DataLife Engine / Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Толымды жәнe толымсыз сөйлемдер

Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Толымды жәнe толымсыз сөйлемдер

Айқын ойлы кісінің әрбір сөйлемі дұрыс құралып, ой-пікірі же-тер жеріне жеткізіле айтылады. Ол үшін тілде бар әр алуан сөйлем түрлерін дүрыс ойдың формасы ретінде пайдаланады. Мысалы, жазушының кітабына көз жіберсек, не баяндамашының сөзіне құ-лақ қойсақ, олардың, сөзінде сөйлемнің әр түрі болатынын ақғара-мыз. Соларға синтаксистік талдау жасау арқылы дәл айқындауға болады. Ал жазушы мен баяндамашы ойын хабарлауда мына жерде сөйлемнің мына түрін пайдаланайыншы, мына түрін қоя тұра-йыншы деп жатпайды. Тілді жақсы білген кісі оның байлығына қанық болады да, тілдік жалпы дәстүр, үйреншікті дағды, тілдік сезім бойынша ойын дәл беретін сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлем түрлерін пайдалана береді. Ол білгенін саналы сезім, стильдік тұрғы талаптарымен ұштастыра білсе, құпа-құп. Тіл байлығына қанық болудың екі жолы бар: біріншісі — ата-ана (семья), халық “мектебі” қазанында қайнап пісу, екіншісі — халық тілін, әдеби тілдің заңдылықтарын дербес пән ретінде бастауыш, орта, жоғары дәрежелі оқу орнында оқып үйрену. Бұл екі жолды ұштастырса тілдік тәлім-тәрбиеге, ғылыми тірекке арқа сүйеген кісінің сөйлеген сөзінде, жазған жазуында стильдік кате көп болмайды.



Стилистика ғылымының талаптары бойынша — ойың анық, дәл айтылсын, бірде-бір шашау шыққан басы артық не жетіспей жатқан сөз, дұрыс қүралмаған сөйлем болмасын дейміз. Сол талаптар негізінде біршама аяқталған ойды т о л ы м д ы сөйлеммен де, т ол ы м с ы з сөйлеммен де беруге болады, бірақ соның екеуі де бел-гілі стильдік талапқа сәйкес құралуға тиіс. Әдетте ойды толық, дәл, барынша түсінікті етіп айту үшін құрастырған сөйлемдер толымды болсын деп үйретеміз. Әсіресе мектеп оқушыларына, студенттерге тілден сабақ бергенде, сұрақтарға жауап қайырғанда, олардың құрастырған сөйлемдері толық, ойы “семіз” болса екен дейміз. Екінші жағынан, аз сөзбен көп мағына білдіруді көздейміз. Осы екі талап тұрғысынан сөйлемдерді толымды етіп те, толымсыз етіп те кұрай беруге болады.



Т о л ы м д ы сөйлемнің сипаттамасы — белгілі ойға керекті сөздердің сөйлем ішінде түп-түгел айтылатындығы. Ол үшін сөздің санының көп болуы шарт емес. Мысалы, Раушан үнсіз отыр деген толымды сөйлем үш сөзден құралған. Раушан біреуден жэрдем сұраудың жайын қарастырып отыр еді (Б. Майлин) деген де то-лымды, сегіз сөзден кұралған. Бұл екі сөйлемнің екеуінде де ай-тылған ойды көмескі етіп тұрған не әлі де дәлелдеңкірей түсер сөз мынау дей алмаймыз. Ал Жасымда ғылым бар деп ескермедім (Абай) деген — толымсыз. Мұнда “Мен” деген бастауыш айтылма-ған. Оны ерекше айтудың да керегі жоқ. Өйткені “ескермедім” де-ген сөзге жалғанған жіктік жалғауынан (-дім) бастауыштың “мен” екені түсінікті. Мен көрдім ұзын қайың құлағанын (Абай) деген сөйлем толымды, оның бастауышы (мен) баяндауышқа жалғанған жіктік жалғаудан да белгілі болып тұрғанмен, оны түсіріп, сөйлемді толымсыз етіп айтуға болмайды. Өйткені Абай өлеңінің сол сөйлемінде “мен” деген бастауышқа ой екпіні түсіп, сол сөз сөй-лемде басқа сөзден басым мағынада айтылған.



Сөйтіп, ойды кейде толымды сөйлем арқылы айту жөн болса, кейде толымсыз сөйлем арқылы айтқан жөн. Бұл сөйлем түрлернің кайсысын қолданған дұрыс екенін белгілі контексте ғана сти-листика талаптарына сүйеніп топшылауға болады. Сөйлемнің то-лымсыз болуы — шұбалаңқылықты ықшамдылық арқылы жеңудің тәсілі, бірақ толымдының бөрі шұбалаңқылықтың белгісі емес,— ой дәлдігін сақтаудың амалы. Сондықтан, мысалы, Кеменің алдыңғы тұмсығында …мен тұрмын дегендегідей екпін түскен бас-тауыштарды түсіріп айту елеулі стильдік қате болар еді.



Толымды сөйлемдер ғылыми әдебиет стилінде жиі қолданылады да, толымсыз сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілінде, көркем әдебиетте жиі қолданылады.



Сөйлеу тілінің бір ерекшелігі — онда әдетте екі не одан көп адам өз ара беттесіп сөйлеседі. Олай сөйлескен кісілердің пікірлесу тілдік қарым-қатынасы тығыз болатындықтан, олардың сөйлемдері қысқа-қысқа, тұжырымды, бірімен-бірі ұласқан, ортақ сөзді больш та келеді. Ондайды көркем әдебиетте жазушы көбінесе диалог түрінде береді. Мына сөйлемдерге назар аударайық:



— Осы жиналысты басқаратын адамдар керек, соған аралары-ңыздан бір-екі эйелді сайлауларыңыз керек,— деп әлгі әйел бір түсіндіріп өтті.

Ермек әденеге күлімсірей түсті де:

— Мына келін жарайды ғой, осы кісіні сайлау керек,— деп Раушанды ұсынды…

— Атыңыз кім?

— Раушан.

— Жиылысты басқарушылардың біріне Раушанды сайлауға қарсылықтарыңыз жоқ па?

— Жоқ.



Осы сөйлемдер өз ара іштей логикалық байланыста болғандық-тан, толымды мен толымсыз кезектесіп, бірімен-бірі сабақтасып айтылған.— Мына келін жарайды ғой. Осы. кісіні сайлау керек де-генде, мына келін неге жарайды, неге сайлау керегі айтылмаған. Сонда да сөйлем түсінікті. Олар алдыңғы сөйлемде айтылған. Сондай-ақ “Раушан”, “Жоқ” деген жеке сөздер көп мүшелі жайыл-ма сөйлемдердің орнына жұмсалған. Оларды толымды етіп айтқанда:

— Менің атым — Раушан.

— Жиналысты басқарушылардың біріне Раушанды сайлауға қарсылығымыз жоқ,— деу керек болады.

Жоғарғы орында бұл сөйлемдерді олай шұбалаңқы құраудың керегі жоқ. Ол арада сол бір-бір сөз бірнеше сөздің орнына жүріп тұр.



Әлгідей толымсыз сөйлемдер пьесалардың тілінде де көп кездеседі:

Т ә к е ж а н. Абай, тоқташы, сен қайда барасың осы?

— А б а й. Немене, жиынға барам.

— Тәкежан. Барма, тілімді алсаң, барма бұл жиынға.

Абай. Оны қайдан шығардың? Барамын. (М. Әуезов).



Осы мысалдардағы толымсыздықтыд негізі — қатар айтылған сөйлемдер байланысы. Ондай ара қатынас авторлар баяндауында да болады. Автор сөзіндегі бір не бірнеше сөйлем мүшесі алда ай-тылған сөйлемнен де түсінікті болатындықтан, кейінгі сөйлемдер толымсыз бола береді.



Шұлығынан аяғы шығып, алба-жұлба болып, бүрсеңдеп бір эйел келеді. Оң жақ көзі көгеріп, ісіп кеткен. Пешке арқасын сүйеп отырып ауыр күрсінді (Б. Майлин). Осы үш сөйлемнің алдыңғысы — толымды да, соңғы екеуі — толымсыз. Толымсыз сөйлемдерде әңгіме “бір әйел” туралы екені алдыңғы толымды сөйлемнен түсінікті. Сондықтан эйелдің оң жақ көзі көгеріп, ісіп кеткен. Әйел пешке арқасын сүйеп отырып, ауыр күрсінді десек, қатар айтылған үш сөйлемде бір сөзді орынсыз қайталаған болар едік. Олай ету — стильдік кате. Жазушы Б. Майлин соны сезіп, жоғарыда келтірілген мысалдағы екінші, үшінші сөйлемдерді толымсыз етіп жазған.



Сөйтіп, сөйлемнің толымсыз болуы оның жұмсалу жағдайымен, маңындағы басқа сөйлемдерге қатысымен байланысты екен. Мұн-дағы принцип — қатар айтылған бірнеше сөйлемнің бір сөзге ор-тақтасуы. Жайық бетінде… өз жүрегінің соғуымен өзі дірілдеп, “Қазақстан.” деген кеме тұр. Қеліп міндім де, еқ жоғарғы үшінші қабатына көтерілдім — дегендегі ортақ сөз — кеме (кемеге, ке-менің).



Сөздерді, кейде грамматикалық тұлғаларды, ортақтастыру — сөйлемдерді тұжырымды, ықшамды етіп құрудың тәсілі. Бұл тә-сілді дұрыс түсініп, керегінде өз жазуында пайдалана білу үшін оның мынадай орындарға ортақ бола алатынын білу керек:



1. Екі іргелес сөйлемді бір баяндауышқа ортактастырып айтуға болады: Рабиға біресе есікке қарайды, біресе маған қарайды. Осы сөйлемді Б. Майлин: Рабиға … біресе есікке, біресе маған қарайды деп жазған. Мұндайды синтаксисте “сыйыса құрмаласу” дейміз. Қайсысы дұрыс? Екеуі де өз орнында — дұрыс: егер жазушы “қарайды” сөзіне ерекше мән беріп, сөйлемді ерекше экспрессивті етіп айтқысы келсе, “қарайды” сөзін іргелес екі сөйлемде де қайталауы мүмкін. Олай етпей, сөйлемді ықшамдап, Рабиғаның1 тек қарау тәсіліне ерекше мән беру үшін сөйлемді экспрессивті еткісі келгенде, оны Бейімбетше, Рабиға біресе есікке, біресе маған қарайды деу керек болады. Қазақта “Қоянды қамыс өлтірер, ерді намыс өлтірер” деген мақал бар. Осыны Қоянды қамыс, ерді намыс өлтірер деп екі сөйлемді бір сөйлемге сыйыстыруға болады. Бірақ екеуі бір емес: алдыңғыда экспрессивті мағына бар да, соңғыда ол жоқ, сорлғын. Сол сияқтыЖүнді су көтереді, жүйрікті ду. көтереді, қайғыны ер көтереді дегенде, көтереді үш рет қайталанған. Соны ықшамдап: жүнді су, жүйрікті ду, қайғыны ер көтереді деуге болады. Бұл арада да сөйлемді ықшамдау стиль тұрғысынан ұтымды болмайды. “Бір жерде күш көрсетіледі, бір жерде өнер көрсетіледі, бір жерде мінез көрсетіледі” дегенде, баяндауыш (көрсетіледі) үш рет қайталанған. Бұлай айтуда да қайталанған сөздің пәлендей стильдік қосымша қызмет атқарып тұрғаны аңғарылмайды. Сондықтан М. Әуезов сол үш сөйлемді сыйыстырып былай жазған: Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез көрсетіледі. Бұл әрі ықшам, әрі әсерлі.



Сөйтіп, қатар тұрған сөйлемдерде бір сөзді қайта-қайта айтудың дұрыс болатын да, дұрыс болмай, оларды ықшамдап, ортақ, етіп айтудың дұрыс болатын де жері бар.



2. Қатар айтылған сөйлемдердің алдыңғыларында аталған мү-шелерді соңғы сөйлемдерге ортақ етіп толымсыз сөйлем құрауға болады:



Ұзындығы көшедей, үш қабат көгілдір кеме. Жайықтық ортасын толтыра, езуін көпірте, еркін есіп, жайқап келеді. Орал — кэдуілгі үлкен қала, оның үстіне көркем де қала. ,(¥. Мүсірепов).



Мұндағы “кеме”, “Орал” сөздерін көрші сөйлемдерде қайталап жазу сөйлеу стилін ауырлатқан орашолақтық болар еді.

Қейде сөйлем арасындағы сөздердің желісін үзбей, мағыналық байланысын күшейту үшін бір мүшені қайталамай оның баламасын, орнын басатын сөздер жұмсалады.



— Мына тиеліп келе жатқанды көрдің бе? … Толып жатқан машина, сайман … Ал, бұл неткен машина, не істейді?, оны екеуміз де білмейміз. Мүмкін, бір-біреуі жүз кісінің істегенін істейтін, шы-ғар! Оны екеуміэ білеміз бе? Жоқ. Біз, баяғы, мал бағуды ғана бі-леміз! (Ғ. Мүсірепов).



3. Сөз мағынасы ортақ толымсыз сөйлемдер сөйлеу тілі стиліне тән болатындықтан, көркем әдебиетте персонаждардың өз ара беттесіп сөйлесу орайындағы диалогтарда өте жиі кездеседі;

Қол алыстың аяғы қоржын шешуге әкелді. Екеуі де малдасын құрып алып, қоржымдарын шешіп, қапшыққа сап аузын байлап алған қымыздарын шайқай бастады:

— Іш, ійі, бауырым түрікпен!

— Же, же,қазақ туысқаным.( (Ғ. Мүсірепов).



4. Толымсыз сөйлемнің ішінде айтылмаған мүшелерді жоқтат-пайтын белгінің бірі — жақтық қосымшалар. Жіктік жалғаулары сөйлемдегі бастауыштың, тәуелдік жалғаулары ілік жалғаулы анықтауыштардың қай жақтык екенінің _ айғағы болатындықтан, ол мүшелерді екінің’,бірінде ,(ой екпіні түспегенде) түсіріп, сөйлемді толымсыз етіп жұмсау көп стильге тән.



Мен ырзамын — Ырзамын. Менің айтатын сөзім көп — Айтатын сөзім көп. Біз қорықпаймыз — Қорықпаймыз. Біздің Отанымыз малға бай — Отанымыз малға бай.

Әдебиеттен мысалдар (жақшаларда түсірілген сөздер жазылған).

—Өлеңді қойып.жүрем (едім — мен)…

–Биекем біліп айтыпты, шаршаған екемін (екенмін — мен). (Менің) Даусым шығар емес,— деп Домбырасын (өзінің) қасына -қылжита салды (Ғ. Мүсірепов).



–(Менің) Өнегем … болса … (өзімнің) тірлігімде көрсете алдым ба (мен), жоқ па? (Менің) Өсиетім болса… (Менің) құлағым, (менің) тілім барында айтыпболдым ба (мен), жоқ па?, Не дәме етесің (сен) екеуің?.. Не күтіп маған (сен) телміресің? Деді

(М. Әуезов).

мда�% � P�� �, қапшыққа сап аузын байлап алған қымыздарын шайқай бастады:



— Іш, ійі, бауырым түрікпен!

— Же, же,қазақ туысқаным.( (Ғ. Мүсірепов).

4. Толымсыз сөйлемнің ішінде айтылмаған мүшелерді жоқтат-пайтын белгінің бірі — жақтық қосымшалар. Жіктік жалғаулары сөйлемдегі бастауыштың, тәуелдік жалғаулары ілік жалғаулы анықтауыштардың қай жақтык екенінің _ айғағы болатындықтан, ол мүшелерді екінің’,бірінде ,(ой екпіні түспегенде) түсіріп, сөйлемді толымсыз етіп жұмсау көп стильге тән.

Мен ырзамын — Ырзамын. Менің айтатын сөзім көп — Айтатын сөзім көп. Біз қорықпаймыз — Қорықпаймыз. Біздің Отанымыз малға бай — Отанымыз малға бай.

Әдебиеттен мысалдар (жақшаларда түсірілген сөздер жазылған).

—Өлеңді қойып.жүрем (едім — мен)…

–Биекем біліп айтыпты, шаршаған екемін (екенмін — мен). (Менің) Даусым шығар емес,— деп Домбырасын (өзінің) қасына -қылжита салды (Ғ. Мүсірепов).

–(Менің) Өнегем … болса … (өзімнің) тірлігімде көрсете алдым ба (мен), жоқ па? (Менің) Өсиетім болса… (Менің) құлағым, (менің) тілім барында айтыпболдым ба (мен), жоқ па?, Не дәме етесің (сен) екеуің?.. Не күтіп маған (сен) телміресің? Деді

(М. Әуезов).
10.12.2012
Вернуться назад