DataLife Engine / Бастауыш сынып | Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

Бастауыш сынып | Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

Сабақтың тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр? (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ертегінің мазмұнымен оқушыларды таныстыру, тілдерін жаттықтыру. Әрбір сөздің мән - мағынасын ажырату, сөздік қорын молайту. Жаңа білімді деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгеру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, мейірімділікке тәрбиелеу, ауызекі сөйлесуге үйрету.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктер: ертегіге байланысты слайдтар.
Сабақтың жоспары мен барысы
Психологиялық дайындық
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Жарқыраған күндейміз
Ренжісуді білмейміз!
Өткенді пысықтау
- Балалар тақтаға назар салайықшы күн қандай болып тұр? Күн бұлттанғанда ауа райы қандай болды?
Оқушылардың жауабы: күн суық болады, жаңбыр жауады, біз тоңамыз.
- Балалар сендер күннің ашылғанын, күннің жылынғанын қалайсыңдар ма? Ендеше, бұлтты күннің бетінен ыдырату үшін өткен сабақ бойынша білімімізді ортаға салайық.
Өткен сабаққа байланысты сұрақтар:
1. Терек қандай қиындыққа тап болады?
2. Терек үшін көгершін қандай құстардан көмек сұрайды?
3. Көгершін ақылгөй аққудың көмегімен орманнан қай құсты тауып әкелді?
4. Тоқылдақты неге орман дәрігері дейміз?
5. Дұрыс балалар, сендер ағаштарға қандай қамқорлық көрсетесіңдер?
(суару, түбін қопсыту, түбін әктеу, бұталарын сындырмау)
- Балалар, ауа райы қандай болды?
Дұрыс айтасыңдар, ендеше күлімдеген күн астында жадыраған көңіл күймен сабағымызды жалғастырайық.
Кіріспе бөлім
Қарлығаш туралы ән тыңдау
- Балалар, ән не туралы? (Қай дыбыстан басталып тұрғанын айту, буынға бөлу.)
Балалар, қарлығаш қандай құс? (проблемалық сұрақ)
Жаңа сабақ
Ендеше балалар, бүгін біз сендермен қарлығаштың құйрығы неге айыр болғанының себебін білу үшін «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген ертегімен танысамыз.
Ертегі желісі бойынша слайдтар көрсете отырып, ертегі мазмұнымен таныстыру
Өзі бір қу, өзі айлакер
Жүрген жері айқай да шу (түлкі)

Сергіту сәті
Қарлығашқа ұқсайық
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып, ұшып алайық.

Ертегі мазмұнын ашуға байланысты сұрақтар
1. Айдаһар қандай күйге тап болды?
2. Оның ауруына ем тапқан кім және қандай ем тапты?
3. Айдаһардың ауруына ем болатын қанды кім іздейді?
4. Айдаһар неге қанды іше алмады?
5. Ашуланған айдаһар не істеді?
Дұрыс балалар, содан бері қарлығаштың құйрығы айыр екен.
Ертегіде қай кейіпкер ұнамады, неге?
Ертегідегі қай кейіпкер сендерге ұнады, неге?
Шығармашылық тапсырма
Дұрыс балалар, адамға дос, нәзік, мейірімді қарлығашты әдемілеп бояп көрейікші кімнің қарлығашы әдемі болар екен.
Балалар, қарлығаш туралы жұмбақ жаттайықшы
Шарлап келіп даланы
Үйіме үйін салады (қарлығаш)
Қарлығаштың жыл құсы, ол ұясын үйдің шатырына, сарай төбелеріне салады.
Қорытынды
Ертегі желісіне байланысты деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақты бекіту
Айдаһар
Түлкі, маса
қарлығаш

Презентация - слайд жүктеу
26.04.2015
Вернуться назад