DataLife Engine / Қазақ әдебиеті | Күлиман Жүнісова

Қазақ әдебиеті | Күлиман Жүнісова

Күлиман Жүнісова - 1924 жылы 20 қазанда Семей өңіріндегі Абай ауданы, Қайнар селосында туған. Орта мектепті бітірген соң, сол ауданда қаржы мекемесінде, аудандық комитет хатшысы, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, аудандық газет редакциясының жауапты хатшы болып қызмет атқарды. Абыралы ауданы қаржы мекемесінде, аудандық комитет хатшысы, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, аудандық газет редакциясының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 1960 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітіріп, облыстық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.[1]
Шығармалары

Шұғыла. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1996;
Жасыл жапырақтар. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1969;
Кәмшат. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1971;
Құстар әні. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1975;
От пен гүл. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1979;
Қимаймын сені. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1984.
16.10.2018
Вернуться назад