Қазақша реферат: Аквариум

Қазақша реферат: Аквариум казакша Қазақша реферат: Аквариум на казахском языке

Аквариум (лат. aquarium – суқойма) - су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс.

Оның кейбір түрлерін дельфинарий, океанариум деп те атайды. Олардың пішіні мен құрылысы әр-түрлі болып келеді. Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады. Онда өсімдіктер де өсіріледі. Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі. Суы мезгіл-мезгіл ауыстырылып тұрады. Аквариумде ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіледі. Мысалы, гамбузия балығын жерсіндіру аквариумде зерттелді, соның нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында гамбузия өсірілетін болды. Аквариумде балық аурулары да зерттеледі. Мектепте көрнекті құрал ретінде аквариумның лабораториялық және сәндік түрлері қолданылады. Ғылымда аквариумды экологиялық жүйенің қарапайым моделі деп қарап, ондағы топырақ пен судың құрамының өзгеруіне, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне бақылау жасап, ғылыми тұрғыда баға беруге болады. Сондай-ақ аквариумде биологиялық тепе-теңдік сақталады, тура табиғаттағыдай зат айналу процесі жүріп тұрады.

Мазмұны
1 Аквариум балықтары
1.1 Ең кең тараған түрлері
2 Аквариум өсімдіктері
3 Дереккөздер

Аквариум балықтары – үйдегі, хайуанаттар паркі мен ғылыми мекемелердегі арнайы ыдыста – аквариумде өсірілетін балықтар тобы. Аквариум балықтары табиғи жағдайда тропикалық және субтропикалық (Африка, Америка, Австралия, Оңтүстік-Батыс Африка) тұщы су қоймаларында, ал кейбіреулері ащылау суда және теңізде мекендейді. Олар – таңғажайып түрімен, ашық түрлі-түсті бояуларымен және мөлшерінің (массасының) кішілігімен ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1,5 – 30 см болады, кейде 1 м-ге жетеді. Шабақтарын тірі табатын (мысалы, гамбузия, гуппилер, семсерқұйрық, маллинезия) түрлері бар.

Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады. Онда өсімдіктер де өсіріледі. Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі. Суы мезгіл-мезгіл ауыстырылып тұрады. Аквариумде ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіледі. Мысалы, гамбузия балығын жерсіндіру аквариумде зерттелді, соның нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында гамбузия өсірілетін болды. Аквариумде балық аурулары да зерттеледі. Мектепте көрнекті құрал ретінде аквариумның лабораториялық және сәндік түрлері қолданылады. Ғылымда аквариумді экологиялық жүйенің қарапайым моделі деп қарап, ондағы топырақ пен судың құрамының өзгеруіне, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне бақылау жасап, ғылыми тұрғыда баға беруге болады. Сондай-ақ аквариумде биологиялық тепе-теңдік сақталады, тура табиғаттағыдай зат айналу процесі жүріп тұрады.

Аквариум балықтарының жүздеген түрі кездеседі. Олардың көбі сүйекті балықтар (мысалы, майшабақ, мормиро, тұқы, саргоно, алабұға, кефаль, т.б.).

Қазақстанның өзен-суларында тіршілік ететін сазан, қоңыржан, майшабақ, құйын балық, шортан, алабұға, мөңке, қызыл қанат шабақтарды аквариумда ұстауға болады. Аквариум балықтарын гибридтеу жұмыстарының нәтижесінде балықтардың көптеген жаңа тұқымдары шығарылды, соның негізінде генетикалық зерттеулер жүргізілді.

Ең кең тараған түрлері:
гуппилер;
семсерқұйрық;
неон балық;
данио;
зебра балық;
сотқар балық;
горамиллер;
хромис;
скалярия;
жайыншалар;
барбус;
кардинал;
алтын балық;
комета;
шілтеқұйрық;

Аквариум өсімдіктері
Аквариум өсімдіктері – аквариумда арнайы өсірілетін өсімдіктер. Аквариум өсімдіктері сәндік үшін ғана қызмет етпейді, ол сонымен бірге суды оттекпен қанықтырады. Жарық жақсы түсетін аквариумдардың тең жарымына өсімдік отырғызуға болады. Аквариум үшін түсі де, формасы да әр түрлі өсімдіктер іріктелініп алынады. Жапырағының түсі қоңыр жасыл, қызыл және қоңыр болып келетін ірі өсімдіктерді әдетте аквариумның бұрыш-бұрышына, ал ашық жасыл жапырақты өсімдіктерді жарық жақсы түсетін ортаңғы бөлегіне орналастырады. Аквариумның бөлмеге қараған қабырғасына іргелей өрнек жапырақты ұсақ өсімдіктер отырғызса, көзге әдемі көрінеді.

Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Қазақша Рефераттар жинағы, аквариум туралы реферат казакша, аквариум туралы реферат на казахском, скачать реферат про аквариум на казахском, аквариум туралы реферат қазақша, аквариум туралы реферат казакша, аквариум туралы реферат на казахском, скачать реферат про аквариум на казахском, аквариум туралы реферат қазақша, Қазақша реферат: Аквариум реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы