Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 19-сабақ.


М.Әуезовтің «Еңлік- кебек» спектакліне сілтеме:

https://yandex.kz/video/search?filmId

http://megamozg.kz/index.php?id=970&page=view_mat&partition=other&subpartition=articles_kazakh

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ҚҰРЫЛЫМЫ

Кіріспе  Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Абай мектебінің үздік өкілі, ақын, жазушы, философ, тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық өмірбаяны жайында көптеген зерттеу еңбектері мен мақалалар жарияланды. Артына «Үш анық» секілді терең философиялық толғау, «Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі» атты тарихи мұра қалдырған ғұламаның шығармалары теңдесі жоқ ұлттық игілік.  Ақынның әдеби мұрасы әр қырынан қарастырылып, зерттелу үстінде. Бұл орайда М.О.Әуезов, М.Бөжеев, Қ.Мұхамедханов, Ш.Сәтбаева, Р.Нұрғали, З.Ахметов, Р.Бердібаев, Н.Ғабдуллин, З.Қабдолов, Ғ.Есім, Ш.Елеукенов, М.Мағауин т.б. зерттеушілер еңбегі ерекше елеулі.

  Шәкәрімнің шығармашылық өмірбаяны бүгінде зерттеу еңбектерінің нысанасына айналып, жаңа кезеңнің дәстүрлі үрдісі ретінде көрініс беріп отыр. Шәкәрім поэзиясының қоғамдық өмір мен табиғат құбылыстарын көркем оймен қабылдаудағы және жеткізудегі көркемдік танымы мен тарихилығы өзара тереңнен тамырласып жатқан тақырыптық-идеялық, эстетикалық, философиялық ізденістері мен даму жолдары, стильдік, тілдік, бейнелеу амал-тәсілдері, ақындық өрнектерінің  қалыптасуы жайында зерттеу жүргізу – қазақ әдебиеттану ғылымындағы көкейкесті мәселе.   Шәкәрім - өзінің жарты ғасырдан астам уақытқа созылған шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Төңкеріске дейін, яғни 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан Шәкәрімнің «Қазақ айнасы», «Қалқаман - Мамыр», «Жолсыз жаза, яки кез болған іс», «Еңлік - Кебек» атты кітаптары жарыққа шығады. Ақынның жекелеген шығармалары сол кездегі қазақ баспасөзінде жарияланды. Шәкәрімнің Физулиден аударған «Ләйлі – Мәжнүн» дастаны Ташкенттегі «Шолпан» журналының 1922-1923 жылғы бірнеше санында басылды. Одан кейін бұл поэма С.Сейфуллиннің бастыруымен 1935 жылы Алматыда «Ләйлі – Мәжнүн» деген атпен жарияланды. А.С.Пушкиннен аударған «Дубровский» әңгімесі жеке кітап болып басылды. Бұл әңгіме 1935 жылы орыс ақынының қазақ тіліндегі таңдамалы өлеңдерінің жинағына енді. А.С.Пушкиннің Шәкәрім аударған «Боранын» Б.Кенжебаев 1936 жылы «Әдебиет майданы» журналының 2-ші санында жариялады. Ақынның бір топ өлеңдері 1978 жылы Ленинградта шыққан М.Мағауин құрастырған «Поэты Казахстана» жинағында жарияланды.  Осындай мол мұра қалдырған Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығы көркемдік құралдарды қолдану амал-тәсілдері жағынан талдауды қажет етеді.   «Ақын ана тілінің образдық, суретшілдік қуатын сұңғылалықпен сезініп, ішкі мүмкіндіктерін, ішкі ағыс-астарларын, қыртыс-қабаттарын мейлінше молынан аша алған. Оның интеллектуалдық мәдениеті, өнерпаздық қабілеті, өмірлік, көркемдік тәжірибесі, ересен ғылыми ізденістері – поэзияда жаңашылдық рухқа, өшпес өрнектерге, сан қилы сирек кестелерге бой ұруына, әрі соншалықты құпия, күрделі тоқылуға бейімдеді.

