DataLife Engine / Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Күрделі сан есімдер

Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Күрделі сан есімдер

Сан есім сөзжасамында аналитикалық тәсіл негізгі орын алатындықтан, бұл сөз табы күрделі сан атаулары-на өте бай. Осы сөз табын негізінен күрделі сөздерден тұрады деуге боларлықтай, өйткені мұнда дара сан атаулары өте аз. Сондықтан аналитикалық тәсіл нәтижесінде жасалған күрделі сан атауларын арнайы сөз ету керек.



Тіліміздегі сан есім сөз табын құрайтын сездердің жиырма шақтысы ғана дара сандар. Олар бірліктер мен сандық қатарлардың аты. Бірінші сандық қатар бірлік-тер болса, олар түгел дара сандардан түрады, мұнда күрделі сан жоқ. Екінші сандық қатар — ондықтар, олар да тоғыз ондықтың атынан тұратын дара сандар. Мысалы: он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, токсан. Екінші қатар ылғи ондықтардың атынан тұрғанымен, бір ондықтан екінші ондыққа өте отырып, үшінші қатарға жету үшін, екінші мен үшінші қатар арасындағы сандарда екі сан араласады, олар: ондықтар мен бірліктер, яғни бұл күрделі сандар екі компоненттен түрады. М.: отыз бес, қырық сегіз, жетпіс тоғыз, сексен сегіз, тоқсан тоғыз т. б.



Үшінші сандық қатардан бастап, әр сандық қатардың өз ішіндегі сандар да, бір сандық қатар мен келесі сандық қатардың арасындағы сандар да күрделі сандардан тұрады және олардың компоненттік құрамы да барған сайын өсе береді. Тек үшінші сандық қатарға жататын жүздіктер аты ғана екі компоненттен тұрады: екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жуз, сегіз жүз, тоғыз жүз. Бір жүздіктен екінші жүздікке, одан төртінші қатар мыңға дейінгі аралықтағы күрделі сандардың ком-понентттері үштен басталып, төртке дейін жетеді. Мысалы: жүз алпыс бес, тоғыз жүз тоқсан тогыз т. б.



Сөйтіп, тіліміздегі сандық қатарлардың көбі күрделі сандардан тұратыны анықталды. Оның үстіне әр сандық қатарлардың арасындағы күрделі сандар да қосылады. Осының бәрі тілімізде күрделі сан атаулары көп екенін көрсетеді. Оқулықтарда бүл сөз табының сөздік құрамы,туралы ешбір нақтылы мағлұмат берілмейді, көбіне нақтылы көрсетіле алатыны жиырма-отыз шақты дара сандар ғана, ал миллионға дейінгі күрделі сандар 999980 екені анықталып отыр. Сан есім — сөзге бай сөз табының бірі, ол есімдік, шылау, үстеу, одағай сияқты сөз таптарынан әлдеқайда бай. Бірақ сандық ұғымды білдіре-тін сөздер негізінен күрделі атаулар болғандықтан, олардың. дербес сөз ретінде танылмауы бұл сөз табының құрамын белгісіз қалдырып келеді. Осы олқылық жалғыз Қазақ тіліне ғана қатысты деуге болмайды, мұндай жағдай көптеген тілдерге ортақ.



Екі я онан да көп сандардыц бір-бірімен тіркесіп, кұрамындағы сандардан басқа сандық ұғымды білдіретін түрі күрделі сан атаулары аталады. Мысалы: алпыс бес, жүз тоқсан жеті, төрт жуз сексен сегіз, үш мың төрт жүз елу алты т. б. Мысалда келтірілген төрт күрделі сан атауынын, біреуі — екі сөздсн, екіншісі — үш сөзден, үшіншісі — төрт сөзден, төртіншісі — алты сөзден тұрады. Осы төрт күрделі атаудың құрамдары түрлі болғанымен, төртеуінің әрқайсысы да бір ғана күрделі сандық ұғымды білдіреді, яғни төртеуі — төрт түрлі санның аты. Қүрделі сан атауының қүрамы ең кемі екі сөзден тұрады, бүл — міндетті шарт, онан кем болуы мүмкін емес. Мыса-лы: он бір, жетпіс екі, жүз бес, жүз отыз, мың бір т. б.



Бірақ күрделі санның қүрамы екіден әлдеқайда көп бола береді. Мысалға миллионға дейінгі күрделі сандардың ең көбі тоғыз сөзден тұрады: тоғыз жүз сексен жеті мық алты жүз елу төрт, бір жүз он үш мың төрт жүз миырма жеті т. б. Мысалға келтірілгсн екі күрделі санның әрқайсысы тоғыз сөзден қүралған. Миллионға дейін-гі күрделі сандардың құрамы тоғыздан аспайды. Ал миллионнан асқанда гана, одан жоғары болуы мүмкін. Ал миллионға дейінгі күрделі сандардын қүрамы тоғыздан жоғары болуы мүмкін емес. Бүдан шығатын қорытынды — күрделі сан атауларынын, кұрамы екі сөзден басталып, тоғыз сөзге дейін жетіп, миллионнан асып, триллионға дейін, одан да жоғары болуы мүмкін. Бірак күрделі сандардың қүрамы неғүрлым көбейген сайын күнделікті өмірде оның қолданылуы сирей береді. Күрделі сандардың мыңға дейінгі түрлері өмірде көп кездеседі, көбірек қолданылады, ал миллионға дейінгі күрделі сандар олардан әлдеқайда сирек қолданылады.



