DataLife Engine / Қазақ тілі | Морфологиялық тұлғалардың жеке стилъ түрлеріне қатысы

Қазақ тілі | Морфологиялық тұлғалардың жеке стилъ түрлеріне қатысы

Тіліміздегі сөздердің кейбір топтары белгілі бір стильдік салаға (мейлі ол жазба стиль болсын, әлде сөйлеу стилі формасы болсын) тән болып, қалыптасқан жүйеде ғана қолданылатыны тәрізді, кейбір морфологиялық тұлғалардың да бір жүйеде ғана, бір ыңғайда ғана қолдануға бейімділігі көзге түседі. Әрине, морфологиялық тұлғаның бір ғана стиль құрамында жиі жұмсалуы оның әдеби тілдің басқа бір саласында кездеспейтіндігін дәлелдемейді. Ол тұлға басқадан гөрі сол стильде жиі қолданылады, сол мән-мағынада біршама қалыптасқан деп қана түсінілгені мақұл. Сондықтан да әдеби тілдің тек бір ғана саласында морфологиялық тұлғалардың қолданылып, басқа ыңғайда кездеспейтін түрлері аса сирек. Өйткені морфологиялық категориялар, жеке сөздердей емес, сөйлемнің субъективтік мәнеріне тікелей қатысты бола бермейді. Қебіне ойдың, хабардың объективтік мазмұнымен тікелей байланысты болып келеді.

Сонымен, әдеби тілдің белгілі бір стильдік саласьшда жиі қол-данылуға бейім морфологиялық түлғалар бар.

Қазақ әдеби тілінің құрамындағы стильдік салалар морфоло-гиялық құрамы жағынан бір-бірінен соншама алшақтап кетпейді. Кұрамында жиі жұмсалатын морфологиялық тұлғалардың сипатына қарай, жазба стильдерді негізінен екі топқа бөлуге болады. Морфологиялық құрамы тұрғысынан кеңсе стилі мен ғылыми стиль бір-біріне жақын, бір-бірімен орайлас. Сол сияқты публицистика-лық стиль мен көркем әдебиет стилі бір-бірімен үндесіп жатады. Соған орай публицистикалық стильде жиі кездесетін морфоло-гиялық тұлғалар көркем әдебиет тілінде де біршама жиі қолда-нылады.

Кеңсе және ғылыми әдебиеттер тілінін, басты бір ерекшелігі олардың құрамында автордың субъективтік көзқарасы, қатынасы көрінбейді. Соған орай кеңсе қағаздарының (куәліктер, ақпарлар, қаулы-қарарлар, қатынас қағаздар т. б.) тілінде, сондай-ақ ғылыми әдебиеттер тілінде кішірейткіш мәнді аффикстер көп қолданыл-майды. Бұл жерде әсіресе қолданылмайтындар — сын есімнің кіші-рейткіш мәнді жұрнақтары: -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу (ұзын-дау, сұңғақтау, үлкендеу, қисықтау т. б.) -ғыл, -ғылтым, -ғыш, -ілдір (қызғылт, сарғыш, қызғылтым, көкшіл, көгілдір т. б.). Бұ-лардан белгілі бір мағыналық топқа жататын сөздер – ғана жасалады. Соған орай бұл аффикстер арқылы жасалған сөздердің қолданылу өрісі де аса кең емес, -аң, -ең, -қай (босаң, алаң көз, сидаң жігіт т. б.), -ша, -ше (шоқша сақал, биікше) т. б. аффиксті-сын есімдер де сирек ұшырайды.

Зат есімге қосылып, кішірейткіш мәнге үстеме экспрессивтік мәнер туғызатын аффикстер де мұндай стильдік салаларда жиі кездесе қсймайды. Олар мына тәрізділер: -тай, -ке, -ш, -жан, -сы-мақ (атеке, ағеке, ағатай, жеңгетай, Дінмұхамет — Димаш, атсы-мақ, адамсымақ), -ша, -ше, -шақ, -шек, -шық,- шік, -қан, (бұзау-қан, үстелше, бақыршық,). Мысалы, кісінің жеке портретін айтып, түстеме жасалатын кеңсе қағазына “бойы ұзьмша, өңі ақ құбаша” деп жазудың ешбір қажеті жоқ. Немесе қатынастар мен ақпар қағаздарында, мал шаруашылығы жайлы статистикалық мәлімет-терде “эрбір 100 сиырдан 100 бұзауқан алды” деп жазуға болмайды. Дегенмен, бұл ыңғайда мынадай жайларды да ескеру қажет. Әдетте сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері сөз қолданудың тарихи — дәстүрлік ерекшеліктерімен астасып, сонымен ұштасып жатады. Әдеби тіл дамуының бір кезендеріңде әр түрлі тарихи жағдайлардың ықпалымен жеке туынды сөздір өздершің семантикалық және экспрессивтік ерекшеліктеріне қарамай, басқа бір мәнде, қолданыста қалыптасып отырады. Мысалы, кішірейткіш мәнді аффикстер арқылы жасалған сөздердің кейбірі кеңсе стилінде, әсіресе ғылыми әдебиеттер тілінде жиі қолданылады. Мысалы: кітапша, бұтақша, жақша, бозша (торғай), жарғақша, қараша тәрізді сөздер кеңсе қағаздары тілінде де, ғылыми әдебиет тілінде де жиі қолданылатын сөздердің қатарына жатады. Себебі бұлар белгілі бір салаға қатысты термин сөздер болып калыптасқан. Соның салдарынан сөз құрамындағы аффикстерге тән экспрессия жоғалып, тура мәнінде ғана ұғынылады. Егер ботаника ғылымы саласында жазылған ғылыми еңбектің тілінде бұтақша сөзі кездессе, оқушы сөз құрамындағы -ша аффиксінен туар экспрессияны байқамас еді. Ал психология жөнінде жазылган еңбекте мишық терминінің қолданылуы әбден орынды, егер ол айтылмай басқа бір сөз қолданылса, оқушы ұғымында қалыптасқан түсінік шатасар еді. Әрине, бұдан басқа ыңғайда айтылатын мишық сөзі жағымды мағына бермейді. Сондай-ақ қараша сөзі астрономиялық мәнде жұмсалғанда қара да емес, қызыл да емес, қоспа түс дейтін мән туғызбаса керек. Әр жыл сайын белгілі бір мезгілде қайталанып отыратын табиғи құбылысты ғана білдіреді.

Ғылыми стиль мен кеңсе стилінде аса сирек, кейде тіпті кез-деспейтін морфологиялық тұлғалардың бірі сын есімнін, салыстыр-малы, күшейтпелі шырай түрлері. Әдетте автордың іске, ойға, қи-мылға субъективтік қатынасын білдіретін грамматикалық тәсілдер болып саналатын бұл тұлғалар мынадай: а) сын есімнің салыстырма түрлерін жасайтын аффикстер: -рақ, -рек (үлкенірек, қызылырақ, сарырақ); ә) -қып-қызыл, сап-сары түрінде, яғни толық мәнді сөздің алғашқы буыны қайталану арқылы, сондай-ақ, өте, аса, тым, тіпті, шым сөздерінің негізгі сын есімдерге тіркесіп келуі арқылы (өте қызыл, өте жақсы, тым жақсы, шым қызыл т. б.) жасалатын күшейтпелі шырай түрлері. Іс қағаздарында, ғылыми әдебиеттер тілінде -рақ, -рек тұлғалы сын есімдердің орнына заттың, әлде сапаның бір-бірінен проценттік айырмашылыгын көбірек айтады. Сондықтан “Заводтың бірінші цехы айлық, жоспарды 12°/0 артық орындады” дейтін сөйлемді “Заводтың бірінші цехы айлық, жоспарды артығырак, орындады” деп жазу кеңсе стиліне тән емес. Өйткені кеңсе стилінің негізгі ерекшелігі — іс-әрекетті болған күйінде, қалпында, аумақ-шеңберінде дәл де айқын жеткізу. Бұл іспеттес сөз қолданыс публицистикалык әдебиеттер тіліне тән. Сын есімнің күшейтпелі, асырмалы түрлері кісі ойының әсерлілігін, эмоциясын білдірудің құралы. Өз ойын әсерлі де әдемі жеткізуді ойласа, сөйлеуші жап-жақсы, тап-тамаша, қып-қызыл, шымқай аппақ тәрізді әсіре мәнді сын есімдерді жиі де үстемелей қолдана-ды. Ал кеңсе қағаздары мен ғылыми әдебиеттерде олардың орнына заттың, әлде сапаның бір-бірінен айрықша артықшылығы сан мөлшерімен ғана айтылады, не синтаксистік конструкциялар ар-қылы беріледі.

Кеңсе және ғылыми әдебиет стиліне ортақ морфологиялық тұл-ғалар деп мына төмендегілерді көрсетуге болар еді:

Зат есімдік және сын есімдік түбірден зат есім тудыратын -лық, -лік (-дық, -дік, -тық, -тік) жұрнағы. Бұл арқылы әр түрлі мағына-лық топтарға жататын сөздер жасалады. Ондай сөздердің бірсылы-расы азаматтық, дұшпандық,, үстемдік тәрізді абстракт ұғымдарды білдірсе, бірсыпырасы тереңдік, жуандық, қалыңдық, жылдамдық, ауырлық тәрізді зат пен құбылыстың әр түрлі қалыбы мен күйін, жағдайын білдіреді. Бұлардың басым көпшілігі терминдік мән алып, нормаға айналған қалыптасқан атаулар болып кетті. Мысалы,бейтараптық, серпімділік, оқулық, сөздік, жылылық, дымқылдық т. б. Бұлар — бүгінгі тілімізде ғылым мен шаруашылықтың әр саласында қолданылатын қалыптасқан атаулар.

-лық аффиксі арқылы нақтылы зат атауы да жасалады. Мысалы: белдік, ауыздық, егіндік. Халық тіліндегі осы ізбен қазіргі әдеби тілімізде орталық, сөздік, өсімдік, оқулық тәрізді жаңа сөздер пайда болды. Жеке ғылым салалары мен шаруашылықтың, техниканың түрлеріне қатысты осындай жаңа сөздер жасау процесі тоқтап қалмай, әрі қарай өрістей бермек.

-шылық, -шілік аффиксі арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіп-тің, шаруашылық түрлерінің немесе әлдебір абстракт күй-қалыптың атауы болып отырады. Мысалы: мақтаншылық, диқаншылық, оқытушылық, ойланушылық, т. б.

-шылдық, -шілдік аффиксі арқылы жасалатын төрешілдік, кеңсешілдік, гегельшілдік, кантшылдық, тәрізді сөздер көбінесе саяси әдебиеттер тілінде қолданылады.

Абстракт ұғым атауларын немесе зат пен құбылыстың қандай да бір болсын айрықша- белгісінің атауын жасайтын -лылық (-лі-лік, -дылық, -ділік, -тылық, -тілік) аффиксі арқылы жасалған сөв-дер де ғылыми әдебиет тілінде, ішінара кеңсе стилінде де кездесіп отырады. Мысалы: музыкалық, қуаттылық, зетнділік, екпінділік, айнымалылыщ, серіппелілік т. б.

Халық тілінде белгілі бір зат атауын жасауда ертеден қалып-тасқан тәсілдің бірі — етістік сөздерден -қыш (-кіш, -рыш, -гіш) аффиксі арқылы жаңа сөздер жасау. Сыпырғыш, жапқыш тәрізді сөздер осы жолмен пайда болған. Кейінгі дәуірлерде бұл ғылым мен техника салаларында жаңа атау жасаудың өнімді тәсілдерінің біріне айналды. Қейінгі кезеңде қалыптасқан жылытқыш, сепкіш, мұздатқыш тәрізді атаулар да осы жолмен пайда болды.

Әдетте етістік сөздерден есім жасайтын -ма, -ме, (-ба, -бе, -па,-пе) қосымшылары да әр түрлі документтер атауларын, сондай-ақ жіктелген зат атауларын жасаудың өнімді тәсілі. Қеңсе қағазда-рында қалыптасып кеткен анықтама, жолдама, мінездеме, сипат-тама, хабарлама, ескертпе, сілтеме, жарнама т. б. атауларды немесе тұнба, қоспа, шығарма, тұндырма тэрізді ғылымның әр түрлі са-лаларына қатысты сөздер осы аффикс арқылы жасалып қалып-тасты.

Кеңсе қағаздары мен қоғамдық ғылымдар жайындағы әдебиет-терде көп қолданыс табатын аффикстердің бірі — сын есім жасай-тын -лық (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік). 20—30-жылдардағы әдеби тілімізде -лық аффиксі мен оның қыскарған түрі -лы аффиксінің қолданылуында белгілі бір шек болмағандығы мәлім. Ол кездерде ауылдық совет тіркесі ауылды совет, тіпті “Социалистік Қазақстан” газетінің аты “Социалды Қазақстан” түрінде айтылып, жазылып жүрді. Әдеби тіліміздің кейінгі даму барысы -лық аффиксін көбіне ресми атаулар мен термин сөздер құрамына теліді де, -лы аффиксі затқа, құбылысқа тән ерекшелікті білдіретін қарапайым сын есімдер жасайтын тәсіл болып қалды. Бұл аффиксті қолдануда сөз мағынасының мәнері де есте болу керек. Егер айтылатын ой, білдірілуге тиіс мағына бірыңғай ұғымдарды ажыратуға негізделсе, онда -лы аффиксін қолдану әлдеқайда ұтымды. Мысал үшін қалалы жер тіркесін алайық.

Осы тіркестің алғашқы компонентіне -лық ’аффиксін қосып қалалық жер деп айту сырт көзге бірдей болғанмен, мағыналық жағынан дәл емес. Мұндай реттердің бәрінде тек қана -лы аффиксі қолданылады Осының ізімен тілімізде колхоздық ауыл, минералдық су делінбей, колхозды ауыл, минералды су деп қана айтылады. Дегенмен, -лык, -лы аффикстерінін, қайсысының қолданылуы сөз мағынасының өзгеруімен ұштасып жататын кездері болады. Айталық, физикада колданылатын космостьқ сәулелер терминін космосты сәулелер деп, математикадагы эвклидтік кеңістік терминін эвклидті кеңістік деп айтуға немесе жазуға болмас еді Өйткені тіркестің алдыңғы компоненттері соңғылардың тәндік белгісін білдірмей, қайта олардың (екінші компоненті білдіретін құбылыстардың) шығу тегін айқындап тұр. Сондықтан мұндай реттерде -лық аффиксінің орнына -лы ны қолдану сөз мағынасын бұрмалау болады.

Дегенмен -лық аффиксін терминдік сөз тіркестерінің құрамында қолдануда да сөз қолданыстың қалыптасқан жүйесін және терминдік тіркестің мәнін еске алу керек болады. Мысалы, физикада және техника салаларында жиі айтылатын автогенмен пісіру тіркесін автогендік пісіру деп жазу — сол терминнің мәнін түсінбеушіліктің салдары. Өйткені автоген — дерексіз құбылыс емес, қолға ұстап, көзбен көруге болатын зат. Халық тілінде мұндай реттерде көмектес жалғауын қолданады да,балтамен шапты, пышақпен кесті деп айтады. Жаңағы қисында да автогендік пісіру емес, автогенмен пісіру деп айту әрі сол құбылыстың мәнін түсінгендік, әрі халық тілінің қалыптасқан ізін сақтау болады. Сондай-ақ математикада қолданылатын теңбе-тең ауыстыру (тождественная подстановка) терминін орысша нұсқасына қарап теңбе-теңдік ауыстыру деп өзгерту осы тіркестін, айтылуын, түсініктілігін ауырлату- дан басқа пайда бермейді. -лы аффиксінің қолданылуына байланысты тағы бір ерекшелік -у тұлғалы қимыл есімге жалғанған -лы -ған (есімше тұлғасы) қосымшасына синоним болуы бар. Сөйлеу, жазу тілінде ұшырасатын күзеулі жылқы, жиюлы жүк, тү-рулі есік (киіз үйдің) тәрізді тіркестер құрамындағы -лыаффиксті сөздерді күзелген, жиылран, түрілген деп те өзгертіп айтуға болар еді. Әрине, әрқайсысының өзіне тән қолданыс мәнері бар, бірақ мағыналық алшақтық жоқ. Ал, -лық аффиксті сөздер мұндай сино-нимдік қатар құрай алмайды.

