DataLife Engine / Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Сан есімнің сөзжасам тәсілдері

Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Сан есімнің сөзжасам тәсілдері

Сан есім сөзжасам жүйесінде екі тәсіл қызмет етеді. Олар; аналитикалық және синтетикалық тәсілдер. Аналитикалық тәсіл — сан есім сөзжасамының ең негізгі тәсілі. Аналитикалық тәсіл сан есімнің сөзжасамьшда негізгі тәсіл болып сана-латын, себебі — сан есімнің нағыз сан-дық атауларының бәрі дерлік аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Сан есімдегі негізгі түбір сан атауларынан басқа есептік сандардың бәрі аналитикалық тәсілмен жасалған.



Негізгі түбір сан есімдерге көбіне бірлік, ондық атаулары және жүз, мың деген сандар жатады, бірақ олар-дын. бәрі емес. Бірліктердін, ішінен төрт санды бұл топқа қоспауға да болады. Олар туралы кейінірек айтылады. Ал ондық атауларынын, ішінде де тарихи тұрғыда қарағанда аналитикалық тәсілмен жасалған, қазір дара сандарға жататын алпыс, жетпіс, сексен, тоцсан сандарыньщ алғашқы құрамы бірлік пен ондықтың тіркссінен тұрады деген пікір түркологияға кең тараған, оны көпшілік түркологтар жақтайды. Сондықтан мүндағы -пыс/-піс мор-фемасы қазір қосымша деп тануға келгенімен, бұл сан атаулары алғаш аналитикалық тәсіл арқылы бірлік пен ондық атауының тіркесінен жасалған болып шығады. Ал ондық атауларыньщ бірлік пен ондық атауынын, тіркесінен жасалуы — түркі тілдерінде бар құбылыс. Оған алтай, хакас, якут тілдеріндегі ондық атаулары дәлел бола алады. Ондық атауларынын, бірлік-ондық моделімен жасалуы — түркі тілдеріне кен, тараған завдылық. Жоғарыдағы ондық атауларынын, жасалуы осы модельге сай ке-леді.

Тіліміздегі сандық үғымдар тек бірлік, ондық, жүз, мың, миллион, миллиард деген дара сандармен ғана шектеліп қоймайды, ең көп сандық ұғымдар — осы сандар араласып келген, күрделі сандық ұғымдар. Олардын, саны қандай көп болса, түрлері, құрамдары сондай алуан түрлі. Сондықтан тілде күрделі сандық үғымдарды білдіру үшін, аналитикалық тәсілдін, тіркестіру түрі кен, қолданылған. Бұл тәсіл бойынша бір сан атауымен екінші сан атауы тіркесіп, үшінші бір күрделі сандық ұғьшды білдірген. Мысалы: он бес, жүз алпыс, жүз кырык, үш, екі мың алты жүз алпыс төрт т. б. Мұндағы құрамы он және бес деген сандардан тұратын күрделі сандық ұғымды білдіру үшін он және бес саны тіркесіп, он бес деген күрделі есептік сан жасалған. Бұл ондық пен бірлік аралас сандардың тобынан алынды. Ал жүз алпыс деген есептік сан есім жүздік пен алты ондықтан тұратын күрделі сандық үғымды білдіреді. Жүз қырык, үш деген бүдан да гөрі күрделірек, мұнда жүздік, ондықтың үстіне бірлік қосылған. Осы сандық ұғымды білдіру үшін, жүз және қырық үш деген сандар тіркестірілген, мұнда сөзжасамға қырық үш саны дайын қалпында бір компонент ретінде кіріп отыр, сөйтіп олардан жүз қырық, үш саны жасал-зған. Сол сияқты екі мыц алты жүз алпыс төрт деген санда екі күрделі компоненттің тіркесі арқылы жасалған. Осы төрт түрлі мысалға қарап-ақ, күрделі сан атауларының құрамы да, түрлері де, күрделі сандарды жасауға қатысатын компоненттер де алуан турлі екенін көруге болады, ол тәжірибеден де белгілі. Күрделі сан жасаушы жеке компонент қызметінде күрделі сандар өте жиі қолданылады. Олардың өзі де — аналитикалық тәсіл аркылы жасалған сөздер. Бір туынды сөзден екінші туынды сөз жасала беретіні сияқты бір курделі саннан екінші, үшінші, одан да әрі қарай күрделі сандар жасала береді. Бұл күрделі сан атауларының мол жасалуына жол ашады. Кіші сан өзінен улкен санның жасалуына унемі қатысып отырады. Осы жағдай сан атауларын жасаушы компоненттердің молдығын туғызады.



Сейтіп, аналитикалық тәсіл ондық атауларының жасалуынан басталып, тіліміздегі барлық қалған сан атауларының жасалуын қамтамасыз еткен. Әсіресе, курделі сан атауларының жасалуы тек қана аналитикалық тәсілге байланысты. Мысалға ондык, пен бірлік (он бес), жүз-дік пен ондьқ (жуз елу), жүздік, ондық, бірлік (жуз отыз бес), мыңдық, жүздік, ондық, бірлік (бір мың алты жүз тоқсан уш) түрінде араласа келген күрделі сан^арға тіліміз өте бай.



Күрделі сан атаулары дара сан атауларынан бірнеше жүздеген, мыңдаған есе көп деуге болады. Есептік сандарды білдіретін негізгі түбір сан есімдердің саны жиыр-ма шақты сөзден ғана тұрады. Олар бірліктер: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз; ондықтар: он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан және жүздік пен мыңдық атаулары: жүз, мьщ. Осы жиырма шақты сөздер тілде миллионға дейін 999980 курделі сан атаулары жасалған, миллиард, триллионға дейінгі сирек қолданылатын күрделі сан атаулары тағы бар. Бұл — аз сөз емес. Мұндай көп сан атаулары есептік сандардың бірімен бірінің тіркесуі аркылы ғана, яғни аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Сөйтіп, сан есім сөзжасамында аналитикалық тәсіл ең өнімді, негізгі тәсілге жатады.



Сан есім сөзжасамы аналитикалық тәсіл арқылы жасалғанда, екі я онан да көп сан атаулары бір-бірімен белгілі заңдылықтар, модельдер бойынша тіркесіп, құрамын-дағы компоненттердің жеке мағынасынан басқа сандық атаудың атын жасайды. Бірақ кез келген сан қалайболса, солай тіркесе бермейді. Мысалы: отыз екі, кырық алты, елу жеті, жүз тоқсан сегіз, бес мыц алты жүз алпыс бес т. б. Қандай сандардың тіркесуі күрделі сандық ұғымнын. мазмүнына байланысты. Мысалдан көрінгендегідей сан атауың жасауға тек қана сан есім сөздер қатысады, яғни сан атауын жасауға қатысатын элементтер — есеп-тік сандар. Бір сан мен екінші санньщ тіркесінен, келесі бір саннын, аты жасалады. Мүндағы тіркесетін сандарды бірімен-бірін байланыстыратын ешқандай қосымша жоқ. Сан есім таза аналитикалық тәсіл арқылы жасалады. Сондықтан сан есім сөз жасамында компоненттердід орын тәртібінін, ерекше мақызы бар. Қандай саннын, сөзжасамда қай орында тұруы қандай саннын, жасалуына байланысты. Ондық пен бірлік аралас сандар мен жүздіктердің атының жасалуына да бірлік қатысады, бірақ бірліктін, орны екеуінде екі түрлі. Мысалы: он бес, отыз төрт, қырык, екі, екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, сегіз жүз т. б. Ондық пен бірлік аралас санда бірліктер екінші компонент болса, жүздіктерде бірлік бірінші ком-понент болып түр. Бұл орындары соншалыкты түрақты, міндетті, оны өзгертуге мүлдем болмайды. Басқа сандардың да жасалуы осы сияқты, оларда да компоненттердін, орын тәртібін өзгертуге болмайды. Сөйтіп, сан есім жасалуында компоненттердін, орын тәртібі қатал сақтала-тын завдылықтарға жатады.



Аналитикалық тәсіл аркылы сан есім жасалуындағы келесі заңдылық мағынаның жасалуына байланысты. Сан есім жасауға қатысатын нақтылы сандардан басқа бір мағынаның жасалуының тілде белгілі жолдары, зандылықтары қалыптасқан. Ол завдылықтар бойынша сан атауын жасаушы компоненттер, есептік сандар бірімен-бірі белгілі қарым-қатыста тұрады. Ол қарым-қатыстьщ нәтижесінде ғана басқа сандық атау туады. Олар төмендегідей екі түрлі заңдылыққа жинақталады:



1. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сандық ҰРЬЩ күрделі сандағы компоненттердін бір-біріне көбейтілуі арқылы жасалады: екі жүз, бес мың, жеті жүз, екі мың, үш мың, сегіз мың, он бір мың, жүз мың, жүз елу мың, екі жүз он бес мық, үш жүз алпыс алты мың т. б.15 Компоненттердін, көбейтілу тәсілі кез келген есептік сандардың тіркесіне қатысты емес. Ол белгілі компоненттен қүралған күрделі сандарда ғана кездеседі. Анырырақ айтсақ, алдымен, жүздік сандар жасаушы компоненттер бір-бірімен көбейтіледі. Мысалы: бір жүз, екі жүз, үш жүз т. б. Мұндай күрделі сандарды жасауға қатысатын компоненттер белгілі ғана сан атаулары, олар: бірліктер мен жүз саны, яғни бүған он сөз ғана компонент бола алады. Олардың тоғызы бірліктер тек бірінші компонент болады, ал жуз деген сөз екінші компонент болады. Жүздік сан есімдердің жасалуында жүз саны тірек компонент болып, күрделі санда екінші орында тұрады. Мұнда бірінші компонент өзгеріп, тірек компонент өзгермейді: төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз т. б. Екіншіден, көбейтілу тәсілі мыңдық сандар атауының жасалуында қолданылады. Мысалы: үш мың, он мың, жиырма жеті мың, бес жүз алпыс скі мың т. б. Мүндай мыңдықтар атын жасауға қатысатын компоненттер өте көп, бірақ олардың ішінде тірек компонент бір ғана мың деген сөз, ол мыңдықтар жасауда соңғы компонент қана болады, ал оның алдынан келетін компоненг алуан түрлі, оларға қатысатын сандар өте көп, сондықтан олар өзгеріп отырады да, тірек компонент қана өзгер-мейді. Мысалға, бірліктер, ондықтар, жүздіктер және осылар аралас сандар, олардың санын көрсету де қиын. Бұл заңдылық арқылы тілде есептік сандардың ішінен жүздік және мыңдықтардың аты жасалады.

2. Сандық ұғым күрделі сандардың компоненттеріпщ қосындысынан шығады16. Мысалы: он-+-бір, жиырма-+тоғыз, алпыс+сегіз, жүз+-алпыс, жүз+сексен, жүз+-он т. б. Күрделі сан есім жасаушы компоненттердің сандық ұғымының қосындысынан жасалатын күрделі сан есімдер тілде өте көп және ондай күрделі сандарға қатыса-тын компоненттер де мол. Сондықтан бұл тәсіл есептік сан есімнің жасалуындағы өте өнімді тәсіл, өйткені ол компонент талғамайды, қолдану аясы кең, түрлі курделі сан атауларының жасалуына қатыса береді. Мысалы: қырық+бес, жүз+-алпыс жеті, сегіз жүз+токсан тоғыз, алпыс екі мың+сегіз жүз сексен жеті т. б.

Сөйтіп, есептік сандар түрлі сандардың жай рана тіркесі емес, олардың бір-біріне не көбейтілуі, не қосындысы арқылы жаңа сандық мағына жасайтыны анықталды.

Аналитикалық тәсіл сан есімнің семантикалық топтарын жасауға да қатысады. Мысалы: жүзге тарта, мьщ шамалы, жеті — сегіз т. б. Бірақ онда аналитикалық тәсіл онша өнімді емес, кейбір семантикалық топтарда ғана ол қызмет атқарады, бірақ оның мағына әсері де дәл есептік сандағыдай емес, өйткені онда нағыз сан атау-лары жасалмайды, сандық ұғымға түрлі мағына ғана қосылады.



Сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы өнімсіз, өйткені сан есімде сөзжасам қосымшалары өте аз дегенбіз. Бұл тұрғыда сан есім зат есім, сын есім, етістік сияқты сөз таптарымен мүлдем таласа алмайды, ол үстеу сияқты жұрнаққа кедей сөз табымен де тең түсе алмайды. Сан есім сөзжасамының бұл ерекшелігі өте ерте калыптасқан. Алайда бірлі-жарым сандардын, құрамында жекелеген қосымша кездесетінін айта кеткен жөн. Бірлік сандардын. атауындағы -ты/-ті, -ыз/-із морфемаларының алты, жеті,сегіз, тоғыз сандарында қайталанып тұрғанына қарап, оларды осы сандарды жасаушы қосымша санау бар. Мұнымен бірге осы сандардын, жасалуьша негіз болып тұрған морфема, түбір алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сандарының жасалуына да негіз болған. Тек бүл түбірлер қазіргі тілдерде жеке сөз ретінде қолданылмайды, бұл, әрине, -ты/-ті, ыз/-із қосымшаларынын. қандай мағыналы сөзден алты, жеті, сегіз, тогыз сандарын жасағанын дәл айтуға мүмкіндік бермейді. Бірақ бұларды осы сан атауларын жасаған қосымша деп қараура кайшы емес. Сондықтан сан есімдегі нақтылы сан атауын жасаушы қосымша дегенде тек осыларды ғана атауға болады.



