DataLife Engine / Қазақ әдебиеті | Қапай Ысқақов

Қазақ әдебиеті | Қапай Ысқақов

Қапай Ысқақов (1906, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылы - 26.9.1973, Жарма ауданы Васильковка ауылы) - 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, бөлімше командирі. 1941 жылдың маусымынан бастап 52-армия 294-атқыштар дивизиясы 861-атқыштар полкінде ұрыстарға қатысты. 1944 жылдың 26 наурызында КСРО-ның мемлекеттік шекарасы жатқан Яссы қаласынан (Румыния) солтүстікке қарай Прут өзеніне шықты. Осы ұрыстарда мыңдаған әскерлер мен офицерлер ерекше көзге түсті. 1944 жылдың 28 наурызында Ысқақов жауынгерлермен Петрешты ауылы маңында (Молдова Республикасы, Унген ауданы) жаудың бірнеше шабуылына тойтарыс Ысқақовқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (13.9.1944). Соғыстан кейін Ысқақов өзінің туып-өскен ауылына оралып, жұмыс істеді. Қайтыс болғаннан кейін Жарма ауданындағы Васильковка ауылында жерленді. Қалбатау ауылында батырға обелиск орнатылған, ауылдағы көшенің бірі Ысқақов есімімен аталды
01.10.2018
Вернуться назад