DataLife Engine / Қазақ тілі | Диалектизмдер, Кәсіби сөздер

Қазақ тілі | Диалектизмдер, Кәсіби сөздер

Диалектизм, кәсіби сөздер стилистика мәселесімен тығыз байланысты. Солай екенін оларды стиль түрлеріне қатысы жағынан алып талдағанда айқын көремізі Бірақ, диалектизм мен кәсіби сөздердің стильге қатысын бірдей деуге болмайды. Өйткені бұ-лардың өзді-өзіне тән ерекшелігі, бір-бірінен айырымы бар. Қәсіби сөздер диалектизмге карағанда, Көркем әдебиет және сөйлеу сти-лінде көп кездеседі.» Белгілі бір-көркемдік мақсатпен әдеби шы-ғарма тілінде жұмсалады. Сондай-ақ, публицистикалық стильден де байқалады. Диалектизм ғылыми, ресми-кеңсе стилінде де қол-данылйды. Кәсіби сөздер қажетіне қарай стиль түрлерінін, қай-қай-сысында да бола береді. Кейбір кәсіби сөздің диалектілік те сыңары болуы мүмкін. Кәсіби сөздің ондай диалектизм түрінде келетін сыңары (яғни нұсқасы) стиль түрлерінің бәрінде бірдей қолданылмайды

Қөркем әдебиет стилінде кейбір диалектизм әдеби тілдік бала-масы бола тұрса да қолданылады. Бұл — таза стильдік мақсатпен байланысты мәселе. Қейде бір сөйлемде бір сөзді екі рет немесе одан да көбірек қайталап қолдануға тура келеді. Егер ондай әдеби сөздің жергілікті халық тілінде диалектілік сыңары бар болса да оны жазушылар көркем әдебиет стилінде қолданады. Бірақ Жамбыл облысы тұрғындарының тіліндегі ашық-машық сөзі сияқты диалектизм сөз қайталаудан қанша қашқанмен де, көркем әдебиет стилінде, авторлық ремаркада қолданылмайды. Осы ашық- машық (топса), немесе Жайық маңында аманбыз, сау-сәлеметбіз деген үғымда жұмсалатын мұз қара көк (мұздай қара көк деп те айтады) тәрізді диалектілік қүбылысты автор сөзінде қолданудың орынсыздығын былай қойғанда, кейіпкер тілінің өзінде де үнемі ұтымды бола бермейдічДемек,жергілікті тілдік ерекшелікті көркем әдебиет стилінде қолдануда да белгілі бір шек бар^

Диалектизмнің көркем әдебиет стиліндегі қолданылуы екі түрлі: бірі_—авторлық ремаркада, екіншісі — диалогта. Авторлық ре-маркада, кейіпкер тіліндегімен салыстырғанда,- диалектизм аз қол-данылады Тәжірибесіз қызалак, еш нэрсе түсінбесе керек…Қ,ыза-лақ сэби өзі де дэл көгершін тэрізді (сонда Қанат ағайҚары.нбай бөлесін көз нәлетімен атып, басын шайқайды… Бригада мүшелері-нің бәрі де Тоғайәліге көз нәлеттерін жаудырды (сонда). Дауысы пэтті шықты ғой, не бітіріп қайтты екен (Ә. Нұрпейісов). Күн кеш-тете күндізгі ыстықтық пэті қайтайын деді (сонда).

Ақын, жазушылардын, қай-қайсысының да шығармасынан (мүмкін біреуінде аз, екіншісінде одан көбірек болар) диалектілік ерекшелік кездеспей отырмайды. Өйткені, әр адам, әсіресе әрбір сөз шебері — таза әдеби тілдің ғана емес, сонымен қоса белгілі дәрежеде, белгілі бір аймаққа тән диалектіні де сақтаушы. Жазушы диалектизмді өзінің авторлық баяндауында әдейі қолдануы да мүмкін. Мұның көркем әдебиет стиліне еш оғаштығы жоқ. Мысалы ат жегу деудің орнына кей жерде ат шегу деп те айтады. Соңғы — диалектілік ерекшелік — ж мен ш дыбысының алмасуьл Осы ал-масу көркем әдебиет стилінде оқта-текте бірлі-жарым басқа сөзден де байқалады^өркем әдебиет стилінде кейде жеке сөз түріндегі, яғни лексикалық диалектизм де кездеседі.Мысалы:

Абай күз бойы өзінше бір оңаша, жалғыз болған. Қөбінше домбыра тартып, күй күңіренте береді. Шешен қоңыр домбыра биыл тіпті ділмэр болып алғандай. Көп-көп сырлар айтады. “Саймақтың сары өзенін” тартса да, “Қос қыздыц жылағанын”, “Боз торғайдың шырлағанын тықдаса да баяғы сарын көп жайды баян ететін болды”1^Шақ, қана үн қатып, иек қаққан белгі атқан еді (М. Әуезов). Шалқалап барып шақ қалдым… Шаршап, талып, шақжеттік (Ә. Сәрсенбаев).

Көркем әдебиет стиліндегі авторлық ремаркада шырлағанын, шақ, қызалақ, пәтті, пәті, көз нәлеті тәрізді жергілікті диалектілік ерекшелік сирек ұшырасады. Көркем әдебиет стилінде диалектизм көбінесе диалогта қолданылады. Автор жергілікті жердің тіл ерек-шелігін, сөз байлығын аңғартуды көздеп, кейіпкердің қай жақтың адамы екенін байқату үшін әдейі қосады. Ал әдеби тілдегі стиль-дерде: ғылыми еңбектерде, саяси әдебиеттерде, оқулықтарда, ресми стильде диалектизмдер көркем әдебиет стиліндегі сияқты қол-данылмайды.

Ал кеңсе іс қағаздары стилінде жергілікті жердің тіл ерекшелігі оқта-текте кездесуі мүмкін. Бірақ ондағы диалектизм көркем әдебиет стиліндегімен бір емес. Көркем әдебиет стиліндегі диалог-та қолданылған диалектизмге қарап, кейіпкердің қай жердің адамы екенін, қай жердің жергілікті тіл ерекшелігімен сөйлеп тұрғанын бірден білуге болады.

Осы қылғаныңа исі Үйсін, Дулат мұқым тегі улы жүз баласы мың мэртебе алғыс айттық саған. Ояққа сондай жақсы атың барып жатса, бұяқта досың артып жатсын. Тағын айтқын, айтқылашы, інішегім. Кеудеме, саңылау көрмеген кеудеме нұр төккендей болдың-ау, мүдем тегі (М. Әуезов).— Абай дария болғанда бы-лайғы жүрген бэріміз жар шұқанақ екеміз гой тәйір, шіркін. Бірді күлдіріп, бірді жұлдырып айталы десек те, табатынды таппаппыз да… Көріп отырмыз, о яғын айтпай-ақ қойғын (сонда).— Еше сол Абайдыц Пушкин, Лермонтовтан қазащша жазғаньм білесіц бе?… А, еше, ол сөзді мен есітпей бомайды (сонда).

1 Әуелде “дұрысы жырлағаның болар, әлде бір кездейсоқ қатеден осылай шырларанын болып кеткен шығар” деп ойлаған едік. Бірақ олай болмай шықты. Қітаптың барлық басылымын (1942, 48, 53, 55, 61 жылы шыққандарын түгел қарап шыруға тура келді. Бәрінде де 364, 373, 363, 364, 351-беттерді кара) — шырлағанын. Жазушынын, өз қолжазбасында қалай екен деп, оны да қарадық. Онда да осылай — шырлағанын делінген (ЛММА. КПР. № 2. 421-бет).

Диалектизмге қарағанда, кәсіби лексиканың қолданылу аясы кеңірек. Лексиканың бұл саласына белгілі бір аймаққа ғана тәнкәсіп түрлерімен, мысалы, көмір өнеркәсібімен, мақта балық шаруашылығымен байланысты сөздер, термин ғы әр түрлі атаулар жатады. Бұлар стиль түрлерінің , қайсысында да азды-көпті кездесіп отырады. Әсіресе аймақтағы жергілікті халықтьщ күнделікті ауыз екі тілінде және сол облыстың газет тілінде жиі қолданылады. Кәсіби лек элементі белгілі бір көлемде әдеби шығармалардан да байқала. Мысалы:

Мен бүгін сүген үстадым. Аудың жалғыз көзіне сағалынан га-на ілініп тұр екен. Ол неменіц асау болатыны қайда

— Қыста балықта қауқар қала ма.
— Балықтық ішінде, жарықтық, бекіре ғой жуасы…
— Онан көрі берегіректе, балық тоңдататын үлкен мұз қала бар. Мұз қаланың түкпірінен еңгезердей біреу шықты. Бұл осы промсолда қара жұмысшы. Жаз айларында балықты бабына кел-тіріп түздайтын солельщик (Ә. Нұрпейісов).

Жазушы мақташы не балықшы өмірін суреттеуді мақсат етсе, ол сол шаруашылық саласында бұрын-соңды пайда^болған термин сөздерді, жаңа атауларды аттап кете алмайды.^ Автор оларды көркем әдебиет стилінің шарты бойынша ретіне қарай, қажетінше пайдалана білуге тиіс. Өйтпейінше жазушы өзініңалдына қойған көркемдік мақсатқа толық жете алмас еді. Жоғарыдағы тәрізді белгілі бір кәсіп адамдары туралы жазылған шығармада кәсіби лексика элементтерінін, азды-көпті кездесіп отыратыны міне осы себепті.

Пароход енді сол барған жолын кеңейтуге кірісті. Енді экспе-диция үш мотор, он шақты мотофлюгаларға, кішкене қайықтарға бөліне тиеліп, “айқасца” ұмтылды… Қақпақтары ашылған трюм тереңінен іркілдеген ақ майлар шорши қарғып палубаға түседі. Екі ит балықты екі қолына алып Ақмамбет текубрикке құлайды. Рубка ішінен тек алдыңғы бағытты болмаса, өзге тұсты болжай алар емеспін (Ә. Сәрсенбаев).

Осы үзіндідегі ит балық, сүген, бекіре, ақ май, мұз қала, пром-сол, солельщик, пароход, экспедиция, мотор, мотофлюга, қайык, трюм, кубрик, рубкаатаулары кәсіби лексикаға жататын сөздер.

Мұндай жеке термин түрінде қалыптасқан кәсіби сөздерді көмір өндірісіне байланысты да келтіруге болады. Ондай кәсіп түріне қатысты арнаулы терминдер мен әр түрлі атаулардын, тым’жиілігі шығарма тілінін, жалпы көркемдігіне нүқсан келтіреді. Сондықтан, жазушылар әдетте кәсіби сөздерді өздерінің шығармаларында тек орнымен ғана пайдалануға ұмтылады. Оны, мысалы, мына бір үзінділерден айқын көруге болады.

Шахты асты. Негізгі штректің оң жақтағы еңбектеп жүретін лаваның жоғарғы, ең түбінде, үңгірде 5 адам шамдарын кірептер-ге іліп қойып, көмір шауып жатыр. Штректегі сырылдаған вагон даусы далаға жарыққа шыға алмай қабырғаға соқтығып, көмір сияқты опырылып, ұнтақталып жерге түсетін сияқты (С. Ерубаев). Жер астында уклон, штректерден соңғы бұл бір үлкен жол, бірсыпыра лава, пештердің көмірі осымен өтеді.,

Кәсіби лексиканың әр кезгі даму көрінісін белгілі дәрежеде көркем әдебиет стилінен де көруге болады. Мысалы, әлгі штрек, лава, уклон, креп дегендер сол 1920—30 жылдарда өндірісте жиі кездесіп отырады.Бірақ, халық шаруашылығының неше алуан са-ласындағы атап айтқанда, ғылым мен техникадағы, сондай-ақ-өзге де кәсіп түрлеріндегі күнделікті өзгеріске сәйкес бұлардың кейбірі қолданудан шығып қалды не оларға жаңа атаулар қосылды\ Айталық “Менің құрдастарымнан” “Қарағанды” романы әлдеқаида соң жазылды. Онда да өндіріс өмірі, кеншілер тұрмысы суреттеледі. Кәсіби лексикада кейін пайда болған атаулар, тың ұғымдар бұл шығарманың тілінен де айқын сезіледі. Мысалы: Алдында қос темір жолдың түйіскен басында барабан. Барабанға оралған стальарқанның екі ұшы екі вагонеткада… Көміршілердіц қолында — врубмашина, электровоз, электрлі балға, конвейерлер ойнайды… Машина қайланыжойса, темір астау адам терін суша төккен, ташке, шана түгілі лавадан вагонеткаларды қуды. Электр теңсеген рештак ондаған адамнан өнімдірек істесе де, экім қанағаттанбапты (Ғ. Мұстафин).

Кәсіби лексика публицистикалық стильде де, мысалы, түрлі жол жазбада, очеркте т. б. ара-тұра қолданылады. Автор оны мұнда да сол суреттеліп отырған уақиғаны оқушының көз алдына нақтылы түрде, дәл елестету үшін пайдаланады^

Сонымен МРС-“;а барып реюшка алдық. Онымыз желкенмен жүретін үлкен қайық.— Қайықты басқарушы кім?— деген менің сұ-рауыма: “Бұл араның тілінде ондай басқарушыны көршік дейді… Мәштің (мачта — кеменің ортасында желкенді көтеретін діңгек) жоғаргы жартысына көлденең жайылып, жарғанаттың қанатына ұқсап керіліп тұрған парызды Мүсілім оң қабыргадан сол қабырғаға шығарды (С. Мұқанов).

Қазақ тілінде кәсіби сөздер әр алуан қаулы-қарарда, есеп до-кументтерінде, анықтама-мәлімет қағаздарында, ‘яғпи ресми-кеңсе стилінде де кездесіп отырады. Олар сондай-ак ғылыми стильде де, атап айтқанда, арнаулы зерттеу еңбектердің тілінде де қолданыла-ды. Мысалы: “Бұл айтылған анықтамалар, мысалдар және фактілер (распор, сүзгі, ақаң, шаң т. б.) профессионалдың лексиканың жаргоннан жэне кейбір элеуметтік топтардыц тіліндегі өзгешелік-тен (аргольщ т. б.) айырмашылығын ашып көрсетеді. Профессио-налдың лексиканың элементтері эр алуан кэсіптің өндірістіц туып дамуымен байланысты жасалады жэне лексикалық (завод, цех т. б.), лексика-семантикалыщ (ұйық, балық ұйығы т. б.), мор-фологиялық (ұйық, ұю т. б.), стилистикалық (мықын, жылымның мықыны т. б.) жағынан ерекше өзгешелікке, кәсіпшілік, өндірістік сипатқа иелік етеді” (Ғылыми мақаладан).
19.12.2012
Вернуться назад