Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қазақ тілі 8Т1

Пән:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:

  • Бөлім

4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері

Оқу бағдарламасына сілтеме

ӘТН4.1.Грамматикалық норма

Оқу мақсаттары

8.4.4.1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану

Бағалау критерийі

  • Сөз тіркестерінің етістікті, есімді түрлерін ажыратады
  • Сөз тіркесінің түрлерін анықтайды
  • Ойларын баяндап айтуда сөз тіркесінің түрлерін қолданады

Құндылықтар

Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. Топтық жұмыстың нәтижесінде өз білімін жетілдіреді.

Тілдік мақсаттар

Сөздер мен сөз тіркестер: ғарышты игеру жетістіктеріне байланысты өзіндік көзқарасын білдіруде ғарышқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Пән лексикасы және терминология: ғарыш, ғарыштың жетістіктері, ғарышкерлер, зымыран, Байқоңыр ұшыру айлағыт.с.с

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Біздің пікірімізше......

Себебі....

Бұған дәлел......

Қорыта айтқанда,....

Пәнаралық байланыс

Физика, астрономия,өзін-өзі тану, тарих сабақтарымен байланыс

Алдыңғы білім

Үлкен мәтіндерді қысқартып, жинақы мәтін жазды.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу. «ЖАЛАУШАЛАР» әдісі.

( 4 түсті жалауша)

Жалаушаның түсіне қарай топтастыру.

Сабақтың мақсатын, бағалау критерийін таныстыру, сынып болып талқылау.

Қызығушылықты ояту

«Ертегі әлемінде» әдісі

Көріністер, ұшқыш-самолет, Алладин, Жасмин,су, жұлдыз, ай,түн, жер, аққан жұлдыз, құс жолы, ауа райы, егін.

  • Сөздерге қарап, тақырып ойлаңыздар.
  • Сөздерді қолданып, тақырыпты ашатын сөз тіркестерін жасаңыздар. Мысалы, құпия көріністер немесе көріністерге тап болды
  • Сөз тіркестерін екіге бөліңіздер: сөз тіркесінің екінші сыңары есімнен болғандарды бір бөлек, сөз тіркесінің екінші сыңары етістіктен болған сөз тіркестерін бір бөлек топтастырыңыз.
  • Екі топқа бөлген сөз тіркесіне анықтама шығарыңыз.

Оқушылар берілген сөздерге қарап, тақырып шығарады. Тақырыпты ашатын сөз тіркестерін жасайды. Жасаған сөз тіркестерін екіге бөліп, анықтама шығарады.

https://www.google.kz/search?

Суреттер google.kz сайтынан алынды

Сабақтың ортасы

10 мин

15 мин

5 мин

Мағынаны ажырату

Ойқозғау.

Т

  • Үйден алып келген ақпараттарыңызды қолданып, постер жасаңыздар. Орындау уақыты - 3 минут.Таныстырылым уақыты - 2минут Топтық жұмыс болғандықта, және уақыт өте аз берілгендіктен барынша жұмылып, тез оырндағандарыңыз жөн. Постерде сөйлем көп болмау керек. Негізгі ойлар суретпен не бір сөзбен, сөз тіркесімен беруге болады. 1-топ Қиысу, Қабысу. 2-топ. Матасу,

3- топ. Меңгеру

  • 4- топ. Жанасу. Ал, сәттілік!

Әдеби тіл нормалары алды тапсырмасы

ЖЖ

Тапсырманы оқушылар жұпта орындайды.

  • Сабақтың басында құрастырған сөз тіркестерінің түрлеріне ажыратыңыз, топтастырып жазыңыз.
  • Сөз тіркесінің жоғары жағына есімді не етістікті тіркес екенін «ес», «ет» шартты белгісі арқылы көрсетіңіз.

Қиысу

Матасу

Меңгеру

Жанасу

Қабысу

Бағалау критерийі:

  • Сөз тіркесінің байланыс түрлерін ажыратады
  • Есімді, етістікті тіркес түрін көрсетеді

Жұпаралық бағалау.

Жұптар жұмыстарын бір бірімен алмастырады тексеріп шығады. Жауап дұрыс болса жасыл жалаушаны көтереді, қателері бар болса, қызыл жалаушаны көтереді. Қызыл жалаушамен бағаланған оқушылардың жұмысына кері байланыс беріледі.

