DataLife Engine / Биология | Жыныс жолымен таралатын аурулар

Биология | Жыныс жолымен таралатын аурулар

Жыныс жолымен таралатын аурулар

Жыныстық қатынаста жұғатын ауруларға не мүмкіндік туғызады?
Жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБА) немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар сексуальды қатынастар арқылы беріледі.
Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз.
Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттйтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе бұл аурулар болмас еді.
Соз ( гонорея) – жыныстық жолмен берілетін, сексуальді контакті арқылы берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріндеуімен және ауру тудыратын микроорганизмдер – гонококктың болуымен сипатталады. Гонореяның еркектер мен әйелдерге біршама айырмашылықтары бар.
Еркек гонореясы. Еркектерде ол жыныс жолымен ғана жұғады. Жаңа гонорея ( 2 ай ауру кезінде) және созылмалы гонорея (2 айдан жоғары) деп бөлінеді. Аурудың байқалуы 3- тен 5-ке дейінгі күн аралығында пайда болады).
Несепағардың алдыңғы бөлігінде алдымен күю сезімі мен қышуы, сосын кілегейлі бөліністер байқалады (жыныс мүшесінің басы). 3-4 күннен соң ауру құбылыстары қатты көрінеді. Несепағар өзегінің сыртқы тесігінде қызару мен ісіну пайда болып, ол тығыздалып және аурулы болады. Ірің бөлінеді: лайланады, сары түсті және көп бөлінеді. Несеп шығарушыға ауыру пайда болады. Содан басқа бұл қолайсыз жұқтырылған факт жүйкені тоздырып , психо- эмоционалды стрессті қалыптастырады.
Егер бұл жағдай медициналық көмекке назар аудармаса, онда қуыққа инфекция тереңіне таралады. Несеп шығару жиі болады және ақырында ауруы күшейеді.
Емделуі жеткіліксіз немесе емделу толық өткізілмесе, онда гонорея созылмалы түріне көшеді. Несептің бөлінуі азаяды және онда іріндік қауыз бен жіптер табылады. Қосалқы және қуық алды бездерге тарп, аурудың күйі біршама нашарлайды. Қосалқы бездің зақымға ұшырауы, жоғарғы температура, бездің ісінуі және бірден ауруымен байқалады. Өзектің тарылуы келешек ұрықсыздықпен аяқталады.
Қуық алды бездің зақымдануы жоғары температурамен және шап ауруымен сипатталады. Импотенцияның дамуы да ықтимал.
Әйелдердегі гонорея. Еркектер сияқты жұқтыруының негізі жыныстық жолмен өтеді. Бірақ әйелдерде,әсіресе, жас қыздарда дәретханадан кейін, басқа іш киімнен. жөкеден, сүлгіден жұғуы мүмкін. Әйелдерде созылмалы және латентті гонорея әлсіз ағады. Ақырғы кезде оларда ауру белгілері байқалмай, сөйтіп олар жұқтырудың негізгі көзі болады. Жыныстық мүшелерінің құрылысының әртүрлі болуына байланысты еркектер мен әйелдер гонореясының ағымы да әр түрлі.
Несепағар өзегінің зақымдануы әйелдере еркектердікі сияқты өтеді. Әйелдерде инфекцияның тез терең енуі, несепағар өзегінің қысқалығымен байланысты. Жедел сатысында несепағар өзегі ауырады, кілегей, кейіннен ірің бөлінеді, қызаруы және несепағар өзегінің сыртқы тесігінде ісінуі пайда болады.
Гонорея қынап пен жатырдың мойнына зақым келтіруі мүмкін. Олардың кілегей қабығы жұмсарып іріндеп кетеді. Іштің төменгі бөлімінде ауру сезімі байқалады.
