Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 2 сабақ.
Ғарышты зерттеудің маңыздылығы
Оқу мақсаты
Т/А 6. Сөйлеу мәдениетін дамыту
Коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу
Талқылау сұрағы
1. Оқу мақсаты түсінікті ме?
2. Оқу мақсатына жету үшін қандай қадамдар жасаймыз.
3. Оқу мақсатында қарамен ерекшелеп көрсеткен сөзге назар аударыңыздар, ол нені білдіреді?
4. Оқу мақсатына жету үшін қандай бағалау критерийі көмекке келеді? Неге
Бағалау критерийі:
1. Жағдаятқа сай ғылыми, халықаралық, ғылыми дерекерді орынды қолданады
2. Полилогта өз ойына дәлел келтіреді
3. Айтылым барысында ойын жүйелі жеткізеді
Топқа бөлу
Суреттер сөйлейді
Суреттеріңіздің ғарышты игеру мәселесімен қандай байланысы бар?
Сурет не дейді?
Дайындыққа 1 минут беріледі.
Тыңдалым алды тапсырмасы
Суреттеріңіз бен ғарышты игеру мәселелсін байланыстыру үшін тақырыпқа сай ғылыми, халықаралық терминдер және ғылыми деректерді жазып шығыңыздар.
Сіздерге 1 минут беріледі.
1 минутта көп терми жазған топ жеңімпаз атанады.
Ал, кеттік!
Бағалау критерийі:
1. Тақырыпқа сай ғылыми, халықаралық және ғылыми деректерді жазады
Бағалау. «Оқушылардың қошеметі» әдісі.
Тыңдалым тапсырмасы
https://www.youtube.com/watch?v=xhmh71XlQS4Айдын Айымбетов ғарышта бірнеше ғылыми тәжірибе жүргізеді. ХАБАР NEWS«Түртіп алу» стратегиясы
Тапсырма.
1. Тыңдалым мәтінінен ғылми терминді, халықаралық терминді және ғылыми деректерді түртіп алыңыз.
1. Полилог деген не?
2. Полилогтың негізгі мақсаты қандай?3. Полилогта қандай жағдайларға жол берілмейді?4. Полилогта қандай тіркестер жиі қолданылады?1-2 -топ «Ғарышты зерттеу - экономиканы жақсартудың бір жолы» тақырыбында полилогқа қатысады.
1-топ келісемін
2-топ келіспеймін
3-4-топтар «Ғарышты зерттеудің экология саласында маңызы зор» тақырыбында полилогқа қатысады.
3-топ келісемін
4-топ келіспеймін
5-6- топтар «Африкада қардың жаууы, Арктикада күннің ысуы сияқты ауа райының құбылмалы болуы ғарышты игеруден болған жағдай» тақырыбында полилогқа қатысады
5-топ келісемін
6-топ келіспеймін
Бағалау критерийі.
1. Полилогта ғылыми, халықаралық, ғылыми деректерді орынды қолданады
2. Ойына дәлелдер келтіреді
3. Сөйлеу барысында ойын жүйелі жеткізеді
Топаралық бағалау. «Дауыс беру» әдісі.
Кері байланыс
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
«Өте қысқа мәтін» әдісі
«Біздер жер бетінде жүргенде жер ананың шеті мен шегі жоқ кең дүние деп елестетеміз ғой. Ал ғарыштан қарағанда жердің тұңғиық кеңістік тұрған қорғансыз планеталардың бірі екенін байқайсың. Ғарыш кемесінің иллюминаторынан қарағанда жершарын аялаудың қаншалықты маңызы зор екенін түсіндім.»
Ғарышкердің ойын дамытып жазыңыз.
Жазу барысында ғылыми, халықаралық терминдер, ғылыми деректерді қолдан отырып жазыңыз.
Мәтінді жазуға 5минут беріледі
Бағалау критерийі:
1. Ғылыми,халықаралық терминдер мен ғылыми деректерді орынды қолданады
2. Берілген ойды дамытып жазады.
3. Мәтін құрылымын сақтайды.
Өзін-өзі бағалу.
Ғылыми терминдерді қолдана алдым
Халықаралық терминдерді қолдандым
Ғылыми деректерді келтірдім
Ойымды дамытып жаза алдым
Мәтін құрылымын сақтадым
Кері байланыс.
Рефлексия
Оқу мақсатына жеттіңіз бе?
Оқу мақсатына жетуде сізге не көмектесті?
Оқу мақсатына жетуде бағалау критерийі көмектесті ме?
Қай тапсырманы орындауда қиындықтар туды? Неге?
Үйге тапсырма: ғылыми және публицистикалық стильдің ерекшеліктерін қайталап келу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?