DataLife Engine / Қазақ әдебиеті | Сафуан Шаймерденов

Қазақ әдебиеті | Сафуан Шаймерденов

Сафуан Шаймерденов(15.4.1922 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылы — 23.2.2007, Алматы) — жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы (1995).
ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1950).
1943 — 45 жылы Солтүстік Қазақстан облысы "Ленин туы” газетінде әдеби қызметкер,
1950 — 52 жылы "Лениншіл жас” (қазіргі "Жас алаш”) газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі болды. Кейіннен "Әдебиет және искусство” журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары (1952 — 55),
"Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары (1955 — 56),
Қазақстан Жазушылар одағында проза секциясының меңгерушісі (1956 — 58), хатшысы (1961 — 63),
"Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі "Парасат”) журналында бөлім меңгерушісі (1958 — 60),
Қазақ КСР-і Мәдениет мин-нде репертуарлық коллегияның бас редакторы (1971 — 76) болып істеді.
1976 жылдан бірыңғай шығарм. жұмыспен айналысты. Алғашқы көркем шығармасы — "Болашаққа жол” романы 1953 жылы жарық көрді. Романда Қазақ университетінің зиялы қауымы — профессорлары, оқытушылары және студенттерінің өмірі суреттеледі.
Ш. "Инеш” (1958) романын, "Мінез” (1960), "Мезгіл” (1964), "Таныс көрші” (1965), "Қарғаш” (1967), "Жыл құсы” (1969), "Сыбызғы сазы” (1971), "ґмір нұры” (1972), "Селдің екпіні” (1977), "Мәжнүн тал” (1980), "Әдеби толқындар” (1985), "Ағалардың алақаны” (1987) әңгіме-повестер жинақтарын, балаларға арналған "Жанар мен Данар” (1964), "Шалдуар”, тағы басқа кітаптар жазған.
Оның "Дөкей келе жатыр” (1979), "Өкіл әке” (1982), тағы басқа пьесалары республикалық және облысы драма театрларында қойылған. Бірқатар шығармалары орталығы және респ. баспалардан орыс тіліне аударылып жарияланды.
Л.Н. Толстойдың "Альберт” (1965) повесін, Р.Тагордың "Күйреу” (1958) романын, "Алтын сағым” (1960), "Гәуірмаїан” (1964) повестерін қазақ тіліне аударған. ҚР Мемлекеттік сыйлық иегері (1988).
Оған Р.Тагор кітаптарының аудармасы үшін Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлық берілді (1982). "Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған [1]
Сілтемелер

Жас алаш
Құрмет белгісі
Солтүстік Қазақстан облысы
Пайдаланған Әдебиет

Қазақ Энциклопедиясы , 9 том 18 бөлім
17.10.2018
Вернуться назад