DataLife Engine / Тарих | Хан кеңесі

Тарих | Хан кеңесі

Хан кеңесі - Бөкей Ордасының ханы Жәңгірдің ұйғарымымен 1827 жылы құрылған билер алқасы. Құрамына әр рудың беделді билері енген. Ресми құжаттарда «Ханның билер кеңесі» деп те аталады. Хан кеңесі орталықтандырылған жергілікті хандық билік жүйесіндегі ең жоғарғы орган болып саналған. Кеңес мүшелері маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси мәселелерді талқылап, ханға ақыл-кеңес беріп отырған, ханның кейбір өкім, жарлығының баптарын өзгертуге ұсыныс жасаған. Жергілікті сипаттағы заңдар қабылдау ісіне қатысып, өз пікірлерін білдіруге құқылы болған. Сондай-ақ Хан кеңесінің мүшелері ұрлық жасаған адамдарға жаза тағайындау, зекет, соғым салықтарын төлемегендерге айыппұл салу, т.б. мәселелерді талқылап, ұсыныс-пікірлерін хан құзырына жолдап отырған. Кеңес мүшелері бейбіт кезеңде толық құрамда сирек бас қосқан, тек 1835-37 жылы көтеріліс кезінде жылына 3-4 рет мәжіліс құрды. Олардың мүшелік қызметі мен өкілеттілігі тұрақты саналған
09.10.2018
Вернуться назад