Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 4-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 4
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 минут | 1.Миға шабуыл Тапсырма «Аквариум» әдісі арқылы орындалады. Тапсырманы орындау үшін мұғалім сыныптың ортасына оқушыларды өз қалауымен шығарады. Әр топтан екі оқушы шығады. Сыныптың ортасына 8 оқушыға арналған үстел мен орындық қойылады. Бұл оқушылар жазушының суреттеуі бойынша Еңлік пен Кебектің суретін салуы керек. Барлық оқушылардың қолдарына жазушы сипаттаған кейіпкерлер бейнесі жазылған үлестірме қағаз таратылады. Олардың міндеттері сурет салатын оқушылардың тапсырманы қалай орындап жатқанын бақылау. Оқушылар сынып бөлмесінде еркін жүріп, сурет салып жатқан оқушылардың жұмыстарына қарай алады. Белгіленген уақытта шығарма үзіндісі бойынша оқушылар кейіпкерлердің суретін аяқтайды да, басқа сыныптастары олардың жұмыстары жайлы өз ойларын, пікірлерін, ұсыныстарын айтады. Ең жақсы сурет тақтаға ілінеді. Оқушылар пікір алмасып болғаннан кейін мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында тапсырмалар бойынша мақсатты нәтижеге жету үшін бағалау критерийін жасайды.
| Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны , А4 қағаздары, маркер, фломастер, түрлі-түсті қарындаш, тірек сөздер жазылған үлестірме қағаздар, постер. | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 28 минут | 2.Қызығушылығын ояту 1-тапсырма «60 секунд» тәсілі Оқушылардың дастан үзіндісіндегі Еңлік бейнесін сипаттайтын жолдар арқылы мінездеме беруі үшін «60 секунд» тәсілі қолданылады. Оқушылар бірінші үзіндідегі Еңліктің әрекетін сипаттайтын жолдарды тауып дәптерлеріне жазады. Тапсырманың бұл кезеңі жеке орындалады. Уақыт аяқталғаннан кейін өз жұмыстарын жұбына көрсетіп бір- бірімен пікір алмасып, кейіпкер бейнесін сипаттайтын сөздерді топтастырады. Топтастырған сөздер арқылы Еңліктің сипаттама бейнесін суреттейтін сөз тіркестерін жазады. Сөз тіркестерінен сөйлем құрастырып, Еңлікке мінездеме береді. Дайындаған мінездемелерін «Әңгіме кестесі - 3» әдісі бойынша басқа жұппен алмастырып толықтырады. Бір оқушы үш оқушының Еңлікке жазған мінездемесін оқуы керек. Тапсырманың қорытындысында оқушылар әр оқушы өздері оқыған үш жұмыстан бір жұмысты таңдап алады. Таңдаған жұмыстарын сынып оқушыларына таныстырып, бағалауға тапсырады. Қабілеті жоғары оқушыға Еңліктің әрекетіне мінездеме беру үшін сұрақ құрастырады, деңгейі орта оқушы сұраққа жауап береді. 3. Мағынаны тану 2-тапсырма. «Кейіпке ену» әдісі Оқушыларға «дала», «еркіндік», «ауыл», «мінез-құлық» сөздері жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Оқушылар осы сөздер бойынша топқа бірігеді. Бір топта 4 оқушы болуы керек. Кебек пен Еңліктің мінез-құлқындағы ерекшелікті талдау үшін топтағы оқушылар «Кейіпке ену» әдісі бойынша рөлдерді бөліп алады. 1-оқушы: таныстырушы – Еңліктің Кебекті ең алғаш көргендегі мінез-құлқын дастанмен байланыстыра отырып жеткізеді. 2-оқушы:байланыстырушы - Кебектің Еңліктің сөзінен кейінгі мінез-құлқын дастанмен байланыстыра отырып сипаттайды. 3-оқушы:салыстырушы – Кебектің мінезін өмірдегі өзі білетін оқиғалармен салыстырады. 4-оқушы:суретші – Кебектің суретін шығармаға қарамай ойша салады. 4. Бекіту 3-тапсырма «Көршілер» әдісі Оқушылар шеңбер жасап отырады. Алдымен оқушылар «Шәкәрім туралы тың деректер» бейнежазылымын көреді. (https://www.youtube.com/watch?v=wQr7CzmN4SY .Содан кейін дастан үзіндісін бір минут іштен оқиды. Уақыт аяқталған кезде бірінші оқушы оқығаны мен көргенінен алған әсері жайлы жанындағы жұбына айтады. Ол оның ойын жазып алып, өз ойын бірінші оқушының ойымен байланыстырып келесі оқушыға айтады. Осылайша шеңбердегі оқушылар өз ойларын басқалардың ойларымен толықтырып айтып шығады. Барлық оқушы шеңбер бойынша айналып, пікір алмасқаннан кейін төрт топқа бірігеді. Оқушыларға қосымша «Образдың жасалу жолдары» мақаласы таратылады. Мақалаға сүйене отырып бірінші топ оқушылары дастандағы Еңліктің, екінші топ - Кебектің, үшінші топ - Нысан абыздың, төртінші топ - Көбейдің іс -әрекеті арқылы тұлғалық болмысын анықтап, «Кейіпкерлер кестесін» толтырады.
5.Салыстыру 4- тапсырма «Түстеу» әдісі Интерактивті тақтадан «шымбайына бату, іштей есеп қылу, сыр білдіру,махаббат, азаматтық, намыс» сөздері көрсетіледі. Сынып оқушылары сөздердің мағынасын ашып, ойларын айтады. Сөздердің мағынасын ашып талдағаннан кейін, сөздер бойына болжам тақырыптарын шығарады. Оқушылар төрт адамнан тұратын топқа бөлінеді. Топ мүшелеріне тапсырма нұсқасы таратылады. Оқушылар өздерінің болжам тақырыптарын тапсырма тақырыптармен салыстырып, болжамдарының дұрыстығын тексереді. «Түстеу» әдісі бойынша Еңлік мен Кебек бейнесін «Атым Кебек дегенде жалт қарады...», «Жасы бала болса да, жаны отты...» тақырыптарына сәйкестендіріп, олардың бойындағы ерекшелікті салыстырып анықтайды. Екі бейнені салыстыру құрылымын әр топ мүшелер өздері ойлап табады. Топтардың бейнелерді салыстырып жеткізуі бір-біріне ұқсамауы керек. Салыстыру диаграмма , кластер, карта түрінде болуы мүмкін. 6.Бағалау 5-тапсырма Топ мүшелері ойларын постерге түсіріп, сынып алдына шығып, өз жұмыстарын қорғайды. Постер бойынша жұмыстарын қорғағаннан кейін оқушылар өз жұмыстарын кестедегі сұрақтарға жауап бере отырып бағалайды.
Топ мүшелері кестені екінші топтың спикеріне тапсырады. Әр топтың спикерлері жеке үстелдерге отырып, сабақ барысындағы тапсырмаларға бағалау критерийі бойынша сараптама жасап, нәтижесін шығарады. Мұғалім топ спикерлеріне қабілеті жоғары оқушыларды бағыттайды. | «Көркем образ» мақала «Образдың жасалу жолдары» реферат «Шәкәрім туралы тың деректер» бейнежазылым https://www.youtube.com/watch?v=wQr7CzmN4SY youtube.com 16.09.14 Шәкәрім туралы тың деректер | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5минут | Кері байланыс: Оқушылар «Білу қажет» кестесі бойынша кері байланыс парағын толтырып, мұғалімге тапсырады.
| Бағалау парағы | |||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау | |||||||||||||||||||||||
Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы «60 секунд» тәсілі, «Аквариум»,«Түстеу» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді. Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «60 секунд» тәсілі, «Кейіпке ену» әдісі кезінде жағдай жасалады. | Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады. | Мұғалім үстелдердің топтық, жұптық жұмыс кезінде оқушылардың еркін қозғалып, бірінің жұмысын екіншісі анық көретіндей етіп қойылуын қадағалауы керек. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?