DataLife Engine / Қазақ әдебиеті | Кәшке

Қазақ әдебиеті | Кәшке

Кәшке – 18 ғасырда өмір сүрген батыр. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының есқожа руынан шыққан. Қарасай батырдың ұрпағы. Қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында туып-өскен. Кәшке батырдың Ақымбек, Ыстамбек есімді екі баласы болған. Ақымбектен Сұраншы батыр, Ыстамбектен Саурық батыр туған. Кәшке – Жетісу өңірін жоңғар шапқыншылары мен Қоқан хандығы басқыншыларынан азат ету үшін болған шайқаста ерлігімен көзге түскен батыр. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы халық арасында Кәшке батырдың ерлігі, тапқырлығы туралы аңыз-әңгімелер сақталған. Кәшкенің батырлығы, әділдігі жайында Жамбыл Жабаев жырларында да кездеседі.
04.10.2018
Вернуться назад