DataLife Engine / Қазақ әдебиеті | Тұрсын Әбдуәлиев

Қазақ әдебиеті | Тұрсын Әбдуәлиев

Тұрсын Әбдуәлиев(1.9.1939 жылы туылған, Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұсабек ауылы) — белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағы ның мүшесі (1996). Еңбек жолын Айнабұлақ темір жол станциясында жұмысшы болып бастаған. 1972 жылы Свердлов мемлекеттік педагогикалық институтын, 1984 жылы Мәскеудегі Қоғамдық ғылыми академиясын бітірген. 1963 жылдан аудандық [1], облыстық газеттерде тілші. 1972-82 жылдары Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы, облыстық теле­радио хабарлар тарату комитетінің төрағасы, 1985-96 жылдары облысы "Жерұйық" газетінің бас редакторы болды. 1997-99 жылдары республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі, 1999 жылдан І.Жансүгіров атындағы университеттің аға оқытушысы.[2]
Пайдаланған әдебиет

" Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
17.10.2018
Вернуться назад