Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Қазақ тілі, 7 сынып, қалыптастырушы бағалау. 11 сабақ.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:
ОБ сілтеме: Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту
Оқу мақсаты: Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.
Тапсырма:
«Майдангер хаттары» деген тақырыпта арнайы дайындалған бейнесюжетті көреді.
Бейнесюжет мазмұнына сай топтар «ПОПС» формуласы
бойынша мәтінді қысқаша мазмұндайды, соған байланысты көзқарасын, себебін білдіреді және дәлелдейді.
«ПОПС» формуласы
П-позиция(көзқарас)
О-обоснование(негіз) ПОПС
П-пример(мысал)
С-суждение(пікір)
Тапсырма:
«Майдандағы жауынгер» бейнесіне еніп, монолог немесе диалог құрады. Оқушылар өздерін майдан шебінде жүрген солдат ретінде елестетіп орындауы керек. Монолог және диалог мәтінінде көркем сөз қолданыстары, эмоционалды-экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер болуы шарт.
Бағалау критерийлері:
- көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсінеді
- диалог, пікірталаста еркін қолданады
- өз пікірін сауатты жеткізеді.
Дескрипторлар:
- өз жұмысында көркем бейнелеуіш сөздерге кемінде 5 мысал келтірді;
- диалог, пікірталаста мақал – мәтелдерді мазмұнға сай, еркін қолданды;
- өз пікірін дәлелді жеткізді
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды