DataLife Engine / Дүние жүзі тарихы | Тоғыз жүз тоқсан екінші авиациялық түнгі бомбалаушылар полкі

Дүние жүзі тарихы | Тоғыз жүз тоқсан екінші авиациялық түнгі бомбалаушылар полкі

Тоғыз жүз тоқсан екінші авиациялық түнгі бомбалаушылар полкі - әскери бөлім. 1942 жылы қыркүйекте Алматыда жасақталған. 1943 жылы 20 ақпанда Новгород облысы Хвойная ст-на жеткізіліп, Ерекше әскерлер тобының, кейіннен Солт.-Батыс майданындағы 68-армияның құрамына кірді. Соғысқа кірген алғашқы 9 күнде 320 рет әуеге көтеріліп, байланыс жасады, жаралыларды тасыды. Келесі 20 күнде 294 рет әуеге көтеріліп, Старая Русса және Холм қалалары аралығындағы жау қорғанысын бомбалады. 1943 жылы 5 сәуірде Жоғ. Бас қолбасшының ставкасына резервке жіберіліп, 312-авиац. түнгі жеңіл бомбалаушылар дивизиясының құрамына кірді. Тамыз айында далалық 5-әуе армиясы құрамында 7-гв. армияны әуеден қолдап, Днепр өз. үшін болған әуе шайқасына қатысты. 14 желтоқсанда Черкасск қорғанысын азат етудегі көрсеткен ерлігі үшін полкке «Черкасскілік» атағы берілді. 1943-44 жылы Украина және Молдова партизандарына әуеден көмек беріліп, Яссы-Кишинэу, Дебрецен, Будапешт және Прага шабуыл операцияларына қатысты. 1944 жылы 14 қарашада 2-дәрежелі Б.Хмельницкий орденімен,1945 жылы 26 сәуірде 3-дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Полк соғыс жылдары 7652 рет әскери тапсырма орындады
01.10.2018
Вернуться назад