Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 22-сабақ.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
“ЕҢЛІК-КЕБЕК” ДАСТАНЫ
ОҚУ МАҚСАТЫ:
8.Б/С3. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
САБАҚ МАҚСАТЫ:
Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.
“Галереяда ой шарлау”
1-тапсырма Ж. “Сюжеттік кесте”
2-тапсырма ТЖ. “Идеялық тізбек”
1. Шығармадағы оқиғалар тізбегін еске түсіріңіздер.
2. Дастан авторы оқырманға қандай идеялық құндылықты жеткізгісі келді?
3. Өзіңізді бір сәт ақынның орнына қойып көріңіз: оқиғалар тізбегінен қандай жағымсыз жағдаяттарды алып тастар едіңіз, тағы қандай оқиғалар қосқан болар едіңіз?
4. Шығармадағы адами құндылықтар қаншалықты шынайы көрсетілген? Шәкәрім гуманизмі неде?
5. Дастаннан алынған ақпаратқа толық логикалық қорытынды жасаңыз: ақынның шығармашылық табысы неде?
6. Ақынның жақсылыққа ұмтылысы, халық атынан сөйлей алатын оптимистігі, болашаққа сенімі, терең ойшылдығына баға беріңіздер.
3- тапсырма Ж.
Ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, әдеби эссе жазыңыз:
«Еңлік-Кебек» дастанында Кебектің азаматтық тұлғасын сомдаудағы автордың суреткерлік ерекшелігін талдап жазыңыз.
«Еңлік-Кебек» дастанындағы ақынның шынайы достық, адалдық, махаббатқа деген көзқарасын талдап жазыңыз.
Автордың характер жасаудағы шеберлігін Еңлік бейнесі арқылы дәлелдеп жазыңыз.
КЕРІ БАЙЛАНЫС
Әдеби эссе тақырыбын аша алдым деп ойлаймын,
эссе тақырыбын ашуыма ... ... ... ... ... ... ... ... көмектесті.
Әдеби эссе тақырыбын толық аша алмадым,
дегенмен ...
Әдеби эссе тақырыбын аша алмадым, оның ... ... ... ... ... ... себептері болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?