Ал сан есім сөзжасамындағы синтетикалық тәсіл негізінен сан есім семантикалық топтарын жасайтын қосымшалармен байланысты. Сондықтан сан есімнін, сөзжасам жүрнақтары мағына жағынан да басқа сөз таптарынан ерекшеленеді, өйткені олар мағына түрлендіруші қосымшаларға жатады. Сөзжасам теориясында түрленген мағына негіз сөзде (негіз сөз — туынды сөз жасауға негіз болған сөз) бар, негізді сөзде (негізді сөз — негіз сөзден жұрнақ арқылы жасалған туынды сөз) жоқ мағыналык компонент. Мұнда негіз сөз де, негізді сөз дс бір сөз та-бына жатады. Сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуында негіз сөз де, негізді сөз де тек сан есімге жатады. Сонымен бірге сан есім жұрнағы арқылы жасалған негізді сөздің мағынасында негіз сөзде жоқ үстеме мағына болады. Мысалы: Олар төртеу-ақ Жетеудің кемтігіш жаба ала ма? (Ғ.Мұстафин). Келтірілген мысалдағьі синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сан есімдер:төртеу, жетеу. Бұлардың жасалуына негіз болып тұрран сам есімдер: төрт және жеті. Төртеу, жетеу сандарының мағынасында негіз сөздердің (төрт, жеті) мағынасында жоқ жинақтық-заттық мағына бар. Бұл үстеме мағынаі негіз сөздегі төрт, жеті сандық ұғымының устіне қосылған. Сонда негізді сөздің мағынасы негіз сөздің мағына-сынан кеңігені көрініп тұр. Сөзжасам теориясы бойынша қашанда текті негіздің (производная основа) мағынасы негіздің (производящая основа) мағынасынан кең болуға тиісті. Төртеу, жетеу сөздерінің мағынасы осы теория-ны растап, оған сай келіп тұр. Реттік саннан мысал келтіріп көрейік: Екіншісі — жан

(Ғ. Мустафин). Қызым бірінші класта оқиды (С. Мұқанов). Осы мысалдардағы бірін-ші, екінші деген реттік сандар бір, екі деген есептік сан-нан жасалған, негіз сөз де, негізді сөз де сан есімге, бір сөз табына жатады. Негіз сөздердің (бір, екі) мағынасы-на негізді сөздерде (бірінші, екінші) реттік мағына қосылған. Негізді сөздерде (бірінші, екінші) иегіз сөздердің мағынасы және реттік мағына бар. Реттік мағына — негіз сөзге үстелген, косылған мағына. Сөйтіп, негіз сөз бен негізді сөздің мағынасы тең емес болып шықты. Ол — заңды құбылыс. Туынды сан есімнің, яғни негізді сөздің мағынасы әр уақытта негіз сөздің мағынасынян кең болуға тиісті дегенбіз. Сол қағиданы бұл мысалдар да дәлелдеп тұр.

Келесі бір мәселе синтетикалық тәсіл аркылы жасалған сан есімдердің бәрінде сандық ұғым өзгеріп, екінші бір сандық ұғым жасала ма деген сұрақпен байланысты. Төртеу, жетеу, бірінші дегендердің бәрінде негізгі сандық ұғым өзгерген жоқ, оларға үстеме мағына ғана қосылды. Міне, бұл — сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуының өзіндік ерекшелігі. Сондықтан да біз сан есімнің синтетикалық сөзжасамы мағына түрлендіруші, құбылтушы топқа жатады деп санаймыз. Ал осыған орай сан есімнің синтетикалық сөзжасамы арқылы сан есімнің есептік сандардан басқа семантикалық топтары жасалады.
10.12.2012
Вернуться назад