DataLife Engine / Қазақ тілі | Фразеологиялық синонимдер

Қазақ тілі | Фразеологиялық синонимдер

Тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелердің бір-бірімен мағына ұқсастығын әдетте фразеологиялық синоним дейді. Мысалы, жұм-ған аузын ашпау “үндемеу”деген сөзге эквивалент болса, екінші жағынан, тіс жармау, лэм демеу деген сөз тіркестеріне синонимдес эквивалент болады.

Фразеологиялық синонимдер екі, үш, төрт, одан да көп болып келе беретіні байқалады, Мысалы:

Телегей-теңіз, көл-көсір (көп). Ит жанды, жылқы мінезді (төзімді). Маңдайы ашылран, қыдыр дарыған, бақ қонған (бақытты). Сағы сыну, тауы шағылу, жүрегі шайылу (беті қайту). Тайға таңба басқандай, атқан таңдай, соқырға таяқ ұстатқандай (айқьш). Сақалын сипап қалу, тұзға отырып қалу, тақырға отырып қалу, аузы күю (алдану). Көзді ашып жұмғанша, кірпік қаққанша, иек кө тергенше, қас пен көздің арасында, көз ілеспеу, ауыз жиғанша, тіл қатқанша, ә дегенше, әне-міне дегенше, әп-сэтте (жылдам, лезде).

Кейбір фразеологиялық синонимдер бірінен соң бірі сатылап дамып, сөз тіркестерінің мағынасы кеңейе түскен. Бұған уақыт пен қашықтықты білдіретін фразеологизмдерді мысалға келтіруге бо-лады: шай қайнатым, сүт пісірім, ет асым, бие сауым; таяқ тастам, арқан бойы, қозы көш жер, көш жер, ат шаптырым т. б.

Фразеологизмдердің бір ерекше сипаты — мақал-мәтелдердің өз ара синонимдес келуі.Мысалы

1.Алдыңғы арба қалай жүрсе,
Соңғы арба солай жүреді

2 Сиыр су ішсе.
Бұзау мұз жалайды.

1.Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар. .

2.Қотыр колдан жұғады,
Пәле тілден жұғады

85

1.Өзінің түйедейін көрмей,
Біреудің түймедейін көрген.

2 Жығылып жатып,
Сүрінгенге күлген.

1. Ақ жүрген адам азбас.
Аққа құдай жақ.

2. Тек жүрсең,
Тоқ жүрерсің т. б.

Сөйтіп фразеологиялық синоним дегеніміз — әр түрлі образға құрылған, бірақ мағынасы бір-біріне жақын, тұрақты сөз тіркестері.

Фразеологиялық синонимдерге плеоназмдар мен перифразалар1 да жатады.

Плеоназмдарға мысалдар: жарым-жарты, самал жел, ұлан-бай-тақ, қоңыр салқын, жарық сэуле, сәске түс, ақыр аяғы т. б.

Перифразаларға жататындар: қыз бала — тақия тігер, қырық жеті (архаизм); ер бала—ат ұстар, еркек кіндік; ақшам аз — қалтам таяз; арақ — ақаң, ақмағамбет, көк мойын, ащы су, зэм-зәм суы т. б.

Перифразаның ерекше бір түрі — эвфемизм. Перифразаның бұл түріне бірнеше мысал келтірейік. Өтірікші — аузының желі бар; түсінеді — төбесі тесік;ұры — қолының жымқырмасы бар; ұрлық қылмайды — біреудің ала жібін аттамайды; ұрлану — қолды болу; өлді — келмеске аттану, пейішке аттану, жан тәсілім қылу, о дүниеге аттану, мәңгі ұйқыға кету, жаны жаһаннамға кетті, өсек-сыбыс — сымсыз телефон, ұзын құлақ. Эвфемизмдер осылайша әр түрлі себептермен астарланып айтылады. Яғни жағымсыз қылықтарды сыпайылап, жұмсартып айтуды көздейді. Егер діни ұғымға байланысты эвфемизмдерді айтпасақ, жалпы тілдік эвфе-мизмдердің негізінен анайы, тұрпайы сөйлеуден сақтандырып, сы-пайы болуға баулитыны байқалады. Бұдан халықтың тілді жоғары эстетикалық талғаммен пайдалануын көреміз.

Фразеологиялық синонимдер бір-бірінен семантикалық реңіне, стильдік бояуына және қолдану аясына қарай ерекшеленеді. Мыса-лы, тайға таңба басқандай, атқан таңдай, соқырға таяқ ұстатқандай синонимдері ашық, айқын деген ұғымды білдіретін мағынасы жақын сөздердің тіркестері болғанымен, олардың экспрессивті қасиеті мен қолдану аясы бірдей емес. Мұндай өзгешелікті алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба солай жүреді мен сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды сияқты мақал-мәтелдерден де байқаймыз. Ал кейбір фразеологиялық синонимдер бірыңғай болып келеді: беті қайту, сағы сыну, тауы шағылу, жүрегі шайылу т. б.

1 Перифраза (грекше речі — айнала,— рһгазіз — айтамын) — белгілі бір ұрымды әдеттегіден басқаша сөз орамы немесе сөз тіркесі арқылы түсіндіру.

Қазіргі Қазақ тілі фразеологиясы осындай белгісіне қарай мы-надай үш топқа бөлінеді: 1. Бейтарап қолданылатын фразеоло-гизмдер. 2. Сөйлеу тілі фразеологиясы. 3. Қітаби сипаттағы фразеология.
11.12.2012
Вернуться назад