DataLife Engine / Қазақ әдебиеті | Тауман Төреханов

Қазақ әдебиеті | Тауман Төреханов

Тауман Алыбайұлы Төреханов - қазақтың белгілі журналисі, жазушысы, редакторы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері, Шалқар қаласының және Шалқар ауданының Құрметті Азаматы.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
1.1 Қызмет жолы
2 Шығармашлығы
2.1 Романдар
3 Марапаттары
4 Сыртқы сілтемелер
5 Пайдаланылған әдебиеттер
Өмірбаяны

Тауман Төреханов 1931 жылы 15 наурызда Ақтөбе облысының Шалқар қаласында дүниеге келді. [1]
Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары (1941-1945) Тауман Төреханов тылда жұмыс істеген.
Соғыстан кейін, 1947-1949 жылдары Шалқар қалалық Совет атқару комитетінде іс жүргізуші болып қызмет атқарған.
1949-1950 жылдары Шалқар аудандында шығатын «Социализм туы» газетінде аға әдеби қызметкер болған.
1950-1955 жылдары Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінде (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқып, үздік бағамен бітірген. Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетін бітіргеннен кейін Тауман Төреханов А.А. Жданов атындағы Ленинград университетіне аспирантураға жолдама алады. Материалдық жағдай болмағандықтан Шығыстану факультетінің аспирантурасына Тауман Төреханов бара алмайды. Ақтөбе облысының Бершоғыр Шахта поселкесіндегі мектепке директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады. Сол жылдары Тауман Төреханов қазақтың белгілі жазушысы және геологі Ілияс Есенберлинмен танысады. Ол Бершоғыр тау көмір шахтасында басқарушы болып істеген.
Қызмет жолы
1957 жылы Ақтөбе облысындағы газетке редакцияға жіберіледі.
1962-1963 жылдары Ақтөбе облысында шығатын «Жаршы» газеті редакторының бірінші орынбасары болып істеген.
1963-1992 облыстық «КомТаңы» газетін ұйымдастырып ашқан. Тауман Төреханов «КомТаңы» газетінің бас редакторы болып 29 жыл істеген.[1]
Қызмет істеген жылдары Тауман Төреханов 27 жылдай партия комитетінің бюросының және Шалқар аудандық атқару комитетінің мүшесі болған.
1964-1992 Тауман Төреханов Ақтөбе облыстық партиясының 12 конференциясында делегат болған. Обком мүшесі болған. Сонымен қатар, 31 жылдай депутат болып Темір ауданың, сосын Шалқар ауданың Халық депутаттары кеңестеріне қатысқан. Қазақстан журналистер Одағының Құрылтайында көптеген жылдар бойы делегат және бірнеше рет Басқарма мүшесі болады. ТАСС Бас директоры Тауман Төрехановты КСРО журналистер Одағының Құрылтайына шақырады. Тауман Төреханов Құрылтайда делегат болып қатысады. Шалқар тарихи өлкетану мұражайын ашқан. Шалқар аудандық ономастика-топонимикалық комиссиясының 30 жылдай басқарушысы болған. Тауман Төреханов Қазақ тілі қоғамына жұмыстарына қатысып оның бірнеше жыл басқарушысы болып қызмет атқарған. [1]
Шығармашлығы

Тауман Төреханов 200 астам әңгіме, очерк, новелла, повесті, роман, эссе жазып «Атамұра» баспасынан шығарған. [1]
Тауман Төрехановтың шығармаларын дүние жүзінде келесідей кітапханаларда табуға болады: [1]
АҚШ Конгресі (the Library Of Congress, Washington, DC, USA)
Конкордия Университеті (Concordia University, Montreal, Canada)
МакГилл Университеті (McGill University, Montreal, Canada)
Индиана Университеті (Indiana University, Indiana, USA)
Гумбольдт атындағы Ұлттық Университеті (Humboldt University, Berlin, Germany)
Гамбург Университеті (University of Hamburg, Hamburg, Germany)
Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Алматы, Қазақстан)
Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық Университеті (Алматы, Қазақстан)
Қазақстанның Германиядағы Елшілігі
Романдар
«Көз көргендер еді»
«Қанмен жазылған тағдырлар»
«Ғасыр қасіреті» (тарихи-роман)
«Зердесінде ұрпақтың» - «Ұжмақ елі» - «Жазбады-ау демесін»
«Кісенделген Дала» (тарихи-роман)
«Адам әлемі»
«Тарихтың қанды іздері» (тарихи-роман-эпопея)
«Дала Геркулесі» (тарихи-роман, трилогия) [1]
Марапаттары

Қазақ ССР-нің мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткері [1]
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасы
«КСРО Баспасөзінің Үздігі» ерекше белгісі
КСРО-ның 4 медалі
Баспа және ақпарат Комитетінің үш Дипломы
КСРО және Қазақстан журналистер Одақтарының Құрмет Грамоталары
СОКП Орталық комитетінің Құрмет Грамотасы
КСРО халықтық Бақылау Комитетінің Құрмет Грамотасы
КСРО Министрлер Кеңесінің Құрмет Грамотасы
ВЦСПС-тың Құрмет Грамотасы
Қазақстан Орталық партия Комитетінің Құрмет Грамотасы
Ақтөбе обкомы мен атқару комитеттерінің Құрмет Грамоталары
«Тың жерлерді игергені үшін» медалі
«Еңбек ардагері» медалі
Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер
Шалқар қаласының және Шалқар ауданының Құрметті Азаматы
«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 65-жыл» мерекелік медалі
Сыртқы сілтемелер

Тауман Төрехановтың Ресми Сайты
Пайдаланылған әдебиеттер

Тауман Төрехановтың Биобиблиографиялық көрсеткіші. Тауман Төреханов. Алматы: Əл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, 2011
17.10.2018
Вернуться назад