DataLife Engine / Қазақ әдебиеті | Сейітжан Омаров

Қазақ әдебиеті | Сейітжан Омаров

Сейітжан Омаров (22 маусым 1907, Ақмола облысы Атбасар ауданы Керегетас ауылы – 19 желтоқсан 1985, Алматы) – жазушы, аудармашы.[1]
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Шығармалары
3 Сілтемелер
4 Пайдаланылған әдебиеттер
Өмірбаяны

Қостанай қаласындағы халық ағарту институтын бітірген (1932). 1930 – 42 жылы мұғалім, аудандық, облыстық газеттерде редактор, жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі болған. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1946 – 66 жылы "Әдебиет және искусство” (қазіргі "Жұлдыз”) журналында жауапты хатшы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы қазақ бөлімшесінің директоры, "Жазушы” баспасында бас редактор қызметтерін атқарған. 1959 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағындағы балалар мен жасөспірімдер әдебиеті кеңесінің төрағасы болды.
Шығармалары

Алғашқы әңгімелер жинағы "Бақыт” 1938 жылы жарық көрді. Отыздан астам кітабы шыққан Омаров шығармашылығының дені балалар мен жасөспірімдерге арналған. Омаров туындыларының жас жеткіншектерді отаншылдыққа, қаһармандыққа, шынайы достық пен мызғымас ынтымаққа, рухани тазалық пен биік парасатқа тәрбиелеуде маңызы зор. Ол Л.Толстойдың, С.Баруздиннің балаларға арналған әңгімелерін, В.Катаевтың "Жалғыз жалау жалтылдап”, "Полк баласы” повестерін, Б.Немцованың "Алтын кітап”, "Күміс кітап” атты ертегілерін, С.Құдаш пен ағайынды Гриммдердің шығармаларын тәржімалаған. Шығармалары көптеген шет тілдерге аударылған. Қызыл жұлдыз, "Халықтар достығы”, "Құрмет белгісі” ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Сілтемелер

Жазушылар
Аудармашы
Редактор
Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақ энциклопедиясы, 7 том
17.10.2018
Вернуться назад