атап айтқан орынды.Р.Б.Сүлейменовтың осыған көп жыл бұрын сонау 1966 жылы «Вестник АН Каз ССР»-де жарияланған первый казахский историк марксист деген,1988 жылы Социалистік Қазақстан газетінде
-4-
басылған «Ардақты азамат»атты мақалаларында,басқа да хабарлама,баяндамаларында, «Социалистік Қазақстан»газетінің редакциясы ұйымдастырған дөңгелек үстел басындағы «Тарихтың әр парағы» атты ғылыми әңгімеде С.Ж.Аспандияров жөнінде көпшіліктің ойында жүрген толғанысты мәселелер өте орынды көтеріліп,ғылыми шындық айтылды.Мұнымен қатар,газет,журнал беттерінде айтулы порофессордың ғылыми еңбегі,қоғамдық-саяси,қызметі туралы үзіп-жұлып жазылған мақалалар , мағлұматтар жарияланып тұратын.Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының 1988 жылы жаңартылып ашылған бір бөлме музейінде С.Ж.Аспандияровтың өмірі мен қызметі ғылыми мұрасы жайында біраз дерек,сурет ғылыми материалдар қойылыпты. 5-
1 тарау.С.Ж.Аспандияровтың өмірі,қызметі және Қазақстанда тарих ғылымының қалыптасуы.
1.1.С.Ж.Аспандировтың өмір жолы мен ғылыми және мемлекеттік қызметі.
Қазіргі кездегі зерттеушілер мен Қазақстан тарихына әуесқойлар тәуелсіздік алғанымызға дейін қазақтың тарих профессоры С.Ж.Аспандияровтың еңбектері мен еркін түрде майдалана алмай келді.Бұның басты себебі «Қазақстанның тарихының» авторын ешбір дәлелсіз 1937 жылы «Халық жауы» ретінде айыптауы еді.1956 жылы автордың толық ақталғанынан кейін де Аспандияровтың кітаптары арнайы қоймада сақталып өзінің толық ақталуын,дұрысырақ айтсақ қазақтың ірі және қайталанбас тарихшысының ғылыми концепцияларының барлығын мойындаудың айқындығын күтіп жатты.
Ал Аспандияров болса қазан төңкерісінен кейін Қазақстан тарихнамасында оның бастаушысы болып терең із қалдырды.Оның сіңірген еңбегі қазақ халқы тарихы бойынша ежелгі дәуірден бастап 1917 жылға дейінгі тұтастай ғылыми еңбекті алғашқы рет қалыптастырғанында.Тек Аспандияровтың тұтқындалуы және Сталин қапастарында қаза болуы оның кеңестік кезеңге арналған «тарихының» екінші бөлімін жариялау ниетіне кедергі болды.Тұтқындалғаннан кейін де қамауда отырып ғылыми шығармашылықпен айналысуға рұқсат етулерін сұрағандығы белгілі,өкінішке орай ғұламаның бұл сұрауына рұқсат берілмей,ал аяқталмаған қолжазба материалдары із түссіз жоғалып кетті.
Оқырмандардың көбісі Аспандияровтың өмірі мен ғылыми және мемлекеттік қызметтері туралы өте аз таныс.Осы күндері Аспандияровқа арнап газеттер мен журнал беттеріне мақала түрінде бірнеше жарияланымдар мен жүз жылдық мерей тойына байланысты шағын жинақ арналды (1) және 1993 жылы А.С.Такеновтың ғылыми редакциялығымен «Қазақстан тарихы» еңбегі қайта басылып көріп,алғы сөзінде Аспандияров өмірі мен қызметі жолына және «Қазақстан тарихына»тоқталып өтеді (2).
Бүгінгі күні оның атымен Алматы қаласының көшесі және Алматы мемлекеттік медицина институты аталады.
СЖ.Аспандияров қазақ зиялырының кереметтей өкілдеріне жатады.Олардың қоғамдық-ғылыми көзқарастарының қалыптасуы 2 дәуір аралығында болып өтті,оның бөлінер тұсы қазан социалистік революциясы еді.
Осы «көне» зиялылардың өкілдері рухани тәрбиесін мәдени ғылыми дәстүрлерде және Ресей капиталистік қоғамының ықпалының астында алды да олардың көзқарастары жағдайдың екі жақтылында қалыптысты.Бір жағынан ол Ресей оқу орындарында білім алып,патшалық Ресей идеологиясының ықпалында тұрып,шет аймақтар халықтарын орыстандыру рухында тәрбиеленді.Екінші жағынан,құқығы жоқ қаналушы халық,былайша айтқанда Ресейдің орталық шет аймағының өнімі болып отырып қазақ халқын әскери-феодалдық қанау үшін сезініп көріп жатты.Патшалық үкімет -6-
оларды Ресей мүдделеріне бар ынта-ықыласпен беріліп қызмет етуге дайындаса,нақты өмір олардың бойында патриоттық сезімді ұялатты,ұлттық қанаушылықтан өзінің халқын азат етуге ұмтылдырды.Осы себептерден де төңкеріске дейінгі қазақ зиялыларының сүббелі бөлігі патшылыққа оппозицилық партияларына қосылды.Қазақ зиялыларының саяси күрес жолы
жеңіл және оның өкілдерінің идеялдық таңдаулары бірдей болған жоқ.Зиялылардың бір бөлігін кадеттердің бағдарламасы қызықтырса,екіншілері эсселердің,үшіншілері большевиктердікін қолдады.
1935 жылы басылап шығарылған оның «Қазақстан тарихын» жазар кезіндегі көзқарасының қалыптасуы қалай жүргендігі мәселесі қызығушылық тудыраты анық.
Аспандияров Орал облысының кедейленген ақсүйек тұқымынан шыққан,1889 жылы туылған.Оның әкесі Жапар Аспандияров ұзақ уақыт бойы әскери аудармашы қызметін атқарған және қызметтен шығар алдында генерал-майор шенін алған.Бірақ та материалдық жағынан қиындығынан,Санжарды Ташкенттегі реалдық училищені бітіргеннен кейін,Петербургтегі әскери-медициналық академияға түскесін қамтамасыз ете алмады.С.Аспандияров әскери-теңіз министрлігінің степендиясына оқыды.Бұл кейін алыс Термезде,ал одан кейін Түркістан полкінің әскери дәрігері ретінде майданда болып,соғыс ауыртпалығын алып жүруге мәжбүр етті.Аспандияровтың соғыс жылдарының қайғысы мен қасіретінің тікелей куәгері болуы тағдырына байланды.Лодзья түбінде ол полкпен бірге Герман тұтқынына түсіп,әскери тұтқындар лазаретінде жұмыс жасады.1916 жылдың басында әскери тұтқындарды ауыстыру нәтижесінде Шпарзундтен Швеция арқылы отанына оралды.Соғыс пен тұтқында болған кездердің қайғысы мен қасіреті оның бойында үлкен із қалдырып,радикалды соғысқа қарсы көзқарасының қалыптасуына әсер етті.Ақпан төңкерісінен кейін Аспандияров Термез және Бұхарадағы кеңестер жұмысына қатысып,солдаттар мен шаруалар депутаты болып Түркістан облыстық кеңесіне сайланды.Ташкентте өлкелік кеңес тапсырмасы бойынша «көне» қалада бірінші мұсылман жұмысшы депутаттар кеңесін ұйымдастыруға қатысып,онда ол патша үкіметімен жер қазу және тыл жұмыстарын істеуге жасақталған жұмысшы-малшыларды қатыстырады.Ол Ташкент бөлімімен ақ қазақтар және юнкерлерге қарсы өзі де шайқастарға қатысады.Әскери дәрігер және мұсылман бюросының мүшесі ретінде кеңес билігі шағына шыққан Черняев полкінің құрамында Каспий сырты майданындағы ұрыстарға қатысады.1919 жылы мамыр айында коммунистік партия қатарына кірді.Осы кезден бастап Аспандияров жоғарғы мемлекеттік орындарға отырып және маңызды партиялық тапсырмаларды орындайды.1919 жылы ол Түркістан АКСР денсаулық сақтау халық комиссары,ал 1920 жылы жер шаруашылығының халық комиссары болып тағайындалады.Ол кезде Түркістан АКСР не Қазақстанның Жетісу және Сырдария облыстары кірген болатын.1920 жылы В.И.Лениннің кеңесі бойынша Түркістандағы барлық үш коммунистік ұйымдардың интернационалдық принцептегі бірігуі түрі
-7-
олар:РКП (б) өлкелік комитеті,Мұсылман бюросы және шет ел жұмысшылары мен шаруаларының коммунистік партиясының өлкелік комитеті. Түркістандық бір партиялық ұйым құру жұмысына Аспандияровта қатысып,Т.Рұсқылов,М.Субхи және басқалар мен бірге ұйымдастыру бюросының құрамына кірді(3).
1921 жылы қазан айында В.И.Ленин,А.Р.Рахимбаев пен С.Ж.Аспандияровтың хаттарымен танысып өзінің атынан РКП(б)ОК Түркістан бюросының құрамына С.Аспандияровтың кандидатурасын ұсынады.
С.Аспандияровтың қызметі Қазақстан мен Орта Азияның әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта құрулармен байланысты болды.Басқарушы қызметкер бол тұра ол кеңестік шығыстың халықтарының тұрмысының ерекшелігінің тарихы мен мәдениеті мәселелерінің білгірі ретіндегі өте бағалы және сирек кездесетін маман болды.Бұнымен С.Ж.Аспандияровты Түрік Республикаларының Мәскеудегі тұрақты өкілділігіне аударуымен түсіндіріледі.Осында ол ұлттар ісінің халықтар комиссияраты коллегиясының мүшесі болды.Сәл кейінірек тәжірибелі агрария маманы ретінде жерлерге орналастыру бойынша БООК (ВЦИК) тің ерекше комиссиясының құрамына қосады.
1922м жылы желтоқсан айында Бүкілресейлік Х кеңестер құрылтайының делегаты С.Ж.Аспандияров КСРО құру туралы шешімді қолдап отырады.1923 жылы Аспандияров Ташкентке қайта оралып,онла ол денсаулық сақтау халық комиссариятының жұмыстары мен қатар Түркістан компартиясы орталық комитетінің хатшысы болды.Ұлттық территориялық межелеу және Орта Азияда жаңа ұлттық Республикалар құру кезеңінде,1924 жылы С.Ж.Аспандияров БКП ОК Отр Азиялық бюросының құрамына сайланады.1925 жылы ол қайтадан Мәскеуге келеді,онда ол Президиум мүшесі мен БООК хатшысының орынбасары ретінде қызмет атқарады.Әдеттегідей Аспандияров негізгі жұмысымен қатар әр түрлі комиссияларда,редакцияларда бірқатар өте маңызды қоғамдық тапсырыстарды орындап,мағыналы және қызықты ғылыми-практикалық баяндамалар мен мақалалар шығып отырды.(4)
Ең бастысы Мәскеуде жұмыс жасаған кезінде С.Ж.Аспандияров дарынының жаңа қыры оның тарих ғылымы саласындағы белсенді ғылыми-ізденімпаздық қызметті кейінгі кездегі ғалым шығармашылығындағы басты бағыт болды,бұл еңбегі барысында бүгінгі күні оған және оның шығармашылығы қолданған қатаң репрессиялық және тыйым салу әрекеттеріне қарамастан көрнекті қазақ тарихшысы ретінде мойындалуда.
Астанаға келгеннен кейін алғашқы күндерден бастап ол КСРО ОАҚ жанындағы шығыстану институтымен әріптестік байланыс жасайды,онда кеңес мемелекетінің көрнекті қайраткері Н.Н.Нариманов басшылық жасаған болатын.Аспандияров 2 Москва мемлекеттік университетінде оқытушылық қызмет атқарды.Осы жылдары Аспандияров шет Шығыс елдері өкілдерімен жиі-жиі кездесіп тұрды.Аспандияровтың ғылыми қызметтерінің


-8-
мойындалуының көрінісі 1927 жылы КСРО ОАҚ оны Н.Н.Нариманов атын алған шығыстану институтының директоры етіп тағайындайды.Және ММУ прфессоры деген атақ беріледі.
С.Аспандияровтың ғылыми шығармашылығының ең жемісті кезеңі оның Қазақстанға қайта шақырып алғаннан кейінгі өткен өмірінің 1928-1937 жылдарды қамтитын соңғы кезеңі болды.Осы кезеңде С.Аспандияров Қазақстан тарихына,мәдениетіне аса көңіл бөліп және оны дамытып,алға апаруға кіидерді қатыстыру жөнінде ақыл-кеңес беріп отырды.Бұған Аспандияровтың Москвадан Қызылордаға наркомпросқа жолдаған хаты,айқын дәлел.(5)
1928 жылы ЦК ВКП (в) жолдамасымен Санжар Аспандияров Алматыда тұңғыш ашылған Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.Ол бұл кезде университет студенттеріне Қазақстан тарихынан лекция оқиды.С.Аспандияров ұлт кадрларын тәрбиелеуге аса назар аударып,университеттің ішкі жұмыстарын жақсы ұйымдастыра біледі.
Республиканың халық шаруашылығын көтеретін білікті кадрларды дайындауды жолға қойып,шұғыл шаралар қарастырды.Қазақстан жоғарғы оқу орындарының көбісінің ұйымдастыру тарихы С.Аспандияровтың есімімен байланысты.Ол Алматы малдәрігерлік,ауылшаруалық институттарын ұйымдастыруға белсене қатысты.
Абай атындағы педагогикалық және мұғалімдер институтының директоры,тарих және география факультетінің деканы,тарих кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарады.Бұдан кейінгі жылдары денсаулық сақтау жүйесіндегі көптеген кемшіліктерді жоюға,алға бастыруға бірден-бір лайық адм деп тауып,1937 жылы С.Ж.Аспандияровты Қазақ АССР Денсаулық сақтау халық комиссары етіп тағайындайды.Сонымен бірге медицина институтын ұйымдастырып,оның алғашқы директоры болып тағайындалады.1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақ бөлімшесі төрағасының орынбасарының қызметін атқарады.
С.Ж.Аспандияров РСФСР-дың Халық ағарту комиссариятының мемлекеттік ғылыми кеңесінің мүшесі болып,сол кеңестерде көлемді баяндамалар жасайды. Санжар Аспандияров-ағылшын,француз,неміс,латын,шығыс халықтарының тілін, білген «полиглот».Сол жылдардағы газет,журналдарды,қарасақ,халық ағарту мәселелері,тарих,әдебиет,фольклор,кино,театр туралы ғылыми зерттеу жұмыстары туралы Аспандияровтың терең зерттеліп,жазылған мақалаларын жиі кездестіреміз.(6).
Оның мақалаларынан,сөйлеген сөздерінен халқымыздың мәдениет саласындағы өзекті,түбегейлі мәселелерді қозғағанын аңғарамыз.Сол кездегі Қазақстан көлеміндегі өткен бірде-бір съезд,конференция оның қатысуынсыз болмайтын.(7)
Санжар Аспандияров ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық интелдегенцитясының көрнекті өкілдерінің бірі.
Ол Ресейдің ең ірі ғылыми және мәдени орталығы Санкт-Петербурктегі .....
09.01.2019
Вернуться назад