Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 18-сабақ.


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ

“ЕҢЛІК-КЕБЕК” ДАСТАНЫ

ОҚУ МАҚСАТЫ:

8.А/И1. Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

САБАҚ МАҚСАТЫ:

Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

“Иә” мен “Жоқ” ЖЖ.

1-тапсырма ТЖ. “Постерге саламын”

Шығарманың композициялық құрылымы: әр бөлігіндегі кейіпкерлер, олардың әрекеттері мен оқиғаларды постер түрінде ұсыну керек.

Постер талаптары:

Постер мазмұнды болуы керек;

Шығарма бөлігіндегі оқиғалар негізге алынуы шарт;

Шығарма бөлігіндегі кейіпкерлер әрекеті айқын болуы тиіс;

Постер эстетикалық талғамға сай болуы қажет.

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

2-тапсырма ТЖ. “Кейс – стади”

1-жағдаят. Дастанда Кебек Нысан абызға бал аштырады. Өз тағдырының немен аяқталатынын біле тұра, Еңліктен бас тартпайды.

Сұрақ: Бұл Кебектің өз тағдырына немқұрайлы қарағандығы ма немесе ғашықтық сезімнің күштілігі ме, әлде өзіне деген сенімі зор болғанынан ба?

2-жағдаят. Еңлік бірінші рет көріп отырған жігітке өз тағдырын сеніп тапсырады.

Сұрақ: Бұл «Қызға қырық үйден тыйым» деген ата дәстүрімізге қайшы емес пе, әлде Еңліктің лажсыздығынан туындаған шешім бе?

3-жағдаят. Бірін-бірі қалтқысыз құлай сүйген Еңлік пен Кебек тәуекелге бел буып, қашып кетті. Кебек беделді рудан болғандықтан, өз туыстарына сенді.

Сұрақ: Қазақта «қыз алып қашу», «даулы жағдайда бітімге келу» деген бұрыннан бар. Еңлік пен Кебектің тағдырын шешуде неліктен екі жақтың ру басылары аяусыз қаталдық танытты?

3- тапсырма ЖЖ.,ТЖ. “ПОПС формуласы

Естіп, біліп, көз көріп, ойға салмақ,

Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ.

Қызықпақ, не жек көрмек, жиіркенбек,

Бастан кешкен әр істен белгі қалмақ.

 

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына факт, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім .... ».

Кері байланыс ЖЖ. “Бір сөзбен”

12 сөз ішінен өзіңіздің бүгінгі сабақтағы жай-күйіңізді сипаттайтындай 3 сөзді таңдап, сабақтан алған әсеріңізді сол сөздермен байланыстырып айтыңыз.

Төзімсіздік

Ашу

Қуаныш

Немқұрайлылық

Қанағаттану

Шабыт

Зерігу

Алаңдау

Тыныштық

Сенімділік

Сенімсіздік



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу