Ақылды балалар

 Ақылды балалар

Х.Наубетов атындағы орта мектеп
6 "д" сынып оқушысы Сүндетова Сая
Сынып жетекшісі Борашева Гүлбаршын
Қазақ тілі пәні мұғалімі Қуанышева Майра Ізбасарқызы
Ерте заманда үлкен шақарда бір тату Сүндет отбасында екі ұл, екі қызы және ата-анасы өмір сүріпті. Ата-атаналары өте қарапайым адал, шыншыл ешкімнің ала жібін аттамайтын адал адамдар екен. Ол отбасы да балаларын сондай тәрбиемен тәрбиелеп өсіріпті. Балалары білімге құштар екен.

Үлкен қызы үлкен шақарға білім алуға кеткен емен. Ол оқуда болғанда отбасы оны асыға күтіп үйге келгенде үлкен дастарқан жасап тойлайтын болыпты. Үлкен ұлы да білімге деген ынтасы зор, ізденімпаз, достарының арасында беделді, озық екен. Кіші ұлы болса қолөнерге жақын әртүрлі нәрселерден бұйымдар құрастырып, өзінің ұшқыр қиялын іске асырады. Ал екі кенже қызы еркелеу тәп-тәтті болып өсіп келеді. Ол болса өнерге жақын достарының арасында күй шерткенді ұнататын болыпты. Бұл отбасының үлкен бағы бар еді. Сол баққа әртүрлі құстар сайрап, түрлі әдемі гүлдер өседі.

Сол шақардың қараңғы суық түкпірінде мыстан тұрады екен. Ол көрсе қызығар зұлым болыпты, үнемі адамдарға қастық ойлап жүріпті. Жазғы демалыс кезі болатын. Далада серуендеп жүрген үлкен қызы Саямен танысады. Сөйтіп мыстан Саяны өзінің достарымен таныстырып, күмбірлеген күйін тыңдағысы келетінін айтады. Сая өз өнерін көрсеткісі келіп, мыстаның сөзіне сеніп, ілесіп кетеді. Сөйтіп олар ұзақ жол жүріп мыстанның арбауына түскенін түсінеді де, қашып кетудің жолын іздейді. Сол кезде оның көзі терезе алдында отырған көгершінге түседі. Ол мыстанға білдіртпей хат жазып, қанатына байлайды. Көгершін хатты үлкен ағасына жеткізеді. Олар ата-анасына мыстанның құрығына түскен Саяны алып, үйлеріне аман-есен оралатындарын айтып, ұшқыр кілемге отырып жолға шығады. Ұшып келе жатқанда көптеген қиындықтарға тап болады. Түрлі-түрлі жұмбақтардың жауабы мен қиын есептерді ағасы шығарады. Бұл сұрақтан сүрінбей өткен олардың жолына түрлі алтын мен гауһар тастарды шашып тастайды. Бұған да қызықпаған олар мыстанның үйіне бір табан жақындай түседі. Жаны қысылған мыстан алдарынан үлкен көлді кездестіреді. Қолы шебер кіші ағасы сол мезетте ағаштан қайық жасап, екеуі көлден аман-есен өтеді. Сөйтіп жеңілгенін мойындаған мыстан Саяны босатады, үш ағайынды ұшқыр кілемге отырып, үйлеріне оралады. Үйлерінде ата-анасы оларды қайғырып күтіп отыр екен, аман-есен оралған балаларын көріп қатты қуанады. Балалары өздерінің бастан кешкендерін ата-аналарын баяндап береді. Сөйтіп ата-анасы балаларының ақылдығына, білімділігіне, шеберлігіне риза болып, өздерінің берген тәлім тәрбиесінің текке кетпегенін түсінеді. Сүндет отбасы тату-тәтті, бақытты, уайымсыз өмір сүрген екен.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 088



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!