 Сондықтан да өлең-жырларында қисынды логикалық сөйлемдермен қатар, әдеттен, дағдыдан тыс мағыналық жағынан түсінуге ауыр сөйлемдер мен сөздер, символикалар, жұмбақ аллюзиялар мен метафоралық мәні ала-бөтен сөз-образдар шаш етектен», - дейді С.Негимов [1, 272-б]. Сондықтан Шәкәрімнің сөз қолданысындағы көркемдік шеберлігін зерттеу жұмысымыздың басты нысанасы болмақ.

https://massaget.kz/blogs/11404

«ЕҢЛІК – КЕБЕК». ПЬЕСА ТАРИХЫ

Бір күні: «Абайдың баласы Тұрағұл үлкен қызы Ақиланы Оразбайдың баласы Саниязға ұзатады. Шілде айында үлкен той жасамақ», – деген хабар қожаның ауылына келіп жетті. Мұхтардың осы кезде «Еңлік – Кебек» атты пьесасын жазып болған кезі еді. Бұл хабарды естігеннен кейін Мұхтар Ізкәйіл, Сірәйіл, Жебеш, Мүбәрак, Ақкенже, өз туысы Ахмет пен басқаларын үйге шақырып алып: «Мына Тұраш ағамның ең үлкен қызын ұзатқалы отырған тойына біз, жастар, ең үлкен бір сый көрсетелік. Оразбайдың ауылынан келген құда-құдағилар бір таңғалып кетсін. Бұл сый не десеңдер, мен «Еңлік – Кебек» пьесасын жазып бітірдім, осыны тойға арнап қоялық», – деп еді, Ізкәйіл: «Мұхтар-ау, мұндай пьесалар орыстың сахналарында ғана қойылмаушы ме еді, біз ойнаушыларға киімді, гримді және басқаларын қайдан табамыз?» – деді. Бұған Мұхтар: «Ол жағынан сендер саспаңдар. Осы «Еңлік – Кебекті» ең алдымен елге қоямын деп бірнеше пьесадағы ойнаушыларға керек нәрсені қаладан өзім ала келдім. Ал киімдерді ауылдан-ақ тауып аламыз», – деп, ойнаушыларды белгілей бастады. Еңлік рөлін ойнайтын қыз табылмады, сондықтан оны Ахмет ойнайтын болды.    

Мұхтар ойнаушылардың барлығын жинап алды да, «Еңлік – Кебек» пьесасын оқып берді. Жиырма күндей оларға репетицияны өзі жүргізді. Құдалар келіп, той басталды. Ат жарысы, күрес, лақ тарту, ат үстінде жерден теңге алу ойындары болды, тарқар алдында Мұхтар және басқалары алты қанатты үш үйді қатар тіккізіп, бір-бір керегелерін алғызып тастады да, төбесіне туырлық салғызды. Сөйтіп, сахнада ойнаушылардың үйін түгел киізбен жапқызып, үлкен шымылдық құрғызды. Бұл алты қанатты үш үйден 200 адамдық үлкен зал шықты, керегелердің арасынан көруге де мүмкіншілік болды. Ел әбден жиналып болғаннан кейін Мұхтар екі сандықты бірінің үстіне бірін қойып үстіне шықты да, жиналғандарға қоятын ойындары «Еңлік – Кебек» пьесасы жөнінде түсінік берді. Ойын басталды. Мұхтардың өзі суфлер болып отыр. Әр шымылдық жабылған сайын оның өзі елге түсінік беруде: ойын сондай қызықты болды білем, кейбір шал-кемпірлердің жылап жіберген кездері көп кездесті. Спектакль біткеннен кейін келген адамдар Мұхтарға барып: «Қарағым, өркенің өссін. Қалай ойлап таптың? Біз «Еңлік – Кебектің» хиссасын естігеніміз болмаса, тап осындай көзіміздің алдына елестеп көрінеді деген жоқ едік. Арманда кеткен марқұмдарды бұлай көрсеткеніңе үлкен рақмет. Шынында, сол кезде біздің Тобықтыда сондай жан аямастық болғаны рас», – деп Мұхтарды орталарынан жібермей көп ұстады. Той біткеннен кейін Мұхтар 1916 жылы айттырып қойған қалыңдығы Райханға бармақшы болды. Сөйтіп, бес-алты жолдасымен Шыңғыстың ар жағын жайлаған Кәкен ауылына барып бірнеше күн жатып, елге келгеннен кейін қайтадан Семейге жүріп кетті. Бұл 1918 жыл. Мамыр айының аяқ кезінде Разақ Семейге кісі жіберіп, жазғы каникулға шыққан Мұхтарды ауылға алдырды. Біраз демалып, жолдастарымен әбден көңілін көтергеннен кейін бір күні Мұхтарды шақырып алып: «Қарағым, сен келердің алдында мен Кәкен ауылына барып келісіп қайттым. Өзіңмен бірге баратын жолдастарыңды дайында, барлық ырымын мен әзірлеп қойдым. Енді барып келінді алып келу керек», – деп еді, Мұхтар қарсылық жасаған жоқ.

Разақ басында құда түскендегі 30 түйе қалың малды екі жылдың ішінде түгелімен беріп болған. Мұхтар өзінің замандасы, домбырашы, әнші, скрипкашы Сірәйіл мен Ізкәйілді ертіп бір топ адаммен келіншегін алып келуге жүріп кетті. Разақ маңайындағы елдердің барлығына хабар беріп, оншақты үй тіккізіп, басы туа бие, екі-үш тай, семіз еркек қойларды атап, үлкен дайындық жасап жатыр. Мұхтар қайын жұртында жолдастарымен бір жұма жатып, қазақтың ырымы бойынша барлық әдетін істеп, келіншегі Райханды құда-құдағилармен алып келердің алдында Өмірзақты алдын-ала елге жіберіп, Разаққа хабар бергізді. Әбден дайындалып отырған Разақ құдалардың келетін күнін тосып отырып, көш жерден алдарынан топты еркек, әйелдерді жіберіп қарсы алды. Сөйтіп, ол жалғыз інісі Мұхтардың үйленгеніне үлкен той жасап, ат шаптырып, көкпар беріп, күрес жасап, бірнеше күннен кейін құдаларды риза етіп аттандырды.

 Үйленгеннен кейін Мұхтар бұл жолы жылдағыдай Семейге ерте кетіп қалмай, сабақ басталар кезде ғана жүріп кетті. 1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басы ақ бандылардың қашып жатқан кезі болатын. Бұл уақытта Мұхтар Семей губисполкомінде секретарь болып істеп жүрді де, осы жағдаймен ол қаңтар айында болатын қысқы каникулға келе алмады. Қытай жаққа қашып бара жатқан ақ бандылар біздің ауылдың және басқалардың үстімен өткенде елдің мазасын алып жүрді. Олар ауылға тобымен түсе қалып, малға беретін шөпті, жемді, аттарына шашып салып, қысқа дайындаған еттерін қазан-қазанға асып бүлдіріп кетті. 1919 жылдың ақпан айында Мұхтар сырқаттанып ауылға келіп жетті. Бұл кезде ақ бандылардың саябырси бастаған кезі еді. Сонда да қыста қолда ұстайтын 2-3 атты ауылдан 4-5 шақырым жердегі жардың төбесін жауып, қалың қарағанның ішіне жасырып ұстайтынбыз. Осы кезде ауылға келген Мұхтар таңертең және кешкі мезгілде далада біраз жүріп келеді де, күні бойы жазу жазып, кітап оқып отыратын болды.

«Мұхтар Әуезов туралы естеліктер» кітабынан  



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу