Биология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Алабұталар тұқымдасы | Биология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Алабұталар тұқымдасы Қазақстанда, өседі, болып, флорасында, өсімдік, лебеда, Азияда, жартылай, ретінде, болады, туысы, кездеседі, гүлінің, қосжынысты, формуласы, мүшелі, кетеді, тұқымдасы, немесе, келеді




  • »

Биология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Алабұталар тұқымдасы

Алабұталар тұқымдасы. Тұқымдасқа 1600-дей түр (105-туыс) жатады. БОР-дың флорасында 350 түрі, ал Қазақстанда 225 түрі кездеседі.

Олар жершарының барлық кеңістіктерінде, негізінен субтропикалық климаты құрғақ және топырағы тұзды болып келетін елдерінде көптеп өседі (Орта Азияда, Солтүстік Американың оңтүстік-батысында, Оңтүстік Америкада, Орталық Австралияда). Гүлдері ұсақ, көріксіз, циклды немесе гемицикдды, актиноморфты, 5-мүшелі (гинецейден басқасы), қосжынысты немесе даражынысты болып келеді. Соңғы жағдайда редукцияға ұшыраған не аталық не болмаса аналық жыныс органдарының іздерін көруге болады. Гүлсерігі қарапайым, тостағанша жапырақша түрінде болады, аталық гүлдері кейде редукцияға ұшыраған. Андроцейі 5 аталықтан, гинедейі ценокарпты 2-3 (4-5) жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, кейде жартылай төменгі, 1-ұялы. Жемісі 1-тұқымды-жаңғақша, тұқымша, қалған тостағаншаларымен қоршалған болып келеді.
Қызылша туысы (Веіа). Туыстың құрамында 13 түрі бар, оның 5-уі БОР-дың территориясында, ал Қазақстанда 1 ғана түрі өседі. Олар жерортатеңізі жағалауында Европаның батысы мен оңтүстігінде, Алдынғы Азияда және Орта Азияда өседі.
қант крізылшасы (свекла обыкновенная) екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы өсімдік тамыр мойнының айналасында топтасып жертаган түзетін жапырақтар береді және тамыр жеміс түзеді, ал екінші жылы тамыржемістен сабақ кетеді, оның басында гүлшоғыры тирс түзіледі. Қызылшаны өндірістік мақсатта қант алу үшін, көкөністік және малға азық болатын өсімдік ретінде көптеп себеді. Кейде олар жабайы өсімдікке айналып кетеді де, арамшөп ретінде өседі (өсіресе Закавказьеде).
Алабұта туысы (марь. Дүние жүзі бойынша 250-дей түрі бар, БОР-дың флорасында 60 түрі, ал Қазақстанда-20 түрі кездеседі. Біржылдық, екіжылдық
Гүлдері негізінен қосжынысты, 5-мүшелі болады. Бірқатар түрлері арамшөп ретінде кең тараған: ақ алабүта (марь белая — және дуал алабүтасы (марь стенная). Ақ алабүтаның гүлінің формуласы мынадай.
Көкпек туысы (лебеда). Түрлерінің жалпы саны 230-дай, БОР-дың флорасында 30 түр, ал Қазақстанда 25 түрі өседі. Боз көкпек (лебеда седая — Асапа) — жартылай бүта, ол Орта Азияның жартылай шөлдеріңде ландшафт түзетін өсімдік. Бақ көкпегі (лебеда садовая) мен жылтыр көкпек (лебеда лоснящаяся) біржылдық арамшөптер болып табылады. Жылтыр көкпектік гүлінің формуласы мынадай.

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 2 266
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

. .