Ойды жинақтау.

«Қобдишадағы сұрақтар» әдісі.

Сыныпты аралап жүріп, оқушыларға қобдишадан сұрақтар алуды ұсыну. Оқушылар сұраққа жауап береді, жауап бере алмаса, көрші отырған оқушы жауап береді.

  • Сөз тіркесінің байланысу түрі нешеу, тәсілі нешеу?
  • Қиысу деген не?
  • Матасу қалай жасалды?
  • Матасудың ерекшелігі неде?
  • Меңгеру деген не?
  • Табыс септігімен байланысатын сөз тіркесінің ерекшелігін айтыңыз
  • Жанасу қалай жасалды?
  • Жанасудың орын тәртібі қандай?
  • Қабысу деген не?

Әдеби тіл нормаларының тапсырмасы.

ҚБ

Т

Оқушылар топта сабақ басында құастырған сөз тіркестерін қолданып, «Ғарыш » тақырыбында қиял-ғажайып әңгіме құрастырады.

Тапсырма.

  • Тобыңызға берілген сөз тіркесінің түрі мен ғарышты байланыстырып, «Ғарыш» тақырыбында қиял-ғажайып әңгіме құрастырыңыздар. Сөз тіркесінің түрі әңгімеңіздің кейіпкері бола алады.
  • Әңгіме құрастыруда тобыңызға берілген сөз тіркесінің түріне қатысты сөз тіркестерін жиі қолданыңыздар.
  • Әңгімені таныстыру уақыты 3 минут, сондықтан әңгімелеу мәтінінің мазмұны 3 минутқа сыйдырыңыздар.

Бағалау критерийі:

  • Сөз тіркесінің түрлерін әңгімелеуде қолданады
  • Қиял-ғажайыптың элементтерін қолданады
  • Әңгімені логикалық байланыспен жеткізеді.

Топаралық бағалау.

Топтар бір-бірін бағалау үшін топ ішінде өздерінің рөлдерін бөліп алады.Топтағы екі оқушы сөз тіркесінің түрлерін қолдану бойынша өз бақылауын жүргізеді, яғни сөз тіркесінің қандай түрлерін қолданғанын айтады. Топтағы келесі екі оқушы әңгімедегі қолданылған қиял-ғажайып элементтерін бақылайды, келесі екі оқушы әңгіменің логикалық байланысын бақылайды. Топты бағалау кезінде бақылағаны бойынша пікірін айтады.

Кері байланыс.

  • Не жақсы болды?
  • Нені жақсарту керек?
  • Қалай жақсартамыз?

Әдеби тіл нормаларынан кейінгі тапсырма

Ж

« Сонымен,...» әдісі.

Оқушы тапсырманы дәптерге жеке орындайды. Ойын жинақтап, қорытынды жазады.

Сонымен, сөз тіркесі дегеніміз...

Есімді, етістікті тіркестер..

Сөз тіркесінің жасалу түрлері (қандай? не үшін қолданамыз?) ....

Бағалау критерийі:

  • Сөз тіркесі туралы түсінік береді
  • Есімді, етістікті сөз тіркесінің ерекшелігін көрсетеді
  • Сөз тіркесінің жасалу түрлерін ажыратады
  • Сөз тіркесінің сөйлемдегі қолданысына түсінік береді.

Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырмасы:

« Ғылыми-зерттеу және ғарышты барлаудың, ең алдымен, тәжірибеде маңызы зор. Мысалы, қазір біздің қолданысымыздағы қауіпсіз спутниктік теледидар, радио,ауа райы болжамдары, спутниктік әскери болып табылатын барлау және одан да көп мысалдар келтіруге болады. Бірақ, өкінішке орай, зерттеулер нәтижесінде, зымырантасымалдағыштар мен басқа да құрылғылардың ұшыру санының күрт артуы, сондай-ақ олармен байланысты мәселелердің салдары жер экологиясының бұзылуына әкеледі.» деп басталатын баяндама жазыңыз.Сөз саны 200-250 сөз.

Жазбаша/ауызша кері байланыс

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу