Биологиядан қазақша рефераттар жинағы: Жүн өнімділігі | Биологиядан қазақша рефераттар жинағы: Жүн өнімділігі жүнді, аралық, қылшық, жүннің, тұрады, ұзындығы, биязы, қылшықтан, түбіттен, қырқылған, болады, қырқады, көктемде, сапасына, Әркелкі, тікенек, қойларды, мөлшерінде, диаметрі, тұратын




  • »

Биологиядан қазақша рефераттар жинағы: Жүн өнімділігі

Жүн өнімі қой, ешкі, түйе және басқа жануарлардың бір жыл ішінде қырқылған жүннің мөлшерінде және оның сапасына қарай бағаланады. Жүн негізінде өнеркәсіптік шикізат ретінде өндіріледі. Қойдың тұқымына байланысты, жүннің түсімі, талшықтар биязылығы, ұзындығы әртүрлі болады.



Жүн қылшықтары мынадай түрлерге бөлінеді: түбіт, аралық қылшық, өлі қылшық, тікенек қылшық. Қой жүнінің қылшықтарының екі түрін ажыратады: біркелкі және әркелкі.



Біркелкі жүн бірыңғай түбіттен немесе аралық қылшықтан тұрады. Түбіттен тұратын жүнді биязы, ал аралық қылшықтан тұратын жүнді биязылау деп атайды. Биязы жүн диаметрі 25 микрометрден аспайтын түбіттен тұрады, ұзындығы 6-9 см, бұйра, шайырлы, ақ, тығыз болады. Осындай жүнді алтай, солтүстік, оңтүстік меринос, қазақтың биязы жүнді тұқымдарынан қырқады. Биязылау жүннің диаметрі 25 микрометрден артады, түбіт немесе аралық қылшықтан, олардың аралас қоспасынан тұрады, ұзындығы 8-15 см, кейбір тұқымдарда 25-30 см, ирегі үлкен, жылтыр, шайыры орташа. Мұндай жүнді линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер, кроссбред қырқып алады.



Әркелкі жүн түбіттен, аралық құрғақ, өлі тікенек қылшықтан тұрады.Олардың бір-бірінен айырмашылықтары жуан-жіңішкелігі, ұзындығы, бұйралығы. Әркелкі жүн қылшықжәне ұяң деп бөлінеді.



Қылшық жүн қазақы, еділбай, гиссар, қаракөл т.б. қойлардан қырқылады.Ұяң жүн аралық қылшық пен түбіттен тұрады. Одан сапалы кілем, тоқыма бұйымдар жасалынады. Сапалы ұяң жүн сараджа, тәжік, балбас, қарғалы қойларынан алынады. Қойдан жүн алу үшін биязы жүнді қойларды жылына бір рет көктемде, қылшық жүнді қойларды екі рет көктемде және күзде қырқады. Ең көп жүн биязы жүнді қойлардан қырқылады. Дүние жүзілік рекорд ставрополь қойынан 31,7 кг жүн қырқылған.

Жалғасы

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 2 225
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .