Тіл туралы ашық сабақ
№57 жалпы орта мектеп
Ашық тәрбие сағат
Тақырыбы:
«Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра»
Сынып жетекшісі:
Керімбек С.А.
Сыныбы: 9 «Ә»
2016-2017 оқу жылы
«Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра»
Мақсаты: Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер.тіл туралы ұлылар ойлары.
Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде.
Әрбір тіл өзінің халқы үшін
-Ұлы.
Ш.Айтматов
Кештің барысы:
Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!
— дей отырып, құрметті жиналған қонақтар, тіл жанашырлары!
Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, қазақ елінің жуырда өткен
«Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тіл мерекесіне орай өткезгелі отырған «Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер дей отыра, ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын!
(Гимн орындалады)
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.
1Ж:
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойнымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.Ендеше, Тіл апталығы аясында өткізіліп отырған «Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
2Ж: Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай осы ашық сабағымыздың арнайы қонақтарымен таныстырып өтейік.
1-жүргізуші: Қазақ халқының дархандығы, қонақжайлылығы, кеңдігі мен жомарттығы жырланған өлең-жырлар қаншама.
Сол өлеңдерді сынып оқушылары сіздерге ұсынбақ.
1 - оқушы:Тілім - арым, ол менің мақтанышым,Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.Тіл – адамның қаруы, қазынасы.Туғанбыз соны баста сақтау үшін.Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.
4 - оқушы: Туған тілКімнен тудым?Нәсілім кім?Ұлтым кім?Әлде мен дір аспаның сұр бұлтымын?Бұлт емеспін.Мен қазақпын,Халықпын,Көне күннен келе жатқан тарихпын!Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар,Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!Туған тілде намысым мен арым дар,Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!Туғанда да, қонғанда да, ұшқанда,Өз тілінде қиқулайды құстар да,Өз тілінде кісінейді құлыншақ...Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!Туған тілім – анам тілі – өз тілім!Туған тілім – далам тілі – өз тілім!Туған тілім – адам тілі – өз тілім!Туған тілде сыры терең жаным бар,Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.Туған тілде әнім менен сәнім бар!Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,Нанбасаңдар,Жүрегімді суырып – ақ алыңдар. (Д. Әбілев)
оқушы: Ана тілім- тірлігімнің тірегі
Тілмен ғана кірер адам реңі
Тілсіз қоғам-өлі мынау дүниеде,
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім-әрекетім азығы,
Бар ғаламды танушылық қазығы,
Ой-сананың өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге жалғасы.
1-ж: Тілім менің-тірлігім
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің-тілім менің тірлігім!
1-ж: Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым,дара тілім.
2-ж: Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.
1-ж: Ия, Тіл – халықтың тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз,барымыз.
2-ж:
Тілім менің тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің.
Өз халқына жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің.
оқушы:
«Мұқағали Мақатаев»
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
3- оқушы:
Кейбіреулер туған тілін білмейді.Білмесе де білгісі олар келмейді,Туған тілін түсінбеген азаматӨз ұлтының қасиетін сезбейді.
Қате болар туған тілін білмесе.Тілін сатып өзге тілге бой берсе,Тілін сатып деп айтпасам не дейін?Туған тілін білгісі де келмесе!
Үйрен тілді баста бәрін жаңадан.Отан тілі әркімге ыстық бір арман,Ана тілім Қазақ тілін құрметтеуБізге аманат қалған мирас бабадан.
Бар тілегім қазақ тілі гүлдеуіӨзге тілмен араласып жүрмеуі.Бұл тілімнің кемшілігі кәзіргі.Кей қазағым тілін мүлдем білмеуі!
4-оқушы:
Қуатым-ана тілім.
5-оқушы:
Тіл сенің-
Ең қайратты арыстаның!
Қорғаның дұшпаныңмен алысқан күн.
Тіл сенің-
Жүректегі жүйрік елшің,
Көк орман,көк арайлы бағыстаның!
Тіл сенің-
Өмірдегі өрнек сырың,
Тіл сенің-
Көмейдегі күміс жырың!
Аспаның ,
Айың,
Күнің,
Ауаң,
Демің,
Шат күлкің, тәтті әзілің ,тапқыр сының.
Тіл сенің-
Жігіттік , балалығың,
Өмірдегі адамдық даралығың.
Тіл сенің-
Шағын жорғаң шын тайпалар,
Сайысса саңлақ сөзде ер байқалар!
Жүйрік тіл жүректерді тебірентпесе,
Шешен деп, шежіре деп кім айта алар?
Ердің құнын бағалар екі ауыз сөз,
Ел тағдырын шешіпті өткен біркез.
Досқа – бал,
Дұшпанға- у,
Қайран тілдің,
Достарым,қүдіретін осыдан сез!
Тіл сенің-
Тірліктегі жан ләззатың!
Тіл сенің-
Ар,
Арманың,
Махаббатың.
Адамдар бар қасиет тіл мен мида,
Ұғынсақ , сонда мейір, шапағатын!
1- Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
2- Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
3-Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
4- Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
Бірге: Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
Ортада: «Жас ұрпаққа аманат»
Армысың,
Жарқылдаған жаңа ғасыр!
Ізгілік сыйлаймысың ұлан-асыр
Өзіңмен сәл ғана бір тілдесейін,
Ақынның жүрегінде қала ма сыр
Арсыз заман несіне қымсынады,
Өктемдігін , өкімін ұсынады.
Қасиетті халқымның асылдары.
Асылықпен сүргінге ұшырады.
Жеттің сен де ентігіп, енді міне,
Көз тимесін елдігім , теңдігіме
Еркіндігі болмаса басымыздың,
Жер бетінің көсілген кеңдігі не?
Маңдай термен өлшенсін ырыс құны,
Ұмытылмасын ұрпақтың дұрыстығы,
Сұрайтыным, осынау Ұлыс күні
Ел мен жердің мәңгілік тыныштығы
Қайтып келсін Қорқыттың көсемдігі,
Жиреншенің оралсын шешендігі,
Тыңда ғасыр,
Тағдырдан тілейтінім –
Тілім, ділім, дінімнің есендігі
Артылады мойныңа заман жүгі
Кеудедегі жарық қыл қараңғыны
Жаңа ғасыр,
Көңілімнің алаңдығы-
Қасиетті халқымның амандығы
Ғасыр күллі әлемге ғажап аты,
Келмегей өткен заман аламаты
Қолды әкел, жиырма бірім
Осы саған
Адамзаттың тапсырар Аманаты.
1-жүргізуші: Тіл -халықтың жаны.Тілі құрыған халық та жер бетінен жоғалады.Тіл – халықтың тұтас кескін келбеті, болмысы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы – әрбір елдің мақтанышы.
2-жүргізуші: Халқымыздың аса бай рухани қазынасы- туған ана тіліміз.Ол – қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. 1989 жылы 22 -қыркүйекте қабылданған. “Тіл туралы” заңда “Тіл- халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін бөлігі” делінген.
1-жүргізуші: Тіл -халықтың жаны.Тілі құрыған халық та жер бетінен жоғалады.Тіл – халықтың тұтас кескін келбеті, болмысы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы – әрбір елдің мақтанышы.
2-жүргізуші: Халқымыздың аса бай рухани қазынасы- туған ана тіліміз.Ол – қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. 1989 жылы 22 -қыркүйекте қабылданған. “Тіл туралы” заңда “Тіл- халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін бөлігі” делінген.
1-жүргізуші: Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.
2-жүргізуші: 1989 жылы 22 қыркүйекте ҚР-ның Тіл туралы Заңы қабылданды. Қазақ тілі ҚР-ның мемлекеттік тілі болып жарияланды.
1-Ж:Оқушылар тіл мерекесі аясында сыныбымыздағы
Аида есімді оқушымыз өзінің жүрекжарды
өлең шумақтарымен бізді қуантпақшы,
ендеше кезекті Аида ға берейік.
Ал оқушылар ендігі кезекті сұрақ - жауап айдарына берейік.
Мен сіздерге білімдеріңізді тексеру үшін сұрақтар қоямын.
Сіздер сол сұрақтарға жауап беруге дайын отырыңыздар.
Оқушыларға сұрақтар қою.1. А. Байтұрсынов кім?2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.4. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)5. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы. Алтынсарин)7. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
Көрініс: «Ең қымбат қазына»
Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына: «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып: «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті. 1- Ж: Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар? 2- Ж: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім? 1- Ж: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу. Тіл туралы мақалдар1. Тіл тас жарады, тас жармаса.....(бас жарады)2. Бал тамған тілден...(у тамған)3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты...(сөз бұзар)4. Жақсы сөз -...(жарым ырыс)5. Қаһарлы сөз...(қамал бұзар). 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің...( тілі ортақ)7. Жақсы байқап сөйлер, жаман...( шайқап сөйлер)8. Бас кеспек болса да,... ( тіл кеспек жоқ)9. Дәлелсіз сөз...(желмен тең))Жүргізуші: «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!» атты ашық тәрбие сағатымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:Туған тілім – тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылады сыр ойдағы,Өссе тілім, мен де бірге өсемін,Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.
Слаид:........
2-ж: Тіл мәдениеті – халықтың рухани қазынасы. Қазіргі қазақ қоғамында басқа мемлекеттік саясаттар қатарында тіл саясатын да даму үрдісі күнен-күнге шапшаңдап, ана тілі халықтың рухын, мәдениетін жаңғыртатын мүделлі мақсаттың біріне айналды. Еліміздің бұрынғысы мен бүгінгісін , болашағын тек тіл арқылы ғана танитынымызға қазақ қоғамының көзі жеткен кезеңді бастан кешіріп отырмыз.
1-ж: Біз бүгін тіл тағдыры – ел тағдыры екенін нақты мойындадық, сондықтанда елімізде ана тіліміздің жан – жақты дамуына бар мүмкіндік жасалуда.
2-ж: Тіл- мәдениет , тіл- әдебиет, тіл-тарих. Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық.
Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ салайық.
6-оқушы: «Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе , мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сеніді байлық»
Ғабит Мүсірепов
7-оқушы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту»
Бауыржан Момышұлы
8-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»
Ғабит Мүсірепов
9-оқушы: «Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздаң ақылынан, анамыздың сүтімен жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік»
Шерхан Мұртаза
10-оқушы: «Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр»
Мағжан Жұмабаев
1- жүргізуші:
Шежірелі, шерлі тарих бүгіп сыр:
Тас-таңбада,
Жар аңызда бұғып жүр…
Қасіреттен
Қасиеттен оздырған,
Қазақ деген – қиып түсер қызыл тіл…
2-жүргізуші:
Көп ғалымдар қазақ тілін айбарлы тіл деседі
Айбарлы тіл әрқашанда күндер санап өседі
Абай,Мұхтар,Шәкәрімдер сусындаған ана тіл
Дәл қазірде адам төзбес қиын күндер кешеді
Дәл қазірде бәсеңдеп тұр ана тілдің айбары
Шыбын жанын аманат қып шүберекке байлады
Бұны көріп, барлық қазақ өзге тілді игерді
Қазақ тілі қорланып,жетімдерше күйге енді.
Оқушы:
1-ж: Қымбатты ұстаздар,оқушылар! Тіл мерекесіне орай әр түрлі шаралар мектебімізде өз кезегімен өтіп жатса, біздің сынып оқушылары да қалыс қалар емес.Олай болса сыныбымыздың әдеби-театралдық қойылымды тамашалаңыздар.
Хор : « Арайлап таңым»
1-жүргізуші: Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.
2-жүргізуші: 1989 жылы 22 қыркүйекте ҚР-ның Тіл туралы Заңы қабылданды. Қазақ тілі ҚР-ның мемлекеттік тілі болып жарияланды.
17-оқушы:
– Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін!
Тіл туралы Заңым енді күшінде,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!
– Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!
Халық жауы атандың-ау сол үшін,
Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.
Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп,
Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.
Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді
Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.
– Қуан балам! Туған тілдің киесі.
Жебеп сені болғаныңа иесі.
Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,
Дүниеде тіршіліктің күресі.
– Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.
1-жүргізуші:
Жөргегімнен жыр боп енген қазақ тілін айналдым,
Қазақтардың нұр боп өрген азат күнін айналдым.
Кең далада кер жусанның жұпар иісін айналдым
Кербез қыздың бұлан қаққан ғажап биін айналдым- биші қыздарымыздың биін тамашалайық!
1-жүргізуші:
Туған тілім қазынам,алтын кенім,Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.Қош келдің туған өлке,бесігіңе,Қасиетті бабамның тілі менің.
2-жүргізуші:
Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,Қылыштай сүйектерден тілімдедің.Өтсе де талай ғасыр,қилы заман,Қасиетті тілім менің бүлінбедің.
2-жүргізуші:
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.Қазақ тілі – қазақ халқының тілі.Оның негізгі мекені –Қазақстан.
1-жүргізуші: Әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани азығынығ нәр алатын кіндік тамыры, ол- ана тілі.
2-ж: Тілім менің –жан жүректің айнасы
Тілім менің- бар болмыстың айласы
Тілім менің –бар қалпымның өзі боп
Асқар биік асуларды шарлатты
Осы тілде Абай айтқан талай сыр
Осы тілде қатты Мағжан талай үн
Осы тілде бар қазақтың ақыны
Шертті тарих беттерінен, қанша мұң!
1-ж:
О,адамдар , құрметтейік тілді біз
Тілсіз қалай болмақ ертең күніміз
Жайылмасқа шара қылшы, ер халқым
Құнды мұраң жоғалмасқа мәңгілік
Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау!
Туған тілді қорғап бақшы, қазақ-ау!
Сарқылмайтын қуат пенен күш берген
Туған тілдің қасиеті, ғажап-ау!
1-жүргізуші: Ана тілі көңіліңе гүл егер,
Ана тілі- ғұмырым деп біле бер.
Өзге тілде сөйлей білу- бір өнер,
Ана тілде таза сөйлеу – шын өнер.
2-жүргізуші: Ана тілімізде таза сөйлеп, бүкіл құнары мен нәрін бойымызға сіңіре білейік.
Бірге:
1-ж:Құрметті ұстаздар,оқушылар мерекелеріңіз құтты болғай! Тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз! Ел аман, жұрт тынышта кездескенше!
2-ж:Келгендеріңізге,көргендеріңізге көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?