Күрделі сандардың құрамы қанша сөзден құралсада, олар тұтас бір сандық ұғьшды білдіреді. Мысалға он бір деген мен он екі деген екі түрлі сандық ұғымды білдіреді. Бұлардың әрқайсысының мағынасы оның құра-мындағы сандардьщ мағынасынан басқа-басқа. Он бір деген сан — он және бір деген сандардан мүлдем басқа сан және оның сандық ұғымы компоненттерінің сандық мәнінен үнемі жоғары болады. Сол сияқты он екі деген де жеке алған он және екі сандарының ешқайсысына тең емес және олардан сандық ұғымы жоғары. Олай болса бір сан мен екінші сан тіркескенде, үшінші бір олардан жоғары санның аты жасалады. Бүл күрделі сандардың жаңа мағына беруінің нағыз куәсы.



Тілдегі күрделі сандардың — әрқайсысының өзіндік мағынасы бар, әрқайсысы да белгілі санды білдіреді. Оларға синонимдік қасиет тән емес. Мысалы, тілдегі қы-рық бес, елу бес, алпыс жеті, алпыс сегіз, жуз елу бес, екі мың алты жуз сексен тоғыз сияқты күрделі сан атаулыны қанша тізе берсек те, олардың ешқайсысының білдіретін сандық ұғымы бірімен-бірі түйіспейді. Бұл арада күрделі сан атауларының мағына дербестігі тағы да дәлелденіп отыр, өйткені тілдегі әр күрделі сан атауының өзіндік мағынасы, өзіндік тұрақты құрамы бар, олар бірімен-бірі еш уақытта толық сәйкес келмейді. Күрделі сандардағы бүл кұбылыс жалпы сөз атаулыға қойылатын ортак шартқа сай келіп тұр. Тілдегі әр сөздің өзінше дыбыс-тық, морфемдік құрамы, мағынасы болу, сол арқылы сөз бір-бірінен ажырауы белгілі жалпы заң. Бірақ тілдік түрлі процестер бұл заңдылық өзгеріс енгізгені, түсінікті, сондықтан да тілде қазір құрамы да, мағынасы да ұқсас, сәйкес сөздер кездесетіні белгілі жағдай. Ал күрделі сандарға ондай өзгеріс енбеген, әр күрделі сан атаулары мағына жағынан да, құрамы жағынан да алғашқы қалпын сақтаған. Күрделі сан атауларының осы қасиеті оның сөз статусына қойылатын талапқа нақтылы сәйкестігін көрсетеді.



Күрделі сан атаулары бүгін ғана жасалган сөздер емес. Оның негізі тым әріде жатқаны жоғарыда айтылды. Әрине, күрделі сандардың бәрі бірден жасалды деген пікірден аулақпыз. Дегенмен күрделі сандардың жасалу тәсілі, модельдері ертеден келеді. Мысалға орхон жазбаларындағы күрделі сандарды келтіруге болады; ондық-тар: екон, учон, йетміш, сегіз он; ондық пен бірлік аралас сандар: йеті йегірмі, секіз йегірмі, алты отуз, йеті отуз, екі отуз, уч отуз, біс йегірмі, алты йегірмі, бір отуз, жүздіктер: йеті йуз, беш йуз, мыңдықтар — йеті бің, екі —үч бщ, алты біқ, бес түмен (елу мыц) т. б.18 Бұлардан он-дық пен бірлік аралас сандарға өзгеріс енгені түмен сөзі біздін, тілімізде сақталмағаны сияқты ерекшеліктер байкалады, бірақ күрделі сандардьщ жасалуындағы негізгі тәсілдер, модельдер, завдылықтар сақталғаны анық. Бұ-ған қарап күрделі сандардьщ тілде ұзақ уақыттарды қачтитыны байқалады. Бұл жағдайды да есептен шығарура болмайды.



Күрделі сандардың құрамы қанша сөзден құралғанына қарамастан, олар сөйлемде бір сөздің, қызметін атқарады, бір сөйлем мүшесі болады. Мысалы: Ауданнын, мүмкіншілігі содан екі есе жоғары— алты жүз мың қой өсіре алады (М. Әуезов). Осы мысалдағы алты жүз мың деген күрделі сан сөйлемнің бір ғана анықтауыш мүшесі болып тұр; оньвд орнына екі қой, жүз кой деп алсак, та, екі, жүз деген дара сандар да сондай анықтауыш болады. Сол сияқты екі, жүз дегендер қандай белгілі сандық ұғымды білдірсе, алты, жүз мың деген де сондай өзінше нақтылы сандық ұғымды білдіреді.



Күрделі сандардын, дербес сөзге жататынын оларға сөйлемде қосылатын қосымшалар арқылы да дәлелдеуге болады. Тіліміздің жалпы заадылығы бойынша сөйлемдегі сөздерді бірімен-бірін байланыстырушы косымшалар сөз соңына жалғанады.



Күрделі сандар бір сөз болғандықтан, қосьшшалар күрделі сандарды аяқтаған соңғы компонентіне жалғанады. Мысалы: Биыл олардьщ саны екі жүз сексен екі мыңнан асып отыр (СҚ.). Келтірілген мысалда шығыс септік жалғауы екі жүз сексен екі мың деген бес компоненттен тұратын күрделі санды аяқтап тұрған мың деген компоненке жалғанған. Бұл заңды, өйткені мың күрделі санның соңғы шегі, сөз мың компонентімен аяқталады, сондықтан қосымша оған жалғанған. Міне, бұл да күрделі сандардьщ дербес сөздік қасиетін көрсететін белгілердін, бірі.



Күрделі сандар біртұтас сөз болғандықтан, олардың арасына еш уақытта ешбір морфема кіре алмайды, оларды бөліп айтуға болмайды. Қүрделі сандар өз тұтасты-ғын берік сақтайды. Әрбір күрделі сан үнемі бір кұрамда, компоненттерінің орын тәртібін қатал сақтап, тұрақты қолданылады Бұл да — сөз құрамының тұрақтылығына байланысты жағдай, күрделі сандардың дербестігін дә-лелдейді.



Күрделі сандар сөйлемге тілдегі дайын қалпында алынады. Бұл — тілдегі сөз атаулыға тән негізгі белгі. Сөйлем тілде бұрыннан жасалып қолданылып жүрген дайын лексикалық единицалардан құралады. Күрделі санның әрқайсысы да тілде көне замандардан келе жатқан, өткен замандарда жасалған, сондықтан олар сөй-лемдегі жай сөз тіркестері сияқты әр сөйлем құрастырылған сайын жасалып отырмайды. Күрделі сандар тілдегі басқа сөздер сияқты дайын қалпында сөз тіркесінің бір компоненті ретінде ғана сөйлемге кіреді. Бұл да күрделі сандардың лексикалық дербестігіне дәлел.



Күрделі сөздердің дербес сөз ретінде танылмауына кедерп болып жүрген олардың құрамының күрделілігі, компоненттерінщ бөлек жазылуы, бірікпеуі. Бұл белгі орыс тілі сияқты славян тілдерінде, индоевропа тілдерінде сөзді тануда қолданылады. Орыс тілінде сөздерді бір-іктіруші қосымша бар, ол тұрғанда, сөз бірігеді. Ал түркі тілдерінде ондай қосымша мүлдем жоқ. Осы құбылыс бүл тілдерде толып жатқан сөздердің сөз ретінде танылуына кедергі жасап, алғаш емле ережелерін анықтаған-да кеткен кейбір олқылықтар нәтижесінде біріктіріп жазылатын талай сөздердің қазір бөлек жазылып жүргені де белгілі, көбі бірде бөлек, бірде бірге жазылып жүр. Бұдан шығатын қорытынды: сөздің бірге я бөлек жазылуы сөзді тануда түркі тілдерінде негізгі, шешуші белгі ретінде қарауға келмейді.



Әрине, күрделі сандардың компоненттері үнемі бөлек жазылып келеді, бұған емле ережесінің зияны тиді деген ұғым шықпайды. Ал бірге я бөлек жазылу түркі тілдерінде сөзді тануда шешуші қызмет атқара алмаса, онда ол күрделі сандардың сөз ретінде танылуына да кедергі болмауға тиіс.



Түркі тілдерінің өзіндік ерекшелігінің бірі — олардың күрделі сөзге байлығы. Мысалға күрделі сын есімдер, күрделі етістіктер оқулықтарда беріліп жүргені белгілі. Күрделі зат есімдер де кейде аталып жүр. Бұлардан баска да сөз таптарында осындай тілдік элементтер бар. Осылардың бәрі түркі тілдерінің сөзжасам ерекшелік-теріне байланысты. Ал күрделі сөздерге ең бай сөз табысан есім, сондықтан олардың, сөз статусы танылуы ол сөз табының байлығын танытады, тіл байлығын орынсыз, жасанды түрде кемітпейді.



Түркі тілдеріндегі сан есім бастаған күрделі сөздердін, орны нақтылы анықтал-мағанын мынадан да көруге болады Күрделі сөздер жай сөз тіркесіне жатпайды, өйт-кені олар сөйлемнін, сөз тіркесінін, бір компоненті ғана бола алатын, тілде бүрыннан бар тілдік элементтер. Күрделі сандар тұрақты сөз тіркестеріне де жатпайды, тұрақты сөз тіркестерінін, белгілеріне сай емес. Сөз ретінде тағы нақтылы, толық танылып жүрген жоқ, сонда бұлардың тілдін, қандай құбылысына жатуы да белгісіздеу қалып жүр. Тілде дара сандармен қатар күрделі сандардьщ барын басқа түркі тілдері де көрсетіп жүр. Осы айтылғандардың бәрі күрделі сандардың сәз статусынын, танылуын қажет етеді.
10.12.2012
Вернуться назад