Кеңсе стилі мен қоғамдық ғылымдар саласындағы әдебиеттер тілінде халықаралық, көзқарас, еңбеккүн, жалақы тәрізді бірікксн сөздер жиі қолданылады. Іс қағаздарында еңбеккүн орнына еңбек еткен күні деп жазу тән емес, онда әрқашан бір ұғымда қалып-тасқан, жинақы біріккен сөздер көбірек қолданылады. Бұл ойдың айқындығын, сөз жинақылығын, ұғым тұрақтылығын сақтау мак-сатынан туады. Дегенмен, әдеби тілімізде табиғи бірікпеген сөздер-ді әр кез біріктіріп қолдануға әуестік көбінсе осы кеңсе қағазда-рында кездеседі. Әрине тіл заңдылығымен сыйыспайтын ондай сөз қолданыстар ұзақ баяндамай, тұрақтамай қайтадан бұрынғыша өз қалпында айтылатын болады.

Әдеби тілімізде ескі кітаби тілден қалған -мыш аффиксі арқылы жасалған сөздер аса көп емес. Бірақ сол барының өзі көпшілігінде ғылыми әдебиет тіліне қатысты болып келеді. Болмыс, тұрмыс тәрізді сөздер философия мен тарихқа қатысты әдебиеттер тілінде аса жиі кездеседі.

Публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стиліне ғана тәи айрықша морфологиялык тұлғаларды көрсету қиын. Бұл — олар-дың өзіндік ерекшеліктерімен ұштасып жатады. Публицистикада да, көркем әдебиетте де әдеби тілге тэн морфологиялық тұлғалардың барлығы бірдей қолданылады. Кейде тіпті әдеби нормаға жат-пайтын, халық тілінің жергілікті ерекшеліктері деп танылатын грамматикалық тұлғалар да ретіне қарай жұмсалып отырылады. Әсіресе кеңсе стилі мен ғылыми әдебиеттер тілінде ұшыраса қой-майтын экспрессивті-эмоциялық мән туғызатын грамматикалық тұлғалар жиі кездеседі және олар белгілі дәрежеде авторлық өң-деуден өтіп, қосымша сыр-сипат алады.

Морфологиялық тұлғалардың қолданылу ерекшеліктеріне қарай жазба тіл мен ауызекі сөйлеу тілін айырып қарау қажет. Сөйлеу формасының бұл екі түрінің айырмашылығы бірінің дауыс ин-тонациясына, ал екіншісішң жазуға негізделуінде ғаыа емес. Ауыз-екі сөйлеу тілінде жеке сөздердің қолданылуының бір ізге түсе бермеуі тәрізді, морфологиялық тұлғалардың қолданылу жүйесі де қатаң сақтала бермейді. Сөйлеудің ол формасында, ең алдымен, күрделі етістіктерді (негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесі) барынша қысқартып, бір сөз есебінде айту басым. Мысалы: бара жатырмын, келе жатырмын, айтып жатырмын тәрізді осы шақ мәнді күрделі етістіктер айтылуда көбінесе ^ баратырмьм, келатырмын, айтыпатырмын болып қысқарып кетеді. Сондай-ақ, жүйеге түсіп қалыптасқан жазба тілде үшырай бермейтін баска да құбылыстар ауызекі сөйлеуде кездесе береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу тілінде сын есімнің шырайлық түрлерінің үстіне -лау, -тау аффикстерін қосарлай айту да бар: үлкеніректеу, молырақтау, жуанырақтау, жіңішкеректеу т. б. Жазба әдеби тілге бұлайша қо-сарлап айту тән емес. Оның себебі мынада: -рақ аффиксі де, сол сияқты -лау, -леу аффиксі де екі заттың бір-бірінен салыстырма артықшылығын не кемдігін ғана білдіреді. Ал жазба әдеби тіл грамматикалық тұлғаларды жіктеп, саралап қолдануға ұмтылады. Сол себептен екі түрлі тұлғанын, бір ғана мәнде қолданылуын қа-жет етпейді.

Сөйлеу тіліне тән ерекшеліктің бірі — бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы кұрамында келген соң шылауының қысқартылып, жалғау дәрежесінде айтылуы. Сөйлеуші мен мектепке барған соң… тәрізді бағыныңқы сөйлем баяндауышының құрамындағы негізгі сөз бен шылау сөзді нақтап бөліп жатпай, шылауды жалғауға ай-налдырып, мен мектепке барғасын түрінде айтуы да мүмкін. Ауы-зекі сөйлеу тілін ерекшелейтін кейбір морфологиялық белгілер осындай.

Жазба тіл о баста ауызекі сөйлеу тілінің негізінде қалыптасса да байи, дами келе, нормалары қалыптаса келе, ауызекі сөйлеу тіліне қарағанда жүйеленген, құрамындағы грамматикалық тұлғалары қызметі мен мәні жағынан сараланған тіл болды. Жазба тілдің осы ерекшелігі оның болашақта ауызекі сөйлеу тіліне ықпал жасауына мүмкіндік береді. Сондай ықпалдың нәтижесінде сөз бен тұлғаның жазба тіл құрамында қалыптасқан сөз қолдану ерекшелігі ауызекі сөйлеу тіліне де ауысып орнығады. Алайда ауызекі сөйлеу тілі айтылар ойды қосымша эмоциямен, экспрессивтілікпен толықтырып жеткізуде жазба тілде жоқ ерекше тәсілдерді пайдаланады. Айтушы өз ойын айтқанмен, сөзбен жеткізе алмайтын немесе айтқысы келмейтін жерлерін көз бен беттің құбылысы арқылы, не қол қимылы, әлде дауыс интонациясы арқылы аңғартады. Кей реттерде сөздін, қай мән, қай мақсатта айтылып тұрғаны сөйлеушінің дауыс ырғағынан байқалады. Бұлардың барлығын жазу арқылы белгілеу мүмкін емес. Мұндай реттерде жазба тіл грамматикалық тұлғалардың қызметін, мән-мәнерін саралап, жіктеп колданады да, сол арқылы қосымша мән-мәнерді беруге ұмтылады.

Жазба тілдін, кейбір морфологиялық ерекшеліктері төменде-гідей:-мақ тұлғалы етістіктердін, жіктеліп те, басқа бір көмекші сөзбен тіркесіп келіп те мақсатты келер шақ мәнінде жұмсалуы… бармақпын, бармақ, едім тәрізді баяндауыштық қызметте жұмса-латын морфологиялық тұлғалар көбіне-көп жазба тілге тән. Ауызекі сөйлеу тілі мұндай ыңғайда көбінесе… барамын деп едім…тәрізді тұлғаларды айтуға бейім. -и жұрнақты сын есімдердің жиі қолданылуы: мэдени, эдеби, ғылыми, т. б. Ауызекі сөйлеуде осы тұлғалы сын есімдер жазба тілдің әсерімен орнықса керек. -с, -ыс, -іс түлғалы қимыл есімдер жазба тілде түбір күйінде де, септеліп әлде басқа бір көмекші сөздермен тіркесіп келіп те сан қилы мағына туғыза алады әрі жиі қолданылады. Ауызекі сөйлеу тілінде ондай мағыналарда көбінесе -ған тұлғалы есімшелер жұм-салады. Жазба тілде, мысалы, іс-қимылдың күй-қалыпқа байла-нысты мезгіл-уақыты жатыс жалғаулы -с қимыл есімі не оның кө-мекші есіммен тіркесі арқылы (қысылыста, қысылыс үстінде) бе-рілсе, ауызекі сөйлеу тілінде -ған есімшелерінің жатыс тұлғасы жұмсалады. Сонымен қатар, жазба тілде керек, тиіс, мэлім, қажет тәрізді модаль сөздер, сондай-ақ болуы мүмкін, болуға міндетті, бармақ керек, баруға тиіс тәрізді модальдық конструкциялар жиі кездеседі.
10.12.2012
Вернуться назад