алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 2-сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек» дастаны

Оқу мақсаты:Т/Ж2.Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып түсіндіреді.

Миға шабуыл : «Емтихан сұрақтары» әдісі

Бағалау критерийі:

1- тапсырма:«Кубизм» тәсілі

1- оқушы:Білу – оқиға алдындағы жағдай қалай берілген?

2-оқушы: Түсіну – дастанның идеясы не?

3-оқушы: Қолдану – шығармадағы оқиға желісінің дамуын ой картасына түсіріңдер.

4- оқушы: Анализ – Еңлік пен Кебек арасындағы диалогқа талдау жасаңдар.

5-оқушы: «Синтез- Еңлік пен Кебектің аяусыз жазалануының себебін дәлелде.

6-оқушы: «Бағалау- Дастанда заман сипаты қалай көрініс тапқан?

2-тапсырма :«Тоқта, хатшы мырза!»тәсілі

Сынып оқушылары алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады.

Топтағы екі оқушы дастан бойынша оқиғалы сценарий құрастырып жазады, белгіленген уақытта топтағы қалған екі оқушыны «Тоқта, хатшы мырза!» әдісі бойынша өз жұмыстарымен таныстырады.

Сценарий нұсқасымен топ мүшелері толық танысып болғаннан кейін жазғандарын келесі топқа көрсетеді.

Барлық топтар жұмыстарымен өзара алмасып, ең жақсы сценарийді таңдап алады.

Таңдап алынған сценарийді рөлге еніп көрсетеді.

3-тапсырма:

«Сіздің білгіңіз келетін сұрақтар» әдісі

Интерактивті тақтадан дастанның эпизодтық үзіндісі көрсетіледі.

Сынып оқушылары эпизодтарды өз қалаулары бойынша таңдап алады.

Сол таңдаған эпизодтар арқылы топқа бірігеді.

Бір топта төрт оқушы болуы керек. Бір оқушыны топ спикері етіп сайлайды.

Оқушылар бірінші топ ішінде өздерінің жеке ойларын айтады, екінші жұппен дастанның өздері таңдаған эпизодтары бойынша сұрақ құрастырады,үшінші топпен ой бөлісіп оқиға шешімін шығарады.

Топ мүшелері оқиға шешімін шығарғаннан кейін топ спикері сынып алдына шығып жұмыстарының қорытындысын айтады.

Бекіту

«Ұшқыр кілем» тәсілі

Оқушылар жұппен дастан үзінділеріндегі жер атаулары бойынша Еңлік пен Кебектің жүрген жерлерге болжау картасын сызады.

Бірінші жұп өз жұмысын екінші жұпқа көрсетеді.

Екі жұмыстан бір жұмысты таңдап алады.

Сызған карталарын сынып қабырғаларына апарып іледі.

Оқушы жұмыстары бағалау критерийлері арқылы сыныпта бағаланады. Бағалау критерийі топ мүшелеріне алдын ала үлестірме қағазға жазылып таратылады.

5. Салыстыру

5-тапсырма «Галарея» әдісі

Топтар «Галарея» әдісі бойынша бір-бірінің жұмысымен танысып, жұмыстарды салыстырады.

«Өте жақсы» жұмысқа жасыл, «жақсы» жұмысқа сары, «толықтыруды қажет ететін» жұмысқа қызыл стикер жапсырылады.

6. Бағалау

«Маған үш нәрсені айт» әдісі

Оқушылар алдыңғы тапсырма бойынша бөлінген үлкен топтан шағын топқа бөлінеді.

Бір топта үш адам болады.

Топ мүшелері «Маған үш нәрсені айт» әдісі бойынша «Еңлік- Кебек ғашықтық трагедия ма?», «Ру адамдары неліктен екі жасты өлімге бұйырды?», «Кебексіз қанатымды  қалай  жаям?!» тақырыптарын шығарма идеясы мен пафосындағы ұлттық мүдде тұрғысымен байланыстырып шағын топта талқылайды.

Топ мүшелері бірінші оқиға желісі бойынша тақырыптарды жұппен, екінші ойлары мен пікірлерін топ ішінде талдайды.

Топта үш тақырыпты біріктіріп тұтас оқиғалы әңгіме құрастырады да, әңгімелерін келесі топқа оқуға ұсынады.

Бағалау «Маған төрт нәрсені айт...»

Топ мүшелері тапсырмаларды:

«Біз бүгін білдік...»

«Біз жақсы меңгердік...»

«Топ жақсы меңгерді...»

«Біз 50 минут бұрын білмегенімізді білдік...» -деген кері байланыс парағы арқылы бағалайды.

Кері байланыс: «Сенің сұрақтарың...» кестесі


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨‍🎓 02.03.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы