DataLife Engine / Ғафу Қайырбеков (1928 - 1994)

Ғафу Қайырбеков (1928 - 1994)

Ғафу Қайырбеков (15 тамыз 1928 Қостанай облысы, Торғай (ауыл, Жангелдин ауданы)) – 1994) – ақын.

Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды.

1968—1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында жетекшілік етті.
1973—1989 жылдары «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағының ақындар қауымдастығының президенті болды.
1954 жылы оның «Құрдастар» атты тырнақалды жинағы жарық көрді. Содан бері қырықтан астам кітабы шықты.
«Дала қоңырауы» (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыздар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) сияқты жинақтарын, «Беласар» атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен қабылдады. «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Рудакидің, Байронның, Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Шевченконың, Мақтымқұлының, Л.Толстойдың, Куприннің, Короленконың, Буниннің, Есениннің, Ғамзатовтың және басқа да сөз зергерлерінің туындыларын аударды.

Өлеңдері

Көптеген әндердің өлеңін жазған. Балаларға арналған
«Балықшы Иван» (1957),
«Балқурай» (1962),
«Күн баласы» (1963),
«Ақ көйлекті шал» (1968) атты кітаптар жазған.
«Қарқаралы басында» (1967),
«Ақжелкен» (1976),
«Жел қайық» (1980),
«Толассыз толқын» (1981),
«Бір кеменің үстінде» (1981),
«Елтінжал» (1990),
«Өмір оттары» (1988),
«Ел мен жер» (1991),
«Үш қиян» (1993),
«Алыс та жақын жағалаулар » (2001),
«Атамекен» (2005),
«Үйренсең де ұқсама (Сырбайға)»
«Бауырсақ»
«Жершілмін»
«Мен туған»
«Естелік» (2007) атты прозалық және зерттеу, очерктер жинақ-тарының авторы.

Шығармалары орыс тілінде

Алматы мен Мәскеу баспаларынан
«Родные травы» (1957),
«Иван Рыбак» (1959),
«О сверстниках» (1960),
«Степной колокол» (1961),
«Разговор с солнцем» (1963),
«Тургайские волны» (1975),
«Белый ветер степей» (1979),
«Звездные судьбы» (1981),
«Звезда счастья» (1984),
«Крылатые годы» (1984),
«Белый парус» (1990) атты орысша кітаптары жарық көрген.
«Алғашқы асу» (1964), «Сарыарқа саздары» (1972), «Беласар» (1978) атты ІІ томдық шығармалар жинағы, ІІ томдық шығармалар жинағы, (1988, 1998), көптомдық шығармалар жинағының екі томы жарыққа шыққан.

Марапаттары
Қазақстанның Халық жазушысы (1992). Халықтар Достығы орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбектегі табыстары үшін», «Ыбырай Алтынсарин». «Жеңіске 50 жыл», «Тың және тыңайған жерлерд! игергені үшін» медальдарымен марапатталған. Қостанай облысының, Қостанай қаласының, Торғай облысының, Арқалық қаласының Құрметті азаматы.

Шығармалары
Құрдас. А., 1954; Балықшы Иван. А., 1955;
Дала қоңырауы. А., 1956;
Қосбасар. А., 1958;
Таулар сөйлейді. А., 1960;
Арал әуендері. А., 1961;
Балқурай. А., 1962;
Күн баласы. А., 1964;
Жер астындағы жұлдыздар. А., 1965;
Большевик ауылы. А., 1967;
Алтын бесік. А., 1969;
Көсемнің нұрлы атымен. А., 1970;
Дала саздары. А., 1972;
Қанатты жылдар. А., 1973;
Торғай толқыны. А., 1974;
Ақжелкен. Повестер. А., 1976;
Асу алда. А., 1977;
Таңдамалылары. Екі том. А., 1978;
Жел қайық. Повесть. А., 1980;
Жұлдызды тағдырлар. Поэма. А., 1980;
Бір көмейің үстінде. Әдеби сын. А., 1981;
Маңғыстау маңғаздары. Өлеңдер мен поэмалар. А., 1982;
Туған топырақ. «Жазушы», 1985;
Крылатые годы. Стихотворение и поэмы. М., «Художественная литература», 1984;
Күнтеңескен. Өлеңдер мен поэмалар. А., 1986;
Ана туралы жыр. «Өнер», 1987; Шұбалаң. «Жазушы», 1988;
Көнсадақ. «Атамұра», 2004;
Құрдастар. «Раритет», 2008.

Дереккөздер
↑ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
↑ Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
30.03.2016
Вернуться назад