DataLife Engine / Биология | Лимфоциттердің миграциясы және рецеркуляциясы

Биология | Лимфоциттердің миграциясы және рецеркуляциясы

Лимфоциттердің миграциясы және рецеркуляциясы
Көптеген жағдайларда иммундық жауап аралас түрде өтеді, бірақ иммунитеттің немесе жасушалық, немесе гуморалдық тізбегі басымырақ болады.

Жасушалық және гуморалдық иммунитет жүйелері шектеліп емес, бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.Иммундық жауапта әдетте барлық иммундық жасушалар (Т-лимфоциттер,В-лимфоциттер және антигенді таныстырушы жасушалар)қатысады және де әрбір жасуша өз қызметін атқарады.Антигенді тану және жасушалық немесе гуморалдық жүйенің, жиі екуіде бірдей, іске қосылуы, аталған үш жасушалардың бір-бірімен әректтесуі арқылы жүзеге асады.Бұл үрдісті иммунды хабарлы жасушалардың кооперациясы деп атайды.

В-лимфоциттердің негізгі қызметі – ағзаға түскен антигендерге қарсы антиденелерді түзу.Антиденелер – бұл арнайы нәруыздар – иммунглобулиндер.Антиденелер – бұл арнайы нәруыздар – иммуноглобулиндер.Антиденелер иммундық жүйенің шеткі мүшелерінде түзіледі, одан қанға түсіп, қан арқылы ағзадағы барлық мүшелер мен тіндерге таралады.

Т-лимфоциттер жасушалық иммунитет серпілісін жүзеге асырады, олар сонымен қатар, антигендерді тануға және жасушалық, гуморалдық иммундық жауаптардың басталуына және реттеуіне қатысады.Т-лимфоциттер иммунологиялық төзімділіктің қалыптасуына және оның сақталып тұруына ықпал етеді, Т-лимфоциттерден иммунологиялық зерде жасушалары қалыптасады.Егер де ағза антигенмен екінші рет кездесетін болса, онда зерде жасушщалардың иммундық жауаптың жылдам қалыптасуына қабілеті болады.

Антигендермен әрекеттесу бойынша иммундық жауап екіге бөлінеді:

біріншілік иммундық жауап

екіншілік иммундық жауап

Біріншілік иммундық жауап 4-7 күндері дамиды.Біріншілік гуморалдық иммундық жауаптың негізгі В-лимфоциттердің белсендірілуі және олардың антидене түзетін плазмоциттерге айналуы болып табылады.Антиденелердің басым көпшілігін IgM құрайды;жасушалық иммундық жауап – пісіп-жетілген эффекторлары Т-лимфоциттердің пайда болуымен белгіленеді.Антигенмен бірінші рет жанасқаннан кейін зерде Т-және В-жасушалары түзіледі.

Екіншілік иммундық жауап көптеген көрсеткіштері бойынша біріншілік жауаптан ерекшеленеді.Екіншілік иммундық жауап кезіндегі жасырын кезең өте қысқа, жылдам дамиды және антиген аз мөлшерде болуын талап етеді, оның айқындалған пісіп-жетілу белгілері бар, оның гуморалдық және жасушалық факторлар арнайылығы антигенге қатысты жоғары болады.Екіншілік иммундық жауап біріншілік иммундық жауапқа қарағанда, ағзаның тиімді қорғанысын қамтамасыз етеді.Антигенге қарсы біріншілік және екіншілік серпілістерде IgM белсенділігі мен күштілігі бірдей.IgG – дің деңгейі біріншілік жауапқа қарағанда, екіншілік жауап кезінде өте жоғары.Екіншілік иммундық жауап жоғары деңгейде болу себебі, ағзада зерде жасушалардың болуына байланысты.


Ұ
17.10.2018
Вернуться назад