DataLife Engine / Тарих | 1867-68 жылдардағы реформалар

Тарих | 1867-68 жылдардағы реформалар

1867-68 жылдардағы реформалар



Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы империяның қазақ өлкесi жөнiндегi саясатына елеулi өзгерiстер енгiздi. 1868 жылғы "Уақытша ереженiң” 210 параграфы бойынша қазақтардың жерi Ресей империясының мемлекеттiк меншiгi болып жарияланып, қазақ даласы бүтiндей патшалық Ресейдiң еншiсiне көштi. Ресей императорының жарлығымен бекiтiлген 1867-1868 жылдардағы реформалар арнаулы түрде уақытша, яғни үш жылға деп қабылданды. Үш жылдық тәжiрибе мерзiмi өткеннен кейiн оны қайтадан толықтырып, Қазақстанды басқару жөнiндегi жаңа ереже қабылдануы керек болды. 1867 жылғы Түркiстан генерал-губернаторлығын уақытша басқару ережесi 1871 жылы аяқталды. Сол жылдың басында Түркiстан өлкесiнiң генерал-губернаторы Кауфман императорға жергiлiктi отарлау әкiмшiлiгi дайындаған жаңа басқару ережесiн ұсынды. Бiрақ ол бiрнеше министрлiктер мен Ресей империясы ведомстволарының сан алуан тексерулерiнен өтiп, жоба көптеген көрсетiлген кемшiлiктермен қайта қайтарылды. Мiне, дәл осындай жағдай Қазақстанның кез келген жерiнде жүрiп жатты. Бiрақ, жоғарыдағы аталған ереже 1891 жылы "Уақытша ереже” болып қайта қабылданды. Аталған ережелер негiзiнде қазақтардың жерi тартып алынып келiмсек мұжықтар мен кержақтарға таратылды. Қазақстанға осы кезеңде 1,5 миллионнан астам орыс, украин және беларусь келiмсектерi көшiп келдi. Сөйтiп, кең даланы жайлаған елдi мекендердiң аттары өзгертiлiп, оның ұлттық құрамы үлкен өзгерiске ұшырады. Қазақстан патша өкiметiнiң шикiзат базасына айналды. 1867-1868 жылдар аралығында Қазақстан территориясы Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан генерал-губернатор құрамына кiрдi. Орынбор генерал-губернаторы құрамында Орал және Торғай облысы болды. Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығының құрамына Ақмола және Семей облысы, Түркiстан генерал-губернаторлығының құрамына Сырдария және Жетiсу облыстары ендi.

Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан генерал-губернаторларының әкiмшiлiк орталықтары Орынбор, Омбы, және Ташкент қалалары болды. Әрбiр облыс уездерге бөлiндi. Уездер болыстарға бөлiнiп, олардың әрбiрiне мыңнан екi мыңға дейiнгi шаңырақ ендi. Болыстар әкiмшiлiк ауылдарына бөлiндi. Олардың құрамына 100-ден 200-ге дейiнгi шаңырақ ендi.

1822-1824 жылдардағы "Жарғы” бойынша Қазақстан әрбiр бас мал үшiн 1 процент көлемiнде жылына ясак төледi. Сонан соң 1837 жылы Орынбор ведомствосында әрбiр үйден бiр жыл iшiнде 1 сом 50 тиын күмiс ақша ретiнде түтiн салығы жиналды. Оған қоса жолдар мен көпiрлердi, мешiттер мен мектептердi, ауруханаларды жөндейтiн қара шығын салығы жиналды.

