Биологиядан қазақша рефераттар жинағы: Сиырды күту | Биологиядан қазақша рефераттар жинағы: Сиырды күту қораның, қажетті, тұрады, басқа, болса, малға, байланысты, жақсы, сиырға, жеткілікті, қорасының, дұрыс, жинайтын, Сиырды, жеңіл, алмасуы, келеді, литрдей, зоогигиеналық, органикалық




  • »

Биологиядан қазақша рефераттар жинағы: Сиырды күту

Сиырды күту. Сиырдың өнімділігі оны ұстайтын қораның дұрыс салынуына да байланысты. Сиыр қорасы малға қажетті жағдай туғызуға келетін арзан материалдардан салынады.

Ол үш бөлімнен — сиыр қора, азық сақтайтын бөлме және көң жинайтын лапастан тұрады. Құрылыс материалы.ретінде ағаш бөрене, қалың тақтай, кірпіш не саман қолданылады. Қораның аумағы бұзаулы сиырға 6X4 м, биіктігі 2,2—2,4 м болып салынса, оның ішкі аумағында сиырға
2 0 м3, бұзауға 10 м3 келеді де( зоогигиеналық талапқа сай қажетті ауа алмасуы қамтамасыз етіледі. Егер шаруашылықта бірнеше сиыр болса әр басқа 6—7 м2, ал тана-торпаққа 4—5 м келетіндей етіп жоспарлайды.
Дербес шаруашылықта әр түрлі мал өсірілетін болрандықтан сларды орналастыратын мал қораның жоспарын барлық жағдайда келтіріп көрсету қиын. Ол көптеген жағдайларға — мал түрлеріне, санына, жер ыңғайына жәнө басқа да жеке жайттарға байланысты келеді. Әсіресе малдың таза ауаға шығарылып серуендейтін алаңы, түрлі азықтар жинайтын бөлмелері болуға тиіс.
Қора еденінің ағаштан төселгені жақсы.Сонда малға сыз өтпей, көңін жинау жеңілдейді. Егер еден бетоннан болса оган зәр ағатын аралығы бар ағаш, яғни саңылаулы еден төсеген жөн. Дұрысы қатты тапталған топыраққа ағаш тақтайларды тығыз, әр метр ұзындығын 2—3 см қиғаштатып нығздап отырғызса, тәулігіне 15—20 литрдей сиыр зәрін (бұзаулар —5 литрдей) еденнің аякқы жағында салынған жолмен қорадан сыртқа ағызып тұруға болады. Сонда ғана су сіңірмейтін еден қора ішіндегі дұрыс ылғалдылықты сақтап, зәрмен шыққан заттардан улы газдар (аммиак, күкіртсутегі) пайда болмайды.
Сиыр, тана-торпақ, бұзау тұратын жерлерді бөлу үшін жеңіл жылжытылып, құрастырылатын тақтай қабырғаларды пайдаланса қора аумағын мал санына қарай бөлмелерге бөлу оңайға түседі. Ағаш немёсе бетоннан жасалған азық науаларын да әр басқа өзінше бөлектеп жасаған жөн. Сиыр науасының жоғары деңгейі , 60 см, төменгі деңгёйі 40 см, артқы қабырғасы —60—70 см, алдыңғы қабырғасы (сиырға қаразран) —30 см. Алдыңғы жағында сиыр мойнын созатын жері дөңгелектеніп ойылады.

Биологиядан қазақша рефераттар жинағы: Сиырды күту


Қораға жеткілікті түрде таза ауа еніп, жарық- түсуі тиіс. Ауа алмасуы үшін 15X15 см етін төбеден ауа сорғыш тесік қалдырады да, оның қақпағын қора жылылығына байланысты ашып-жауьш тұрады. Сиыр қорасының ішінде малға жайлы болып табылатын жылу мөлшері 8-10°С шамасында (4° градустан 20° градусқа дейін өзгере алады). Міне осы жылуда сиыр организмі өзіндік дене жылуына азықтық қоректік заттарын аз жұмсап, көбін өнім өндіруге пайдаланады.
Қораға жеткілікті жарық түсу үшін терезе еденнен 1,2—1,3 м биіктікте салады. Терезенің көлемі қораның еден көлемінің оннан бір бөлігіндей болса жеткілікті. Терезе әйнектерін таза ұстап, жуып-сүртш тұрады.
Сырттан жұқпалы індет енгізбес үшін қораның кіре біресіне алдына дезинфекциялық материал салынатын арнаулы жәшік қояды. Есік көлемін мал еркін кіріп-шығатындай етіп салады. Сиырды қорадан күнделікті шығарьш, таза ауада 2—3 сағат жүргізіп тұрса ғана денсаулығы сақтальш, тәбеті бұзылмайды. Оның жүнін қатты қырғышпен тазартып, денесіне массаж жасайды. Осыдан малдың тері және май бездерінің жұмысы жаңсарьш, тәбеті ашылады. Сүтке түсетін микробтар саны кемиді. Қорадан шығарған уақытта сиырдың тұяқтарын көріп, өсіп-майысқан болса егеп, арасын қидан тазартады.
Сиыр қорасының, осыдан барып сауылатын сүттің зоогигиеналық тазалығына әсер ететін нәрсе — оның еденінө төселетін материал.
Ең жақсы төсеніш — күздік дақылдардың сабаны. Олар ылғалды өзіне тартьш, көң сапасын жоғарылатады. Бір сиырдан жылына 10 тоннадай көң түседі, оның жақсы органикалық тыңайтқыш ретінде маңызы зор.
Көңнің тыңайтқыштық қасиеттері жоғары болу үшін ондағы азотты сақтап қалу қажет. Ол үшін көң жинайтын жерді таптап, жиналған нәжісті нығыздап жинайды. Оның арасына ауаны аз енгізу үшін үстін сиыр зәрімен ылғалдандырып тұрады. Қатты нығыздалынбаған көңде жылу көтеріліп, органикалық заттары ыдырай бастайды.
Жас кезінде сиырды бұзауымен қора алдындағы жеңіл қалқа — лапас астында ұстауға болады.
Сиыр қорасының төбесін су өтпейтщдей етіп шатырлап, жабады. Күнделікті жұмыс үшін қорада қажетті айыр, күрек, сыпырғыш, шелек, қырғыш, көң таситын қорап сияқты құрал-саймандар ғана тұрады. Бір бұрышына биіктеу жерге қойылған қорапқа салынып каустикалық сода, креолин, формалин сияқты дезинфекциялық заттар, басқа жәшіктерде — қажетті минералды және дәрілік қоспалар сақталынады.

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 4 029
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .