DataLife Engine / EXPO - 2017 Жаңғыртылатын энергетика

EXPO - 2017 Жаңғыртылатын энергетика

Тақырыбы: «EXPO - 2017: Жаңғыртылатын энергетика»
Мақсаты:
1. Қазақстанның алдында ақпаратты - коммуникативтік технологияны тұтынудың және қолданудың өсу қарқынын елеулі арттыру және елдің бәсекеге қабілеттілігін ұзақ мерзімді қамтамасыз ету мақсатында ақпаратты - коммуникативтік технологияның жергілікті қамтуын арттыру міндеті тұр.
2. Білім берудің жаңа әдістемесі мен оқыту жүйесі негізінде энергия үнемдеу және жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану секторына тереңдетілген кәсіби білімі бар техника мамандығына ие болу.

Кіріспе:
Жаңғыртылатын энергия көздері (ЖЭК) - табиғи жаратылыс процестерi есебiнен үздiксiз жаңартылатын энергия көздерi:
♦ күн сәулесiнiң энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы;
♦ геотермальдық энергия: топырақтың, жер асты суларының, өзендердiң, су айдындарының жылуы;
биомасса, биогаз, электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отын.
Қазақстанда ЖЭК - ті дамыту не үшін қажет?
● Кешенді өнеркәсіптік өндірісті дамыту, шектес салалардың өсуін ынталандыру, жаңа жұмыс орындарын құру.
● Баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияны өндіріске енгізу, инновациялық шешім іздеу, ғылымның жаңа салаларын дамыту және ашу.
● Қазақстандағы электр энергиясының жалпы өндірілімінің 85%- дан астамы органикалық отынды (көмір, көмірсутекті шикізат) күйдіру арқылы өндіріледі. Энергетика үлесіне «көшетханалық» газдың жалпы ұлттық эмиссияның 87% тиесілі.
● Көмірсутектің экспорттық әлеуетін барынша арттыру;
● ЖЭК - ті дамыту дәстүрлі энергетикалық ресурс қорына деген әлемдік бағаның өсуін бәсеңдетуге мүмкіндік береді.

Негізгі бөлім:
2012 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұраныстың өсуі экономиканың өсуіне оң ықпал жасады, мұны көтерме және бөлшек сауданың 14, 3%- ға, көлік қызметінің 7, 2%- ға, байланыс қызметінің 12, 8%- ға өсуінен көруімізге болады.
Телекоммуникация қызметтерінің дамуы келесі индикаторлармен сипатталады:
жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейі 95, 6%;
Интернет желісін пайдаланушылар саны 8, 8 миллион адамға жетті (53, 5 %);
тіркелген байланыс абоненттерінің саны 4, 2 миллионнан астам абонентті құрады (26%);
ұялы байланыс абоненттерінің саны 26, 2 млн. құрады (158, 3 %).
Не себепті жаңғыртылатын энергетика?
Әлемдік энергетикалық ресурстардың дәлелденген қоры сарқылады
16.08.2017
Вернуться назад