DataLife Engine / Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Есептік сандардың сөзжасамы

Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Есептік сандардың сөзжасамы

Есептік сандар нақтылы сандық ұғымды білдіреді, нақтылы сандық ұғымдарды атайды. Сан есім сөз табынын. негізін есептік сандар құрастырады. Олар сан есім-нің басқа семантикалық топтарынын, жасалуына да негіз болады. Сондықтан сан есім құрамында есептік сандар ерекше орын алады, олардьщ атқаратын қызметі зор.



Тілдегі есептік сандар да құрамын толықтырып, байьш отырған, ол басқа тілден сөз қабылдау жолымен байланысты емес Қазақ тіліне орыс тілінен енген миллион, миллиард сөздерінен басқа сан атаулары кірмеген. Қалған есептік сандардьщ бәрі тілдің ішкі мүмкіндігі арқылы жасалган. Сан есім өз кұрамын басқа сөз таптары ар-қылы байыта алмайтын болғандықтан, есептік сандар жаңа сандық ұғымдарды атауга өздері негіз болып, ішкі мүмкіндіктері арқылы жаңа сандық атаулар жасалып, толығып отырған



Есептік сандар жасайтын қосымшалар жүйесі тілде қалыптаспаған сандық атаулар бір санмен екінші санның тіркесі арқылы жасалған. Басқаша айтканда, тілде есептік сан атауларынын, аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы қалыптасқан Сан есім сөзжасамында аналитикалық тәсіл негізгі орын алады дейтін болсақ, ол негізі-нен есептік санға қатысты.



Есептік сандар ішкі құрылысы жағыиан сан алуан. Есептік сандарда көзге түсетін ерекшелік олардағы сандық қатарлар. Сандық қатарлар сандардың белгілі дәрежесіне байланысты. Мысалға бірлік, ондық, жүздік, мыңдық, миллион, миллиардтар сияқты сандық қатарларды көрсетуге болады. Әр сандық қатардъщ сандык аумағы барран сайын өсіп отырады.



Есептік сандардың әр қатарының аттары — тілде ертеден келе жатқан сандық атаулар. Олардың жасалу ізі бірлі-жарым жағдайда ғана диахрондық аспектіде бай-қалғаны болмаса, қазір олар негізгі түбір ретінде танылып жүр. Сондықтан есептік сандардың сөзжасамы олармен байланысты емес. Есептік сандардьщ сөзжасамы екі сандық қатардын, арасындағы сандарға қатысты. Ал олар үнемі бір санмен екінші санның тіркесі арқылы жасалды. Осыдан келіп, есептік сандардың сөзжасамы күр-делі сандар туғызады. Есептік санның сөзжасамында нақтылы сандардың аты жасалады. Нақтылы санныңаты жасалу — тек есептік сандарға ғана тән ерекшелік. Сан есімнің басқа семантикалық топтарында нақтылы! сан атаулары жасалмайды. Сан есімнің семантикалық топтарында үстеме мағына ғана қосылады.
10.12.2012
Вернуться назад