Қоршаған орта. Айтылым сабағы. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
|
| |||||||||||||||||
|
| |||||||||||||||||
|
|
| ||||||||||||||||
Бөлім атауы | Қоршаған орта. Айтылым сабағы. | |||||||||||||||||
Жүзеге асатын оқу мақсаттары | 8.1.6.1 коммуникатив тік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: тақырыпқа сай сөздерді қолданып, өз ойын жеткізе алады. Көптеген оқушылар: тақырыпқа сай көркем сөздерді қолданады, ойын әсерлі жеткізеді. Кейбір оқушылар: қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, мәселені жан-жақты талдай алады және бағалауда нақтылық көрсетеді. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Тақырыпқа сай көркем сөздерді орынды қолданады, ойын әсерлі жеткізеді. | |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тірек сөздер: менің ойымша, себебі, қорытындылай келе, қорықтар, биоалуантүрлілік, жойылу қаупі, жер жаннаты, саф алтындай, аң-құстар, сары дала, іс-шаралар жоспары. | |||||||||||||||||
Осыған дейінгі меңгерілген білім | Қорықтар туралы мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты тауып, өмірлік жағдаяттармен байланыстырады. | |||||||||||||||||
Құндылықтар |
| |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | География, биология, әдебиет, өзін-өзі тану. | |||||||||||||||||
АКТ дағдыларын дамыту | Сабақ таныстырылымы | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс – әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут 7 минут | Оқу мақсаты мен жетістік критерийлері таныстырылады. Сөздік жұмысы. Айтылымға дайындық. «Графикалық органайзер» әдісі негізінде ұйымдастырылады. Оқушылар сөздер мен сөз тіркестерін синонимдер келтіру арқылы түсініп, жұпта талқылайды. Сөздерді қолданып, мысалдар келтіреді.
Қызығушылықты ояту. Оқушыларға тақырып бойынша ой салу және қажетті ақпаратты алу үшін келесі сілтемеден видеоны көрсету ұсынылады. Оқушылар екі рет тыңдап, өзіне қажетті ақпаратты жазып алады. Видео туралы өз ойларымен бөліседі. | Слайд «Графикалық органайзер» онлайн-сөздік https://www.youtube.com/watch?v=uo4RZeHvaHU Табиғатты қорғайық, аялайық! | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 2 минут 15 минут 10 минут | Жеке-жұптық-топтық жұмыс. «Табиғатты ластаудың зиянды жақтары қандай?» деген сұраққа жауапты «Төрт сөйлем» әдісі бойынша жауап беру ұсынылады. Оқушылар берілген тірек сөздер мен сөз тіркестерін қажетінше қолданады. «Төрт сөйлем» әдісі. Бірінші сөйлем. "Менің ойымша, ..."Екінші сөйлем. "Себебі, мен оны былай түсіндіремін ..."Үшінші сөйлем. "Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ... "Төртінші сөйлем. "Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... ". Тірек сөздер: қорықтар, биоалуантүрлілік, жойылу қаупі, жер жаннаты, саф алтындай, аң-құстар, сары дала, іс-шаралар жоспары.
Оқушылар дескрипторлар бойынша бір-бірін бағалайды. «Бос микрофон» әдісі. Әр топ ең үздік деген ойды таңдап, микрофонға ұсынады.Ойларын дәлелдер келтіре отырып жеткізеді. Сұрақ-жауап жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді. | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5минут | Рефлексия Сен бүгінгі сабақта не істей алдың? Саған не қиын болды? Сенің қандай сұрағың бар? | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс | ||||||||||||||||
Барлық оқушылар: тура мағынадағы сөздерді қолданып, өз ойын жеткізе алады. Көптеген оқушылар: тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданады, ойын әсерлі жеткізеді. Кейбір оқушылар: қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, мәселені жан-жақты талдай алады және бағалауда нақтылық көрсетеді. | Сабақта дескрипторларға негізделген жүйеде бағаланады.
| География, биология, әдебиет, өзін-өзі тану пәндерімен байланысты. Сабақта таныстырылым көрсету үшін қолданылады. | ||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды