Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 18-сабақ.
http://presidentlibrary.kz/kk/news/ruhani-zhangyru-mngilik-el-alyptary-zhobasy-shkrim-kudayberdiuly
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» ЖОБАСЫ.
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
12.07.2018
11 шілдеде қазақ әдебиетінің классигі, ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы дауылпаз ақын, ғұлама ойшыл, аудармашы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылдың 11 шілдесінде Семей облысына қарасты Шыңғыс тауының бөктеріндегі Кеңбұлақта дүниеге келген. Әкесінен жастай жетім қалған ол, немере ағасы Абайдың қолында тәрбиеленеді. Әділдіктің ақ туын желбіретіп, шындықтың шынарындай болған Құнанбай қажы ауылында ержеткен Шәкәрім Абай мектебінен өтеді. Білім-ғылымның қадір-қасиетін терең түсінген ол Абай ағасының ақыл-кеңесімен 14-15 жасында өлеңге ден қояды. Осылайша ол табиғат туралы толғап, жақсылық пен жамандықты жырлай бастайды.
Семейде жүрген кезінде Шәкәрім орыс музыкантынан сырнай мен скрипкада ойнауды, шарманка тартуды үйренеді. Сондай-ақ ол сурет салу өнерін де меңгереді. Оған қоса, түрлі тастармен жұмыс істеп, киім де пішіп, ағаштан сырнай мен домбыра да жасаған. Жүйрік ат пен бүркіт баптап, саяттықты да серік еткен.
Шәкәрім 1898 жылға қарай қырық жасқа таянған шағында шығармашылықпен шұғылдана бастайды. Іздену жолында батыс пен шығыс әдебиеттерін зерттейді. Осы уақтта ол Хафиз, Физули, Навои сияқты шығыстың ақындары мен ойшылдарының мұрасымен, сонымен қатар Д.Г. Байрон, А.С. Пушкин, Л.Н. Толстойдың шығармаларымен танысты. Әдебиет, тарих, философия, музыка, риторика, география мен жаратылыстану ғылымдарына да ерекше қызығушылық танытты. Шәкәрім өмірінің есею жылдарында қалыптасқан қасиеттерінің бірі – өз бетімен білім өрісін кеңейтіп, араб, түрік, парсы, орыс тілдерін меңгеруі. Ғылым мен білімге толық берілген ол адамдармен танысып-білісу үшін көп саяхаттайды. 1903 жылы Императорлық географиялық орыс қоғамының Батыс Сібір бөлімі Cемей бөлімшесінің мүшесі болып қабылданады.
1905-1906 жылдары ол Мекке, Ыстамбұл, Египетке барып, кітапханаларында жұмыс істейді. Сонда жүріп пошта арқылы Семейге кітаптар жіберіп тұрған. Шәкәрім өмірінің соңғы кезеңі 1905-1907 жылдардағы революцияға, Столыпин реакциясына, Бірінші дүниежүзілік соғысқа, 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысқа, ақпан және қазан айындағы төңкерістерге, азаматтық соғысқа, кеңес билігінің күштеп ұжымдастыруына сәйкес келді.
Шәкәрім Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастарда орын алған көптеген маңызды оқиғалар мен өзгерістердің куәгері болды. Ол «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысына қатысты. 1920-1921 жылдар мен 1930-1931 жылдар аралығындағы ашаршылықтың ауыр зардабы, 1928 жылдағы жаппай тәркілеу – бұл бүкіл ақынның дүниетанымына әсер етті.
Дала данасына айналған Шәкәрімнің соңғы күндері көптеген құпияларға толы болды. Ақынның еркін шығармашылықпен айналысуына айналасындағылар мүмкіндік бермеді. Табиғат тыныштығы аясында өмір сүруге бел байлаған ол Шақпан мекенінде оңаша тұрады. Кейбіреулер бұл өмірдің тұрақсыздығынан арылуға деген ұмтылыспен байланысты десе, басқалары, сөзсіз, қасіретке ұшырағандықтан, өзінің жақын адамдарын қорғауды қалайды деп пайымдайды. Шәкәрім туысқандарына қиындық тудырмау үшін жыраққа кетеді.
«Қажымайтын кәрілік жеңгенше» бүкіл шаруаны өзі істеп, оңаша жүрген қарт Шәкәрім туралы «ол бандиттермен сыбайлас», «ол қажылықты орындады – демек, діни фанат», «ол алашордалықтар қатарына сырттай қосылды – демек, жаңа үкіметтің қарсыласы» «халықтың жауы» деп жала жабады. 1931 жылдың 2 қазанында Шәкәрім кінәсіз сотталып, жасырын түрде атылды. Ақынның денесі құр құдықта көмусіз отыз жылдай жатады.
Билік ақынның кітаптарын, қолжазбаларын, жеке отбасылық фотосуреттерін еске түсіруге болатын нәрсені бәрін жойды. Тума талант әрі ғалым көп жылдар бойы ұмыт қалды.
1930 жылы қанқұйлы жендеттер Шәкәрімнің ғана емес, оның ұлдарының да соңына түседі. Олардың көбісі әкелерінің алдынада қайтыс болды. 1927 жылы Ғафур деген ұлы тұтқындалып, Қарауыл маңындағы лагерьге жіберіледі. Тағы бір ұлы – Қабыш та ұсталып, екеуі де жұмбақ жағдайда көз жұмады.
Шәкәрім ең болмағанда бір баласын құтқарғысы кеп, 1931 жылдың 1 қазанында кенже ұлы Зиятты отбасымен Қытайға жібереді. Шекараға да қарамаған жауыз жендеттер оларды қолға түсіреді. Ресми деректер бойынша, 1931 жылы тұтқындалған ұлы, 1935 жылы із-түзсіз жоғалады.
Тағдырдың таңғажайып сырымен Шәкәрімнің Ахат атты ұлы аман қалады. Темірторға 1929 жылы тоғытылған ол абақтыдағы азапқа шыдай алмай 1931, 1932, 1937 жылдары өз-өзіне қол жұмсауға әркеттенеді. Көрер жарығы болғандықтан, он жылдан кейін бостандыққа шығады. Шыға сала әкесін ақтау үшін қарекет қылады. Соның нәтижесінде 1958 жылы КСРО-ның бас прокурорынан «Шәкәрім Құдайбердіұлының атына кір келтірген деректер жоқтығынан ақталғаны» туралы хат алады.
Арада 30 жыл өткен соң 1961 жылғы 8 тамызда Шәкәрімнің сүйегі мұсылман әдет-ғұрпына сәйкес туған ұлы Ахат Құдайбердиевтің жеріне көшірілді. Шәкәрім Абай кесенесінің жанына жерленген.
Шәкәрімнің шығармашылығы әртүрлі кеңістікте ерекшеленеді. XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басындағы Оның мол мұрасының мазмұны мен жанрлық түрлері, бағыт-бағдарлары мен әдіс-өрнектері ақынның өмірді шынайы суреттеуінен көрініс табады.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақтың айнасы», «Қалқаман-Мамыр» және «Еңлік-Кебек» өлеңдер жинағы шықты. 1913-1924 жж. «Абай», «Айқап», «Шолпан» журналдарында , «Қазақ» газетінде өлеңдер, мақалалар, очерктері жарияланды. «Абай» және «Шолпан» журналдарында Хафиз бен Физулиге жасаған аудармалары және «Ләйлі мен Мәжнүн» поэмасы жарық көрді. Пушкиннің «Дубровский» және «Боран» өлең түріндегі аудармасы 1936 жылы Алматыда «Әдебиет майданы» журналында басылды.
1911 жылы Орынборда жарық көрген «Шежіре» кітабы халық арасында танымал болды. Оның тарихи маңыздылығы әлі күнге дейін сақталған.
Шәкәрім философиялық трактаттарында Батыс философтарының, Платон, Демокрит, Камилль, Херберт Спенсер және басқалардың да философиялық ойларын жеткізді.
Ол өз уақытында әлеуметтік мәселелерімен айналысып, әділетті өмір салты туралы армандады. Зорлық-зомбылықсыз билікті аңсады. Шәкәрім адам үшін ең маңызды ғылым - бұл ар-ұждан ғылымы екеніне сенімді болды. Және бұл ғылымды балалық шағынан үйретіп, үйретуге болатыны айтты. Шәкәрімнің философиялық бағыттағы еңбектері – «Мұсылмандар», «Шежіре» (1911), «Үш анық» қолжазбасы.
Жарты ғасырдан астам уақыттан бері оның туындыларына тыйым салынған. 1958 жылы ақынның КСРО прокуратурасы тарапынан жалған жалған айыптарын жойғаннан кейін де, бюрократиялық қысым күшейді.
Оның есімі мен шығармашылығына көптеген жылдар бойы тыйым салынғанына қарамастан, 1988 жылдың сәуір айында «Ақын Шәкәрімнің шығармашылық мұрасы туралы» Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің қаулысы шықты. Көптеген адамдар Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығына, оның көп қырлы шығармашылығына арналған материалдарға қол жеткізе алатын болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің кітапханасында - Елбасы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптардың бірнеше данасы сақталған. 2006 жылы Президент Н.Ә. Назарбаевтың алғысөзімен «Аманат» журналының кітапханасының сериясымен басылып шыққан «Жол табалық ақылмен» деген Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалар жинағы жарық көрді.
Абай өзінің қара сөзінде : «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар-мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым-ғой демектің бәрі-ақымақтық» деген. Шәкәрім де сондай дара тұлға боп қала бермек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?