М.Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ : №3

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Махаббат және абырой

Сабақтың тақырыбы:

М.Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.1.3. 1 - көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

Сабақ мақсаты:

Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктей алады.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

Жалпы адамзат құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;
  • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет;
  • Өмір бойы білім алу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

География, ағылшын, орыс тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Әр түрлі сайттардан тақырыпқа қатысты мәліметтер беріледі

Бағалау критерийлері:

  • Кейіпкерлерге қатысты өзіндік көзқарас білдіреді
  • Жанама мен тура мінездеулерді ажыратады
  • Кейіпкерге мінездеме бере алады.

Тілдік мақсаттар:

Адамгершілік, мейірімділік

Дифференциация

Барлығы: Шығарма кейіпкерлеріне баға бере алады

Көбі:Кейіпкерлерге мінездеме бере алады

Кейбірі: Тура және жанама мінездеулерді ажырата алады

Осыған дейін меңгерілген білім

М.Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романынан үзінділер оқу.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

3 мин

10 мин

1-сабақ

Қызығушылықты ояту

Психологиялық ахуал орнату.

1. Сәрсенбайға молда қай кезде ескерту жасады?

2. Қалампыр Байжанмен құда болуға неліктен көне кетті?

3. Романдағы қысқа мерзімде ғана көрінетін жағымсыз жандар кімдер?

4. Сүйгеніне қосылған жандар бақытты болуға тиісті емес пе еді?

5. Жамал Жұманға неге күйеуге тиді?деген сұрақтарға жауап береді.

Топқа бөлу. Стиер бойынша топқа бөлу. Яғни 4 түсте берілетін стикерде 1,2,3,4 сандары жазылады. Оқушылар стикерді таңдайды және сондағы берілген сандар бойынша 4 топқа бөлінеді.

Үй жұмысын сұрау.

Сабақтың ортасы

15 мин

7 минут

Роман кейіпкерлеріне талдау:

1-топ - Романдағы Жамал бейнесі.

2-топ: Ғали бейнесі.

3-топ: Жұман бейнесі.

4-топ: Ескі психология адамдары.

Дәптерге жазған мінездемелерін оқиды.

1-тапсырма.

Шығармашылық жұмыс. (10 минуттық ойтолғау жазу)

«...әйел басындағы сасық тұман айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал қазақ мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе». 

М.Әуезовтің осы сөзін оқып, ойды орайластырып, шағын ойтолғау жазу.

(жазғандарын «Автор орындығы» әдісі бойынша ортаға шығып оқиды.)

Бағалау критерийі

Дескриптор

Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді

Кейіпкерлерге мінездеме бере алады

Шығармадағы кейіпкерлерді жіктей алады

Кейіпкерге хат жаза алады

Қалыптастырушы бағалау

2 - тапсырма

Берілген кейіпкерлерді өзінің мінезіне сәйкестендіріңіз:

Жамал Білімді, мәдениетті,

жаңаша киінген,сыпайы

Ғали Жамалдың әкесі, ескі психология адамы

Сәрсенбай Бай баласы, топас, нашар.

Жұман Ақылына көркі сай, Сәрсенбайдың

қызы.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді

Кейіпкерлер мінезін сәйкестендіре алады

Кейіпкерлерге мінездеме бере алады

Шығарма кейіпкерлеріне талдау жасай алады

Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс.

«Менің сабақтан кейінгі әсерім» әдісі.

Әр оқушыға төмендегідей кесте таратылады. Оқушылар өз ойларын жазады.

Сабақтан қандай пайда алдым?

Не сезіндім?

Үйге тапсырма беру

Өзіңізге ұнаған кейіпкерге қоятын сауалдарыңыз немесе тілектеріңіз болса, «Кейіпкерге хат» айдарына жазып келіңіз.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу