Қазақша реферат: Несіпбек Айтұлы

Қазақша реферат: Несіпбек Айтұлы казакша Қазақша реферат: Несіпбек Айтұлы на казахском языке

Несіпбек Айтұлы 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында тәмамдаған. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

1974–1984 жылдары «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, 1984–1994 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995–1996 жылдары «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997–2001 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып, 2001 жылдан бері Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген. Қазір «Алтын тамыр» журналының бас редакторы.

Алғашқы «Балалық» деген өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде, алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрді. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Рухымның падишасы», «МұқағалиЖелтоқсан», «Бәйтерек»; балаларға арналған «Балабақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме» («Серебряный сундучок») «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары, «Ескендір қорғаны» (Ә.Науаи), «Игорь жорығы туралы жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан. Түріктің VІІ ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміренің, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, француз ақыны ДЖ. Родаридың, сондайақ М.Исаковский, А.Барто, С.Михалков, С.Баруздин, В.Берестов, Т.Сыдықов, С.Жусуев өлеңдерін тәржімалаған.

«Бас сүйектері» (1976), «Жасынның сынығы» (1977), «Найзағай» (1978), «Жүректегі жаңғырықтар» (1979) поэмалары кезінде «Жалын» альманахы жариялаған республикалық конкурстардың жүлделерін, «Мұхтар мен Абыз» толғауы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бас жүлдесін алған. «МұқағалиЖелтоқсан» поэмасы 2001 жылы республикалық әдеби конкурстың жүлдесіне ие болса, «Бәйтерек» поэмасы әдеби қауым тарапынан жоғары бағаланды. 2004 жылы Мәдениет министрлігі жариялаған Республикалық патриоттық әндер конкурсының Бас жүлдегері.

«Көз жасым» (2006), «Бөрітостаған» (2007), «Құланойнақ» (2009) атты кітаптары және «Бөгенбай», «Бердіқожа», «Шақантай», «Қараөткел қырғыны» т.б. поэмалары жарық көрген.

Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты. «Парасат» орденімен марапатталған. Халықаралық «Алаш» сыйлығының және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иегері.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Қазақша Рефераттар жинағы, Несіпбек Айтұлы туралы реферат казакша, қазақша Несіпбек Айтұлы туралы реферат, несипбек айтулы туралы реферат туралы реферат казакша, реферат несипбек айтулы на казахском языке скачать бесплатно, скачать бесплатно несипбек айтов айтулы реферат на казахском, биография несипбек айтулы на казахском языке скачать бесплатно, несипбек айтов туралы омирбаян казакша, Несіпбек Айтұлы туралы өмірбаян казакша, Несіпбек Айтұлы туралы реферат казакша, қазақша Несіпбек Айтұлы туралы реферат, несипбек айтулы туралы реферат туралы реферат казакша, реферат несипбек айтулы на казахском языке скачать бесплатно, скачать бесплатно несипбек айтов айтулы реферат на казахск, Қазақша реферат: Несіпбек Айтұлы реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы