Қозғалыс траекториясы. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді сабақ жоспар

Сабақ: Ғылымға кіріспе

5 – бөлім. Табиғат физикасы:Күш және қозғалыс

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс траекториясы

Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И.

Сынып 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5- бөлім. Табиғат физикасы: Күш және қозғалыс

Күш пен қозғалыс

Сабақтың мақсаттары

1.5.1.1 Түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру.

1.1.2.1 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

Тілдік мақсаттар

қозғалу, итеру, тарту, жылдамдату, бәсеңдету, жайлату, бағытты өзгерту, тоқтату

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика, музыка, бейнелеу өнері.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Сабақтың ортасы

30 минут

(Ұ) Шаттық шеңбері

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!

Әр түрлі жануарлар мен төлдерінің суреттері.

(ОТ,Т) Балаларды топтарда жинап, оларға қозғалысты көрсетуді ұсыну.

А) құстар тобын

Ә) тау бұлағын

Б) пойызды

Балалармен бірге олар қандай қозғалысты көрсеткендерін, оларға қатысты қандай заттар қозғалғандығын талқылау.

(Ж) Оқушыларға қозғалып тұрған денелер бейнеленген суреттер тарату. Оларды бір-біріне қатысты қозғалып жатқаны, не тыныштық сақтауы бойынша орындарына қойып шығуға ұсыныс жасау. Қандай жағдайда олар тезірек қозғалады?

(Ө) Оқушылардан сүйікті жануарларының қимылын бейнелеуді сұрау. Содан кейін, оқушылардан қозғалыстың қандай мысалын бейнелегенін айтып беруді сұрау.

(Ұ) Дәптермен жұмыс

Заттар қалай қозғалады?

Домалайды, секіреді

Тайғанайды, серпіледі

Тайғанайды, ұшады

Секіреді, сырғанайды

Жүзеді, секіреді

Жүзеді, жүреді

(Тәж) Зерттеу.

Сен таңдаған заттар қалай қозғалады?

Фотография, суреттер, видео материалдар

Секундомер

Сабақтың соңы

2 минут

Қорытындылау

Бүгін не білдік?

Кері байланыс.

Бүгін не білдім?

Мен үшін қызықты болғаны

Әлі де түсініксіз...

Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылардан қозғалыс траектроиясын өз бетімен сызып,түсіндіре білуі күтіледі.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу