Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 8 сабақ.
Ғарышты игеру жетістіктері
Сөз тіркесінің байланысу түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестері
Оқу мақсаты
8.4.4.1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану
Бағалау критерийі:
1. Сөз тіркестерінің етістікті, есімді түрлерін ажыратады
2. Сөз тіркесінің түрлерін анықтайды
3. Ойларын баяндап айтуда сөз тіркесінің түрлерін қолданады
Топқа бөлу. «ЖАЛАУШАЛАР» әдісі.
«Ертегі әлемінде» әдісі
Көріністер, ұшқыш-самолет, Алладин, Жасмин,су, жұлдыз, ай,түн, жер, аққан жұлдыз, құс жолы, ауа райы, егін.
1. Сөздерге қарап, тақырып ойлаңыздар.
2. Сөздерді қолданып, тақырыпты ашатын сөз тіркестерін жасаңыздар. Мысалы, құпия көріністер немесе көріністерге тап болды
3. Сөз тіркестерін екіге бөліңіздер: сөз тіркесінің екінші сыңары есімнен болғандарды бір бөлек, сөз тіркесінің екінші сыңары етістіктен болған сөз тіркестерін бір бөлек топтастырыңыз.
4. Екі топқа бөлген сөз тіркесіне анықтама шығарыңыз.
Ойқозғау.
1. Үйден алып келген ақпараттарыңызды қолданып, постер жасаңыздар. Орындау уақыты - 3 минут.Таныстырылым уақыты - 2минут. Топтық жұмыс болғандықтан және уақыт өте аз берілгендіктен барынша жұмылып, тез оырндағандарыңыз жөн. Постерде сөйлем көп болмау керек. Негізгі ойлар суретпен не бір сөзбен, сөз тіркесімен беруге болады.
1-топ Қиысу, Қабысу.
2-топ. Матасу,
3- топ. Меңгеру
2. 4- топ. Жанасу. Ал, сәттілік!
Әдеби тіл нормалары алды тапсырмасы
1. Сабақтың басында құрастырған сөз тіркестерін түрлеріне қарай ажыратыңыз, топтастырып жазыңыз.
2. Сөз тіркесінің жоғары жағына есімді не етістікті тіркес екенін «ес», «ет» шартты белгісі арқылы көрсетіңіз.
Бағалау критерийі:
1. Сөз тіркесінің байланыс түрлерін ажыратады
2. Есімді, етістікті тіркес түрін көрсетеді
Жұпаралық бағалау
Жұптар жұмыстарыңызды бір бірімен алмастырып, тексеріп шығыңыздар.
Жауап дұрыс болса жасыл жалаушаны көтеріңіз
Қателері бар болса, қызыл жалаушаны көтеріңіз.
Кері байланыс.
Ойды жинақтау.
«Қобдишадағы сұрақтар» әдісі.1. Сөз тіркесінің байланысу түрі нешеу, тәсілі нешеу?
2. Қиысу деген не?
3. Матасу қалай жасалды?
4. Матасудың ерекшелігі неде?
5. Меңгеру деген не?
6. Табыс септігімен байланысатын сөз тіркесінің ерекшелігін айтыңыз
7. Жанасу қалай жасалды?
8. Жанасудың орын тәртібі қандай?
9. Қабысу деген не?
Әдеби тіл нормалары тапсырмасы.
Тапсырма.
1. Тобыңызға берілген сөз тіркесінің түрі мен ғарышты байланыстырып, «Ғарыш» тақырыбында қиял-ғажайып әңгіме құрастырыңыздар. Сөз тіркесінің түрі әңгімеңіздің кейіпкері бола алады.
2. Әңгіме құрастыруда тобыңызға берілген сөз тіркесінің түріне қатысты сөз тіркестерін жиі қолданыңыздар.
3. Әңгімені таныстыру уақыты 3 минут, сондықтан әңгімелеу мәтінінің мазмұны 3 минутқа сыйдырыңыздар.
Бағалау критерийі:
1. Сөз тіркесінің түрлерін әңгімелеуде қолданады
2. Қиял-ғажайыптың элементтерін қолданады
3. Әңгімені логикалық байланыспен жеткізеді.
Топаралық бағалау.
Топтағы екі оқушы сөз тіркесінің түрлерін қолдану бойынша өз бақылауын жүргізеді, яғни сөз тіркесінің қандай түрлерін қолданғанын айтады.
Топтағы келесі екі оқушы әңгімедегі қолданылған қиял-ғажайып элементтерін бақылайды
Келесі екі оқушы әңгіменің логикалық байланысын бақылайды. Топты бағалау кезінде бақылағаныңыз бойынша пікір айтыңыз.
Кері байланыс.
1. Не жақсы болды?
2. Нені жақсарту керек?
3. Қалай жақсартамыз?
Әдеби тіл нормаларынан кейінгі тапсырма
« Сонымен,...» әдісі.
Тапсырманы дәптерге жеке орындаңыз. Ойыңызды жинақтап, қорытынды жазыңыз.
Сонымен, сөз тіркесі дегеніміз...
Есімді, етістікті тіркестер..
Сөз тіркесінің жасалу түрлері (қандай? не үшін қолданамыз?) ....
Бағалау критерийі:
1. Сөз тіркесі туралы түсінік береді
2. Есімді, етістікті сөз тіркесінің ерекшелігін көрсетеді
3. Сөз тіркесінің жасалу түрлерін ажыратады
4. Сөз тіркесінің сөйлемдегі қолданысына түсінік береді.
Үй тапсырмасы:
« Ғылыми-зерттеу және ғарышты барлаудың, ең алдымен, тәжірибеде маңызы зор. Мысалы, қазір біздің қолданысымыздағы қауіпсіз спутниктік теледидар, радио,ауа райы болжамдары, спутниктік әскери болып табылатын барлау және одан да көп мысалдар келтіруге болады. Бірақ, өкінішке орай, зерттеулер нәтижесінде, зымырантасымалдағыштар мен басқа да құрылғылардың ұшыру санының күрт артуы, сондай-ақ олармен байланысты мәселелердің салдары жер экологиясының бұзылуына әкеледі.» деп басталатын баяндама жазыңыз. Сөз саны 200-250 сөз.
Бағалау критерийі:
Баяндама құрылымын сақтайды
Тақырыпты ашуда дәлелдер келтіреді
Сөз тіркесінің байланысу түрі мен тәсілін қолданады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды