DataLife Engine / Биологиядан қазақша рефераттар жинағы: Талдар тұқымдасы

Биологиядан қазақша рефераттар жинағы: Талдар тұқымдасы

Талдар тұқымдасы. Бұлар бұталар мен ағаштар, негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде кең таралған.

Тұқымдастың кейбір түрлері қиыр солтүстікте жерге төселіп өсетін, аласа формалар түзеді (карликовая форма). Жапырақтары кезектесіп орналасатын, жай жапырақтар. Қосалқы жапырақшалары кейде ерте түсіп қалып отырады. Аталық және аналық гүлдері бөлек жетіледі (дара жыныстылық), әдетте әртүрлі особьтарында (екі уйлілік). Гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2-ден 30-ға дейін, кейде одаңца көп аталықтары (тычинки) болады; аналық гүлдерінде, екі жеміс жапырақшасынан түратын, бір аналық (пестик) болады. Гүлтүйіні бір үялы. Тұқымбүрі көп. Жемістері екі жақтауынан қақырап ашылатын қауашақтар. Тұқымының тұп жағыңда бір топ талшығы болады, эндоспермі болмайды.
Талдар тұқымдасьша 400-дей түр жатады, олар үш туыстың қурамына кіреді: терек (тополь — Рориіиз, 25—30 түр), тал (ива — 8а1іх, 350—370 түр) жөне чозения (, 1 түр).
Терек туысы (тополь) — Рориіт. БОР-дың флорасыңда 30 түрі, ал Қазақстаңда 18 түрі кездеседі. Аталық гүлі бірнеше аталықтан (тычинки) тұрады, олардың тұп жағын қиғаш воронкаға ұқсас- бокал тәрізді орган- диск қоршап тұрады. Ол не редукцияға үшыраған гүлсерігі, не болмаса гүл тұғырының жалпайып өсуінен пайда болған мүше. Аналық гүлінінде тұп жағында, жалғыз аналықты қоршап тұратын, екі парокарпты біріккен жемісжапырақшадан түзілген, бокал тәрізді диск болады. Гүлінің формуласы: Бұл туысқа көктерек , қара терек (тополь черный, немесе осокарь және т.б. жатады. Теректердің көптеген түрлері тез өсетін, ағашы жұмсақ, оңай кесілетін болғандықтан құнды болып табылады. Ағашы негізінен сіріңке жасауға, әртүрлі үйге қажетті ағаш бұйымдарын жасауға пайдаланады (қасықтар, шөміштер т.б.); қағаз өнеркәсібінде де, сиректеу құрлыс материалдары ретінде де пайдаланады. Сонымен бірге көшелерді, канал жағаларын қөгалдандыруға бірден-бір таптырмайтын сәндік өсімдік. Теректер желмен тозаңцанады.
Тал туысы (ива — 8а1іх, 216-сурет). Саны жағынан ең көбі. Тек БОР-дың флорасыңда 170-тей түрі және көптеген гибридтік формалары кездеседі, ал Қазақстанда 46 түрі өседі. Талдың гүлдерінде кейбір жағдайларда теректердегі секілді, гүлдің тұп жағынан қоршап тұратын диск болады. Көптеген түрлерінде ол екі шырындықпен (нектарник) алмастырылған. Шырындықтардың біреуі жабындық жапырақшалар жағынан, ал екіншісі сырғаның өсіне қараған жағынан орналасады. Кейбіреулерінде тек бір ғана шырындық сақталған. Аталық сырғасында 1-ден бірнешеуге дейін аталықтары болады. Аналық сырғаларында аналығы (гинецей) 2 мүшелі парокарпты және 2 аузы болады (рыльца пестика). Талдар жапырақтары шықпас бүрын, немесе олармен бірге гүлдейді. Талдар насекомдармен тозаңцанады. Оларға насекомдардың оңдаған түрлері келіп қонады, сиректеу желмен тозаңданады. Көптеген түрлері будандасуға бейім, соған байланысты бір түрмен екінші түрдің шекарасы, барлық уақытта айқын бола бермейді.
Шыбықтарынан карзеңке, балық аулауға қажетті жабдықтар (снасти) тоқуға болады. Өзен жағасында және кішігірім аралдарда өсетін қадама талдардан киіз үйдің керегелері мен уықтарына қажетті материаддар дайындайды. Қабығында иілік заттар болады. Талдар өте оңай тамыр береді және вегететативтік жолмен көбейеді. Сондықтанда оларды құмды бекіту мақсатында (фитомелиорация) өсіреді.
Халық медицинасында қабығын маляриядан емдеуге пайдаланады. Жақсы бал беретін өсімдік.
Чозения туысының жоғарыда айтылғандай жалғыз ғана түрі бар. Ол Ресейдің Қиыр Шығысында, Жапонияда, Корея түбегінде, Қытайда өседі. Чозения тал туысына өте жақын.
Талдар тұқымдасы — Рориіш және 8а1іх (бұларға жанасьш тұратын чозениямен бірге) күмөнсіз бір-біріне жақьш туыстар. Шамасы олар эволюциялық дамудың 2 дербес-анемофильді (туысы) және энтомофильді (оған жанасып тұратын чозениямен бірге) тармақтарын береді. Бұлардың арғы тегі болып табылатын форманың гүлі қос жынысты болса керек. Мұны ешкі талдың (ива козья — 8.саргеа, 216-сурет) және теректің Гималайлық түрінің (тополь сизый) гүлдерінде кездесетін, қосжынысты гүлге ұқсас, ауытқу-шылықтың болуы дәлелдей түскеңдей. Талдар тұқымдасының арғы тектерінде гүлсеріктерінің болғаны, не болмағаны дәледценбеген. өте ертеде пайда болған тұқымдас, олардың қалдықтары бор дәуірінің төмеңгі қабаттарынан белгілі; бор дәуірінің үстіңгі қабаттарыңда өте жиі кездеседі; неогенде олар солтүстік енціктің қоңыржай климатты зонасының барлық жерінде дамудың ең шарықтаған биігіне көтерілген. Неогеңцік түрлері қазіргі кезде тропикада кездесетін таддар тұқымдасының өкіддеріне өте үқсас. Палентологиялық мәліметтерге сүйенсек, талдар тұқымдасының ертегі жабық тұқымдастармен, олардың арғы тегі болып табылатын формаларымен генетикалық тұрғыдан тікелей байланысы болған деген пікірді мақұлдауға итермелейді. Сонымен бірге талдар тұқымдасының гүлдері (яғни талдардың өздері де), жабық тұқымдастардың жоғарғы деңгейде маманданған, формаларының редукцияға ұшырауының негізінде пайда болған деген көзқарас бар. Кейбір ботаниктер бұл тұқымдасты жыңғылдар тұқымдасымен жақыңдастырады. Себебі соңғы тұқымдастың өкілдерінің дәндерінде, топтасқан талшықты түктердің болуы (хохолок волосков), тұқым бүрінің, гүл түйінінің түбінде орналасуы және басқа да белгілері тадцар тұқымдасымен ұқсас. Ғалымдардың бір бөлігі талдар тұқымдасын шегіргүлдер тұқымдасымен (тұқымдары қабырғаға жанасып орналасқан) жақындастырады. Одан әрі талдар тұқымдасын жыңғыддар тұқымдасымен, екеуіне ортақ бір тектен параллель дамыған деген пікір айтады.
09.12.2012
Вернуться назад