DataLife Engine / Ел ертеңі - менің ертеңім

Ел ертеңі - менің ертеңім

Алматы қаласы
№ 90 мамандандырылған мектеп-лицей
6 «Г»сынып оқушысы Абдуқадыров Бек
Мен өз ертеңімді тәуелсіз елімнің ертеңімен байланыстырамын. Мен математика ғылымын жақсы көремін. Бос уақытымды да математика мен компьтерге арнаймын. Болашақта бағдарламашы болғым келеді. Қазір ғылым мен технологияның дамыған кезеңі. Сондықтан біз өз елімізде ғылым мен техниканы дамытуымыз керек.

Мен бүгінгі күннен бастап IT саласына көп уақыт бөліп, ол туралы көп мағлұмат алып, Қазақстанда осы саланың дамуына үлес қосқым келеді. Көптеген ғылым мен экономикаға қажетті бағдарламалар, балаларға арналған оқу-дамыту ойындарын жасағым келеді. Сол үшін бүгіннен бастап математика мен информатика сабақтарын қызыға оқимын. Осы пәндерді жақсы көремін.
07.10.2018
Вернуться назад