Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 15-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: № 15

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Б/С 8.3.3. 1 - шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу;

Сабақ мақсаты:

шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өмір бойы білім алу.
  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
  • Шығармашылық.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

слайд

Бағалау критерийі:

шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: өлең, жоғалған сөздер; сөйлесу, білу, ғибрат алу; көркемдік-идеялық құндылық, эссе т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, менің байқауымша; өз пікіріме дәлелдер келтірер болсам; оның мынадай себептері бар; ойымды қорытындылай келе т.б.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

«Жоғалған сөздер» тәсілі

Мұғалім интерактивті тақтадан өлеңнен үзінділер көрсетеді. Оқушылар үзінділеріндегі «жоғалған сөздерді» тауып жазады.

  • Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік______________________ жан табалық.Білімді сол кісіден ізденелік!«Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік.«______________________ өнер үйрет,Ақылыңды аяма бізге» делік.Тапқан іске таласпай, шын көнелік!Жұртқа күлкі болмалық, жөнделелік!Арамдықпен, алдаумен күн өткізбей,________________________________!Бұл Абай _______________________Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.Тегін білсең –аласың, бос береді,Тұстасынан ешкім жоқ мұны тапқан.Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,____________________ ойға алалық.Надандықтан еліріп босқа жүрсек,Мына заман көрсетер бізге тарлық!
  • Оқушылар «жоғалған сөздердің» мағынасын анықтайды.

Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.

Топқа бөлу

https://www.zharar.com/kz/olen/2301-shakarim_jastar.html

Сабақтың ортасы

6-12 мин

13-19 мин

20-30+5 мин

Мағынаны тану

1-тапсырма Ж. «Жолаушының қойын дәптері»

  • қадам: Оқушыларға 3 бөліктен тұратын кестені сызып, бірінші бөлікке сабақта не туралы сөйлескенін, екінші бөлікке не туралы білгенін, үшінші бөлікке қандай ғибрат алғанын жазады.

Не туралы

сөйлестім?

Не туралы білдім?

Өлеңнен қандай ғибрат алдым?

2-қадам: Кестеге жазғанын жұбына оқиды, бір – бірінің жауаптарын тыңдап, ой бөліседі.

2- тапсырма ТЖ.

 «Домино»

Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылады. Топтағы бірінші оқушы шығарманың көркемдік-идеялық құндылығы бойынша оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады.

 Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс құрастырған топ жеңіске жетеді.

3- тапсырма Ж.,ЖЖ.

Оқушылар шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, ұсынылған тақырыптардың біріне әдеби эссе жазады.

Тақырыптар:

  • «Жастарға» өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы ойыңызды талдап жазыңыз. 
  • «Жастарға» өлеңіндегі ақынның ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын талдап жазыңыз. 

Дескриптор:

  • 1 . Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды;
  • 2. Өз пікіріне нақты дәлелдер келтіреді;
  • 3. Әдеби эссеге қойылатын талаптарды сақтайды.

Қалыптастырушы бағалау.

Оқушылар жұбымен бір-бірінің жұмысын оқып танысып, комментарий жазады.

  • Өлеңнің көркемдік-идеялық құндылығы эсседе қалай ашылған?
  • Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап көрсете алған ба?
  • Эссе авторы өз ой-пікірін, жеке көзқарасын қаншалықты шығармашылықпен жеткізе білді?

Сабақтың соңы

36-40 мин

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Оқушылар «Қызығушылықты ояту» сатысында «Жауабыңды маған көрсет» тәсілі арқылы

өлең үзінділеріндегі «жоғалған сөздерді» тауып жазып, өздерінің есте сақтау қабілеттерін тексереді, «жоғалған сөздердің» мағынасын анықтайды. «Жолаушының қойын дәптері» тапсырмасы бойынша сабақта не туралы сөйлескені, не туралы білгені, қандай ғибрат алғанын еске түсіру; шығарманың көркемдік-идеялық құндылығы бойынша сұрақ-жауап жазып жауаптасу арқылы «домино» қиындыларын құрастырып эссе жазу үшін ойын жинақтайды.Бұл жұмыстар қабілетті оқушыны қанаттандырса, қабілеті төмен оқушының өзіне деген сенімін арттырады.

.

Оқушылар сабақ барысында әр тапсырма барысында оқушылар материалды меңгеру деңгейіне қарай бір-бірін ауызша бағаласа, эссе жұмысын бағалау критерийі бойынша жүзеге асырылады.

«Жауабыңды маған көрсет», «Домино» тапсырмалары кезінде жауап беру барысында оқушылар басқалардың пікірін тыңдап, құрметтеулері тиіс. Эссе жазу кезінде оқушылардың бір-біріне бөгет жасамаулары қадағаланады.

Осы сабақ барысында:

  • Өмір бойы білім алу.
  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
  • Шығармашылық. сияқты НЗМ құндылықтарын дамытуға мүмкіндік бар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу