DataLife Engine / Қазақ әдебиеті | Николай Власович Черненко

Қазақ әдебиеті | Николай Власович Черненко

Николай Власович Черненко (25.12.1924 жылы туылған, Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы Келте ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, пулемет расчетінің командирі. Украин. Кеңее әскері қатарына 1942 жылы 10 тамызда шақырылып, 1942 жылдың желтоқсанынан 1-Беларусь майданы 7-гвардиялық атты әскер корпусы 16-гвардиялық атты әскер дивизиясы 60-гвардиялық атты әскер полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945 жылдың 26-28 сәуіріндегі Бранденбург қаласы (Германия) үшін болған ұрыстарда Черненко ерлік пен қаһармандықтың үлгісін көрсетті. 27 сәуірде Черненко басқаратын эскадрон күші басым жаудан кейін шегінбей, олардың қарсы шабуылын тойтарып, 50-ден астам адамын жойды. Черненкоға ерекше ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (31.5.1945). Соғыстан кейін Елек ауылында (Ақтөбе облысы) комсомол-партия саласында әртүрлі қызметтер атқарды. 1987 жылы Ресейге қоныс аударды. Елек атындағы орта мектепке Черненконың есімі берілген. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған
04.10.2018
Вернуться назад