Бұл жатырдың кілегей қабатының зақымдалуына әкеледі. Бұл жағдай іштің төменгі жағын ауыртып, температурасын жоғарылатып, қынаптан ретсіз қанның бөлінуіне әкеп соқтырады. Жатырдың кілегейлі қабығының зақымдануы қауіпті, біріншіден ол жатыр түтігіне, жұмыртқасына және құрсақ қуысына инфекцияның өтуіне жол ашады; екіншіден-егер әйел жүкті болса ,жатырындағы ұрық зақымдалып, оның дамуы нашарлайды.
Тағы бір жағдай, жеткіліксіз емделсе,жұмыртқаның зақымдануына, ал бұл келешек ұрықсыздыққа әкеледі. Егер құрсақ қуысы зақымданса, онда қатерлі ауру құрсақ пердесінің қабынуына немесе перитонитке әкеледі. Ал бұл, күрделі хирургиялықауру.
Гонореяда иммунитет болмайды, сондықтан тез қайтарылып жұғу пайда болуы мүмкін. Гонорея жедел сатысында ғана адамға жұғады, бірақ созылмалы кезінде де жұғуы мүмкін.
Мерез (сифилис) – жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру. Бұл ауру өзінің белгілерімен, асқынуларымен өте қауіпті. сифилисті микроорганизм – бозарған спирохета тудырады.
Жұқтыру көзі –кілегей қабығы мен терісінде белсенді сифилис белгілері бар ауру адам. Егер сифилис өз уақытында емделмесе, онда ол өмір бойына созылуы мүмкін.
Ауру 4 кезеңге бөлінеді:
1. Инкубациялық кезеңде белгісі болмайды. Бұл 20-40 күнге созылып және жыныс мүшелерінің кілегей қабығында қатты шанкрдың болуымен сипатталады.
2. Сифилистің біріншілік кезеңі. Бұл 6-7 аптаға созылады, қатты шанкрдың шығуынан бастап, дененің барлық жері бөрткенге дейін. Қатты шанкр – инфекцияның енген жерінде пайда болған кішірек жара. Еркектерде қатты шанкр кейде жыныс мүшесінң басында байқалады. Ал, әйелдерде- жыныс еріндерінде, жатырдың мойнында. Шанкр біреу болады, оның размері үлкен емес, ұсақ монета сияқты, дөңгелек, қатты созылмалы, жалпақ табақша тәрізді және сұйық бөлініп тұрады. Әдетте ол аурусыз. Қатты шанкраның пайда болуынан бастап лимфатикалық түйіндері үлкейеді.
3. Сифилистің екінші кезеңі. Бұл 3-4 жылға созылуы мүмкін. Дененің бар жерінің бөртуімен басталады. Бөртпесі кіші көлемді қызғылт дақ тәрізді болады. Бұл кезеңде ішкі мүшелер де зақымдала бастайды.Аурулардың бәрі инфекцияның көзі ретінде қауіпті. Сифилистің үшінші кезеңі. Бұл ішкі мүшелердің қатты бұзылуымен белгіленеді. Бұл жұққаннан кейінгі 3-4 жылдан кейін емделмесе, ұзаққа созылатын және өлімнің себебі болатын кезең. Сифилистің бұл кезеңінде адамның сырт пішіні бұзылып мүгедек болады.Жүйке жүйесі азап шегіп, ісік тәрізді құрылымдар (гумма) пайда болып, лезде психикасы бұзылады.
Сифилис –қауіпті ауру және қарқынды емделуді талап етеді. Ешқандай жағдайда бұл ауруды асқындыруға болмайды, бұл өлімдей қауіпті.
Бұл дертті негізінен арнаулы микробтар таратады. Әсіресе спирохеттер микроскоппен ғана көруге болады. Сырт пішіні штопырға ұқсас бұралып келеді. Бұл микроб жыныс ауруының қандай түрі болмасын барлығын жұқтырады.Дене қызарады, жара пайда болып кейіннен іріңдейді. Біраз уақыт өткеннен кейін (6 аптадан 1 жылға дейін), дененің кез келген жері бөртіп, қызарып кетеді. Бөрткені ауырайды, не қышымайды. Жалпы адамды мазаламайды.Бұл аурудың осы кездегі белгілері, бұрынғы кездегілермен салыстырғанда мүлдем басқаша. Таңба-таңба болып шаштың түсуі, тамақ қырылдап қалады, адамның басы ауырып температурасы көтеріледі. Бірақ бұл белгілер болмауы да мүмкін. Егер сифилисті емдемесе, ол адам ағзасына төтенше құбылыстар туғызуы сөзсіз.
Сал ауруы (паралич), көзі көрмей соқыр болып қалуы, құлағы естімей саңырау болып қалуы, адам есінен мүлдем айырылып кетуі, тіршілік дуниесімен қоштасуы ықтимал. Сифилисті емдеу үшін ең кең қолданатын дәрінің бірі антибиотик – пенициллин. Ол төмендегі сатыдағы саңырауқұлақтардан өндіріледі. Сифилис жүкті анадан туылатын балаға жұғуы сөзсіз. Ол ауру болып туылады. сүйектері кемтар болып дүниеге келеді.
Гениталдық герпес. Жыныс мүшелеріне шығатын ұшық сияқты вирустан болатын ауру. Әдетте адамның бетінде сулы көпіршік қалпында байқалады. Гениталды герпес жыныс қатынасы мен адам ағзасына жұғады. Кейіннен үлкен айық-айық жараға айналып кетеді де, қатты ауырып , нерв жүйесін тежеп жібереді. Адам өте ашушаң болады. Гениталды герпес алғашқы кезде түсі қызыл, бөртпе ретінде пайда болады. Кейін үлкен іріңді жараға айналып кетеді. Өте қиын емделетін аурулардың бірі. Гениталды герпес тұқым қуалайтын дерттердің қатарына жатады. Өйткені ол анадан балаға таратылатынын дәрігерлер анықтаған. Гениталды герпестен туындайтын қорытынды: бала соқыр болып туылуы мүмкін, керең болуы да сөзсіз, өлі болып туылуы да ғажап емес.
Герпестен туындайтын күйзеліс, психологиялық азап, бас ауыру, адам шаршап шалдығып кетеді.
Хламидия. Ең бір жедел түрде дамитын жыныс ауруларының бірі. Оны табу, анықтау оңай шаруа емес. Өте қауіпті дерт. Өте кең тараған сырқат. Оны емдеу де оңай емес. Дегенмен, емдесе тез арада адам бұл аурудан айығып кетеді. Емдеу үшін көбінесе антибиотиктерді қолданады.
Жыныс мүшелерінің гениталды сүйелдері (полип). Жанға онша азап келтірмейтін дерт. Дегенмен, аурудың қайсысы ағзаға жақсы дейсің. Негізі, гениталды сүйелдің болмағаны дұрыс. «Рухани таза болсаң денең де таза болады». Гениталды сүйел папиллом деп аталатын вирус арқылы дамиды. Гениталды сүйелді дәрігерлер тез арада жойып жіберіп, адам ағзасын сұйықтырып жіберіп отырады. Сүйел арнайы ерітінділермен сұйық азот ерітінділерін жағып күйдіріп жібереді. Ауруды үдетіп жіберуге жол бермеу керек.
Вагинит. Бұл дертті микробтар туғызады. Жазылатын ауру, емдеуге болады. Ауруды жасыруға болмайды. « ауруын жасырған өледі» дейді қазақ. Қазіргі кездегі медицина күшті дамыған. Көптеген ауруларды бірден жазып жіберіді. Тек білімді дәрігерлердің қолына түсуге тырысу керек.
Егер бір жағдайларда жыныс жолымен жұғатын аурулар байқалса, бірден анонимді профилактикалық пунктке бару керек. Жыныс мүшелердің гигиенасы сақтап, оларды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жжу керек.
Ешқашан басқаның сүлгісін, ішкі киімін, жөкесін қолданбау керек.

18.10.2018
Вернуться назад