DataLife Engine / Қазақ әдебиеті | Тәттібай Есімбекұлы

Қазақ әдебиеті | Тәттібай Есімбекұлы

Тәттібай Есімбекұлы (туған-өлген жылы белгісіз) – 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысқан батыр. Орта жүз найман ішінде матай руынан. Ол кейіннен ру атауы болып кеткен андастан тарайтын төртінші ұрпақ. Тәттібай Абылай ханмен замандас. Ел аузындағы аңызға қарағанда Тәттібай жоңғар басқыншылығына қарсы соғысқа 12 жасында қатысып, ерекше ерлік көрсеткен. Бұл ерлігі Сара Тастанбекқызының "Қош бол, елім” атты өлеңінде бейнеленеді. Тәттібайдың үш ұлы – Түйте, Қаңтарбай, Қарынбайдан тараған ұрпақтары негізінен Алматы облысы Көксу, Қаратал аудандарында тұрады
01.10.2018
Вернуться назад