Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары №1
Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік –Кебек» дастаны | ||||||||
Оқу мақсаты | Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау. | ||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: Шығарманың жанрлық ерекшелігі мен сюжеттік желісін анықтайды. | ||||||||
Бағалау критерийі | Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желісін, эпилог, прологтарды анықтайды. | ||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар қолдана алады: Дастанның идеясы мен ерекшелігін түсінеді; Ауызша шығармада көтерілген мәселе мен сюжеттік желісі туралы ойларын айтады; Өз көзқарастарын жазылым жұмысында сюжет желісін сақтай отырып жеткізе алады. Пәндік лексика мен терминология: жанр,сюжет, эпилог, пролог, шариғат шырғалаңы, көзден таса болу, зораю, көз байлау. Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар: Менің ойымша... Менің байқауымша... Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын... Ойымды қорытындылай келе: | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Отбасылық құндылықтар, адамгершілік | ||||||||
Пәнаралық байланыс | «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» кезеңдері, тарих пәнімен байланыс болады. | ||||||||
Бастапқы білім | Алдыңғы сабақта оқушылар Мұрат Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңі бойынша шығарма идесы мен мазмұны, ондағы көтерілген мәселе туралы, көркемдік ерекшелігі туралы түсінік алып, тапсырмалар орындады. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||
Сабақтың басы 10 минут | 1.Миға шабуыл «Меморандум» әдісі Сынып оқушылары шеңбер жасап тұрады. Әрбір екінші тұрған оқушы «2 - 4 - 6 - 8» сандарын айтып бір қадам алға шығады, барлығы айтып болғаннан кейін ішкі және сыртқы шеңбер жасап топқа бірігеді. Бір топта 4 оқушы болуы керек. Әр топқа «Еңлік- Кебек» дастанының нұсқасы жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Интерактивті тақтадан қазақ халқының басынан өткерген «1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи қасіретті кезең туралы бейнежазба мен ( Youtube 20.10.14 Халық әні Елім - ай Kazakh folks) пен «Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік Кебек» поэмасының көркемдік ерекшелігі» тақырыбындағы мақаланұсқасы көрсетіледі. Топ мүшелері көргендері мен оқығандары жайлы пікір алмасады. Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында тапсырмалар бойынша мақсатты нәтижеге жету үшін бағалау критерийін жасайды.
| Youtube 20.10.14 Халық әні Елім - ай Kazakh folk s https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22518/ Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік Кебек» поэмасының көркемдік ерекшелігі | |||||||
Сабақтың ортасы 27 минут
| 2.Қызығушылығын ояту 1-тапсырма «Дойбы» тәсілі Әр үстелге дойбы тақтасы қойылады. Егер дойбы тақтасы жеткіліксіз болған жағдайда оны А3 форматты қатты қағазға сызып жасау қажет. Оқушылар үш-үштен екі топқа бөлінеді. Оқушылар дойбы тастарын қозғалту арқылы дастанға сатылай кешенді талдау жасайды. Бір оқушы сұрақты айтып дойбы тасын қозғалтады, екінші оқушы тасты жауап бере отырып жылжытады. Бір оқушы жүріс кезінде жауаптан тосылып қалса, екінші оқушы екі жүріс жасай алады.Үшінші оқушы олардың жауаптарын бағалау парағы бойынша тексеріп отырады. 1.Авторы: 2.Тақырыбы : 3.Жанр түрі : 4. Идеясы: 5.Шумақ: 6.Тармақ: 7.Бунақ: 8.Буын саны : 9.Ұйқас түрі: Мұғалім оқушылардың қабілеттері бойынша аралас отыруына бағыт беруі керек. 3. Мағынаны тану 2-тапсырма «Құптау белгісі» тәсілі Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар алдыңғы тапсырмадағы бөлінген топтарымен отырады. Оқушылар алдымен әңгіме алдындағы сөзді ( прологты): Өткен адам болады көзден таса,Өлді-өшті, оны ешкім ойламаса.Ол кетсе де белгісі жоғалмайды,Керектісін ескеріп, ұмытпаса... - ары қарай жалғастырып, өз көзқарасымен толықтырып айтады. Оқушылар ой жалғасын тапқаннан кейін «Құптау белгісі» тәсілі бойынша жырдың мазмұнын, идеясы мен тақырыбын жұппен анықтайды. Оқушылар ойларын дастан мазмұнына сай ретпен бір сөйлем арқылы жеткізеді. Тапсырманы орындағанда ойдың үзінді мазмұнына сай болуына ерекше мән беру қажет. Оқушылар үзінді мазмұнын қысқаша ретпен орындағаннан кейін топпен жырдың тақырыбын, идеясын анықтап, қорытынды ойын постерге түсіріп жазады. 3-тапсырма «Әңгіме кестесі -2» әдісі Оқушылар топқа «Қандай сурет» әдісі арқылы бөлінеді. Интерактивті тақтадан сұлу қыздың, батырдың суреті көрсетіледі. Оқушылар суреттің біреуін таңдап алады. Сол таңдаған суреттері арқылы топқа бірігеді. Бір топта төрт оқушы болуы керек. Топ мүшелері «Әңгіме кестесі -2» әдісі арқылы сюжет желісі бойынша Еңлік пен мен Кебектің монологын, шығарманың эпилогын құрастырады. Топ мүшелері алдымен рөлдерін бөліп алады. Дастан үзіндісіне сүйене бір оқушы Еңліктің, бір оқушы Кебектің монологын, бір оқушы дастанның эпилогын жазады, бір оқушы эксперт болады. Монологты жазып болғаннан кейін оқушылар жұмыстарын экспертке тексеруге береді. Барлық топтың тәуелсіз эксперттері жеке жиналады.Тәуелсіз эксперттер «Маған өз таңдауыңды жаса» әдісі негізінде жұмыстарды тексеріп, ішінен екі жұмысты таңдап алады. Эксперттер жұмысты тексеріп жатқан кезде топтағы басқа оқушыларға дастан үзіндісінің өздеріне ұнаған төрт жолын жаттау ұсынылады. Топ мүшелерінің таңдаған шумақтары басқа топтағы оқушылардың таңдауымен бірдей болмауы керектігі айтылады. Эксперттердің ішінен екі оқушы өздері таңдап алған жұмысты рөлге еніп сынып алдына шығып оқиды. Сабақтың қорытынды бөлігінде сынып оқушылары дастанның өздеріне ұнаған бөліктерін орындарында отырып, сағат тілі бойынша айналып жатқа айтады. Мұғалім топ мүшелерінің шығарма бөліктерін таңдау сәтінде шумақтардағы сюжет үндестігінің сақталуына бағыт береді. Сынып оқушылары шумақтарын жатқа айтқан айтқан кезде сюжеттік сабақтастық пен жүйелілік көрінуі керек. Қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз эксперт ретінде топ жұмысын бағалайды. 4. Бекіту 4-тапсырма «Белсенді оқушы» тәсілі Оқушылар интеллект картасын жасайды. Шығарма бойынша «уақытты, мезгілді, оқиға болған жерді» анықтайды. Оқушылар алдымен шығарманы жұпта дауыстап оқиды, одан кейін туындаған ойларын салыстырып талдайды, талқылап болғаннан кейін пікірлерін жинақтап шығарманың сюжеттік желісіне байланысты топпен интеллект карта құрады. Интеллект картасының құрылымын әр топ өздері таңдап алады. Әр топ әртүрлі (сызба, ағаш , торкөз т.б. түрінде болуы мүмкін) жеткізеді. Оқушы жұмыстары бағалау критерийлері арқылы сыныпта бағаланады. Бағалау критерийі топ мүшелеріне алдын ала үлестірме қағазға жазылып таратылады. Қабілеті жоғары оқушылар топ спикері болып сайланады, мұғалім спикерді өз тобындағы қабілеті орташа оқушыларға көмектесуге бағыттайды. 5.Салыстыру 5- тапсырма «Иә және Жоқ» тәсілі Оқушылар берілген анықтамаларды оқи отырып, жауаптарын «ИӘ және ЖОҚ» сөздерімен салыстырып нақтылайды.1. «Еңлік Кебек» дастаны тарихта Шыңғыстауда болған оқиға. 2. Олардың артында бесікте жылап жас сәби қалды. 3. «Еңлік-Кебек» дастанын Абай жазған. 4. «Еңлік-Кебек» дастаны Шәкәрім Құдайбердіұлының туындысы. 5. Кебек – батыр, намысшыл ер. 6.Еңлік- бас бостандығын аңсаған қазақ қызы. 7.Кебек – халқының тәуелсіздігін аңсаған батыр. 8. Еңлік –Кебекке кесене орнатылған. 9. «Еңлік –Кебек» - батырлар жыры. 6.Бағалау «Ойлан, тап» әдісі Оқушылар берілген сұрақтарға дастанның сюжеттік желісі арқылы жауап береді. Әр топтан бір оқушы топ спикері болып сайланады.
Қабілеті жоғары оқушылар топ спикері болады. Сұрақтарға топ спикері жауап береді.Топ мүшелері спикерлерді сабақтың басында өздері бірлесе жасаған бағалау критерийіне сай бағалайды. | Маркер, дойбы тақтасы, постер, интерактивті тақта | |||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс: « Егер болса...» Оқушылар «Егер болса..» әдісі арқылы төмендегі тіркестерді өз ойымен бекітіп, жалғастырып жазады.
| Стикерлер | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау | |||||||
Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау,топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың соңындағы «Әңгіме кестесі-2», «Белсенді оқушы», «Ойлан, тап» әдісінде қабілеті жоғары оқуышының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді. Қабілеті орта оқушылардың танымдық, сыни ойлау қабілеттірін жетілдіру «Құптау белгісі», «Иә және жоқ» тәсілдері кезінде жүзеге асырылады. | Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады. | Сынып бөлмесіндегі үстелдер мен орындықтар оқушылар бір-біріне бөгет жасамайтындай ыңғайланып қойылады. Тәуелсіз эксперттерге жеке орын дайындалады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?