Оңтүстiк Қазақстанда жиналған астық бағасына қарай харадж салығы алынды. Жоғарғы генерал-губернаторлық билiктi генерал-губернатор атқарды. Оған әкiмшiлiк-саяси, әскери, сот және шаруашылық өкiлеттiлiгi берiлдi. Ол жергiлiктi әкiмшiлiктер мен басқа да билiк органдарына тiкелей және жанамалай қадағалаулар жүргiздi. Сондай-ақ, аталған жердегi әскери округтардағы әскерлердi басқарды, облыстық басқармалар бөлiмшелерiнiң бастықтарын тағайындады. Генерал-губернаторлық, облыстық әскери-губернаторлықтың аппаратындағы және уездiк бастықтар, сондай-ақ оның төңiрегiндегi шенеунiктер түгелдей орыстар болды. Реформа бойынша кең байтақ қазақ даласындағы басқарудың төменгi жүйесi болыстық және ауылдық жүйе болды. Болыс пен старшынға ұсынылу үшiн азаматтың жасы 25-ке келуi керек едi және ол ешқандай қылмысқа тартылмаған халық сенiмiндегi адам болуға тиiс. Әр үш жыл сайын өтетiн болыс сайлауына 50 үйден бiр таңдаушы сайланды. Дауыс беру процесi халық арасында шар салу деп аталды. Патша өкiметi Қазақстанды басқару жүйесiне елеулi өзгерiстер енгiзу барысында жаңа ережелер де қабылдады. Мысалы, 1886 жылы 2 маусымда "Түркiстан өлкесiн басқару туралы” Ереже, 1891 жылы 25 наурызда "Ақмола, Семей, Жетiсу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы” Ереже қабылдады. Батыс-Сiбiр генерал-губернаторлығы Дала-генерал губернаторлығы деп өзгерiп, оған Сырдария облысынан басқа бес облыс кiрдi. Ал Сырдария облысы Түркiстан генерал-губернаторлығына қарады. 1897 жылы Жетiсу облысы қайтадан Түркiстан генерал-губернаторлығының құрамына кiрдi.

1867-1868 жылдардағы ең басты мәселе Қазақстан территориясында жалпы империялық соттар ережесiнiң таралуы болды. Сөйтiп, қазақ құқығына елеулi өзгерiстер енгiзiлдi. Үлкен маңызы бар қылмыстық iстер әскери сот комиссиясында қаралды. Ал, одан басқа қылмыстық және азаматтық өтiнiштерден тұратын 2000 сомнан артық қаржы көлемiндегi iстердi облыстық басқарма қарады. Үш күннен кем емес тұтқынға алатын немесе жүз сомға дейiнгi айып салынатын қылмыстық iстер, сондай-ақ 2000 сомға дейiнгi азаматтық айыптауларды уездiк соттар қарады. Сонымен бiрге жаңадан жолға қойылған билер сотымен бiрге "халық соты” да жұмыс iстедi.

1867-1868 жылдары би қызметi сайланбалы түрде жүргiзiлдi. Би болыстық съезде үш жылға сайланып оны әскери-губернатор бекiттi. Әрбiр болыста 4-8-ге дейiн билер сайланды. Сондай-ақ, сот iстерiнде де елеулi өзгерiстер болды. Сот шешiмдерi жазылып, олардың көшiрмелерi екi жаққа таратылды. Билер съезiнде ережелердi жазу тиянақты түрде жүргiзiлдi. Егер ХIХ ғасырға дейiн қазақтар кез келген беделдi биге жүгiне алатын болса, ендi тек қана болыстық билерге ғана жүгiне алатын едi. Сөйтiп, "халық соты” жүйесi отарлау аппаратының бiрден-бiр құралы болып, ол дәстүрлi әдеттегi құқықты жоятын және қазақ ауылындағы сауда-саттықпен айналысатындардың мүддесiн қорғайтын басты қаруы болды. Тұтастай алғанда ХIХ ғасырдың 60 жылдарындағы Қазақстанда жүргiзiлген құқықтық реформа, оның дәстүрлi құқығын бұзып, Ресей империясының құқықтық жүйесiмен ұластырылған реформа болды.

1867-1868, 1886 және 1891 жылдардағы реформалар Қазақстанды бiрден-бiр отар елге айналдырды. ХIХ ғасырдың 50 — жылдарының басында қазақ даласының билiгi Сыртқы iстер министрлiгiнен алынып, Iшкi iстер министрлiгi мен әскери министрлiкке берiлдi. Сөйтiп, Қазақстан халықаралық субъект құқығынан айырылды. Азаматтық және әскери әкiмшiлiк бөлiнбей, ол жаулап алушылық бағыт-бағдарда қызмет iстедi. Қазақтарға қысым жүргiзу тек ұлттық тұрғыдан ғана емес, дiни тұрғыдан да жан-жақты жүргiзiлдi. Iс қағаздары, ауылдық деңгейдiң өзiнде орыс тiлiнде жүргiзiлетiн. 1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша патша өкiметiнiң әкiмшiлiк мекемелерiне сот билiгi құқығы берiлдi. Сондай-ақ, жоғарыдағы аталған ережелер бойынша әскери соттық комиссиялар құрылды. Олар мемлекетке опасыздық, өкiметке қарсы үгiт, пошта мен көлiкке шабуыл, христиандарды және христиан дiнiне кiргiсi келгендердi, сондай-ақ, лауазым иелерiн өлтiру сияқты қылмыстық iс-әрекеттермен айналысып, олар тонау, талқандау, өртеу, жалған ақша жасауды қараумен шұғылданды. Қазақтардың әдет-ғұрып құқына елеулi өзгерiстер ендi. Мысалы, отбасы некелi құқығына қарасты жесiр даулары билер сотының қарауында қалды. Бiрақ, билер сотының шешiмiне уезд бастығына немесе әскери-губернаторға шағым жасауға болатын. Осындай сот жүйелерi Қазақстанда 1917 жылға дейiн қолданылды.









Қорытынды



Аталған заңдар уақытша дегенімен, 20 жыл қолданыста болды. Өзінің мазмүнына қарай бөтен болып табылатын нор- мативтік акт, арналып шығарылған қоғамның ерекшелік- терш ескермегендіктен, оны енгізу, көптеген халық ішінде наразылық пен қарсылыққа алып келді.

Уақытша заңның шарттарына байланысты Қазақстанның аумағы үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: басқару орталығы Ташкент қаласы болып табылатын Түркістандық генерал-губернаторы; басқару орталығы Орынбор болып табылатын Орынбор генерал-губернаторлық; басқару орталығы Батыс Сібір болып табылатын Омск генерал-губернаторлық. Генерал-губернаторлық азаматтық жөне өскери билікті иемденетін. Түркістан генерал-губернаторлығы Қытай мен Иран арасындағы дипоматиялық қатынастарды қүруға қүқылы еді.

Әрбір генерал-губернаторлыққа бірнеше облыстар кірді: Орынбор генерал-губернаторлығына - Орал жөне Торғай; Түркістандыққа — Жетісу мен Сырдария; Батыс-Сібірге - Ақмола және Семей.

Облыстық басқарма әскери губернатор мен Облыс басқаруына жүктелген. Қазақстан аумағында жа лпы төрт казак өскерлері қызмет еткен: Орал, Орынбор, Сібір жөне Жетісу. Әскери губернаторлар өскери министрдің үсынысының негізінде императормен қызметке тағайындалып, қызметтен алынатын. Олардың қолында өкімшілік жөне өскери билік шоғырланды. Облыс басқаруы биліктің атқарушы орга- ны болып табылды. Оны император тағайындаған вице губернатор басқарды. Облыс басқаруы үш бөлімшеден тұрды: басқарушылық, шаруашылық жіне сот. Бөлімшені кеңесшілер басқарды.

Әрбір уездің басқаруын уезд басшысымен жүзеге асты. Олар полициялық және өскери билікке ие болды. Өз билігін уезд басқармасы уездегі барлық түрғындарға, сонымен қатар, уақытша түрғандар мен казак әскерінің өкілдеріне жүргізілді.
14.10.2018
Вернуться назад